Реферат Тақырыбы: Микроэкологияның негіздері. Микробтық паразиттің эволюциясы және қоздырғыштардың пайда болуы


Патогенді микроорганизмдер құрылысы, эволюциялық даму барысы



бет2/4
Дата20.10.2022
өлшемі122.47 Kb.
#463048
түріРеферат
1   2   3   4
Микробиология СРС Рахымжанова Қ.Н. ЖМҚА-208а

Патогенді микроорганизмдер құрылысы, эволюциялық даму барысы
Прокариоттар — Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы — 1—10 мкм. Прокариоттардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жаксы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптаскан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сакина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне катысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді. Бактериялар көп жағдайда клетка қабықшасын жоғалтатыны мәлім. Фирмакутты бактериялардың клетка қабықшасын литикалық ферменттер (лизоцим) н\е пенициллин арқылы оңай бұзуға болатын болса, грациликаттарға липазамин, трипсинмен ж\е этилендиаминтетрацетатпен (ЭДТА) қосымша әсер ету керек. Клетка қабықшасы бұзылғаннан кейінгі мембранамен қоршалған клетка құрылысын протопласт д.а., ал егер де клетка қабықшасының белгілі бөлігі сақталып қалса, онда оны сферопласт д.а. Протопластар фирмакуттарда, ал сферопластар грациликуттарда пайда болады. Протопластар мен сферопластар бастапқы клеткадан 3-10 есе ірі болады. Олар клетка ішіндегі осмостық қысым теңескен жағдайда ғана өсе алады, мысалы, маннит н\е сахарозаның концентрациясы 0,1-1,0 М болғанда сферопластар мен протопластар бастапқы жағдайда орлуы н\е лизистелуі мүмкін. L- пішінді түрлері (б) алғаш рет Англияда Листер институтында бөлініп алынды, сол себеппен олар институт атының алғашқы әрпімен байланыстырып аталды. Бұндай пішіндер қолайлы жағдайда метаболиттік белсенділікке ж\е көбею қабілетіне ие болады. 
Олар тығыз қоректік орталарда колония түзіп, агарға ене отыра, шалқасынан жатқан қалпақ тәрізді пішінде болып, жақсы өседі. Клеткасының қабықшасы болмағандықтан, олардың белгілі бір пішіні болмайды ж\е бір колонияда,көбінесе, әр түрлі пішінді клеткалары кездеседі. Олардың қасиеттеріне тоқталсақ: репродукцияға қабілетті, 0,2-1,0 мкм аралығындағы элементарлы денелер; дөңгелек, шар тәріздес н\е 1-5 мкм-ге тең дұрыс (дұрыс емес), әр қилы пішінді денелер; 5-50мкм-ге тең үлкен денелер; жіпше тәріздес; белгілі бір құрылысы жоқ денелер түрінде болады. L- пішінді бактериялар табиғи жағдайда да пайда болады. Көптеген патогенді бактериялар ауруға шалдыққан адам мүшелерінде L- пішінді түрде кездеседі. Олар клетка қабықшасына әсер ететін агенттерге, мысалы: пенициллинге сезімталдығын жоғалтады. Сондықтан да L- пішінге көшуді бактериялардың қолайсыз жағдайда өмір сүру әдісі ретінде қарастыруға болады. Муреин қабатының сақталуы кезеңінде де, муреин құрылысының бұзылуы мүмкін. Ондай жағдайда бактерияның өсуіне, бөлініп көбеюіне зақым келтіріледі, бұрыс пішінді (инволюциялық н\е гетероморфты) клеткалар: алмұрт пішінді, колбаса тәріздес иілген клеткалар п.б. Мұндай пішіндер бастапқы клеткаға қайта айналады (реверсияланады) н\е тіршілігін жоғалтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет