Микроорганизмдердің физика химиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері.
Физика: Микроорганизмдерге ылғалдық әсері. Микроорганизм-дер клеткаларының 85%-тейі су. Сондықтан олардың тіршілік әрекеті ылғалды жерде ғана жүреді. Көптеген қоректік заттарды микробтар клеткасы тек ертінді күйінде ғана сіңіре алады. Ылғал әсіресе, микроорганизмдер клет-касы бөлінгенде және көбейгенде қажет. Кейбір микроор-ганизмдер ылғалдың тапшылығына қарамастан тіршілік ете береді. Ал микроорганизмдердің кайсыбір топтары құрғақ жерде бірнеше жылдар бойы тіршілік қабілетін жоймайды. Бактериялар және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар спораларының тіршілігі ұзақ уақыт бойы сақталады. Бірақ құрғақ жерде өніп-өсе алмайды. Бактериялар мен ашытқы саңырауқұлақтардың тіршілігі ортаның ылғалдылығы 20—30%, зең саңырауқұлақтарының тіршілігі —15—20% болғанда тоқталады. Бұл олардың клеткаларының copy күшінің көптігін көрсетеді.
Микроорганизмдер тіршілігіне суда еріген қосылыстар концентрациясының әсері. Микроорганизмдер тіршілігіне суда еріген қосылыстар концентрациясы едәуір әсер етеді. Мұндай заттар аз болса, гипотоникалык ертінді деп атайды. Ортада заттар концент-рациясы қолайлы дәрежеде болса, олар жақсы өніп-өседі. Ал заттар концентрациясы артса, ортаның осмостық қысымы да артады, сөйтіп микроорганизмдер тіршілігі ба-яулайды. Жоғары осмостық қысымдағы ерітінділерді ги-пертоникалық ертінді деп атайды. Осындай жағдайда микробтар клеткасындағы ылғал сыртқы ортаға ауысып кетіп, клетка сусызданады да, протопласт жиырылып қалады. Бұл құблысты плазмолиз деп атайды. Ал ортада осмостық қысым тым аз болса, ылғал клеткаға еніп, оны жарып жіберуі ықтимал. Бұл жағдайда плазмомптиз құбылысы байқалады. Грам оң бактериялардың клеткасындағы осмостық қысым 3-106 ПА, ал Грам терістерінде 4∙105 - 8∙105 ПА. Сонда осмостық қысымы тым жоғары ертіндіде (9∙106-107 ПА), яғни ас тұзының концентрациясы 15—20 проценттей болғанда тек бактериялар емес басқа да организмдер тіршілігіне қауіп төнеді. Табиғатта едәуір осмостық қысымда тіршілік ете алатын микроорганизмдер кездеседі. Мәселен, Aspergillus және Penicillum туысына жататын организмдер жоғары осмостық қысымға төзімді келеді. Кейбір микроорганизмдер ас тұзының жоғары концентрациясына бейімді. Олар галофильді организм-дер, яғни тұздың жоғары концентрациясын "сүйгіштер". Құрғатылған микроорганизмдер белсенді әрекет етпегенімен, тіршілігін ұзақ уақыт сақтай алады. Спора түзбейтін таяқша бактерияларды кептіргенде барлығы дерлік қырылып қалмайды.
Химия: Химиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері. Түрлі химиялық заттар әр түрлі микроорганизмдерге түрліше әсер етеді.
Мәселен, ішшде шіріту бактериялары бар суға алдын ала пептон заты бар шыны капилляр түтікті малса, бірнеше секундтан кейін осы араға бактериялардың барлығы жиналады. Мұндай қүбылысты оң хемотаксис деп атайды. Бұдан басқа теріс хемотаксис болуы мүмкін. Мұнда керісінше, бактериялар жаңағы зат толтырылған капилляр түтігі малынған жерден қашықтап кетеді. Пептон, минерал түздар және фосфор қышқылы тұздары ортада өте аз мөлшерде болса, әдетте оң хемотаксис реакциясын көрсетеді. Ал қышқылдардан сілтілер мен спирттердің әоерінен кеп бактериялар теріс хемотаксис реакциясын көрсетеді.
Орта реакциясы. Химиялық факторлардың ішінде орта реакциясының айта қаларлықтай маңызы бар. Шынында ортаның қышқылдығы немесе сілтілігі ерітіндідегі бос күйінде кездесетін сутегінің жәие гидроксил иондарының концентрациясына байланысты. Соларға байланысты клеткадағы ферменттердің әсері де өзгереді, зат алмасу процесі де тұрақты болмайды.
Микроорганизмдер белгілі дәрежедегі қышқыл немесе сілтілі ортада көбейіп, дами алады. Көптеген бактериялар үшін ең қолайлы орта — нейтральды немесе шамалы сілтілі, ал зең саңырауқұлақтары мен ашытқы саңырауқұлақтар үшін — шамалы қышқылды орта қолайлы болып есептеледі. Әдетте, ортаның реакциясы рН Фаңбасымен белгіленеді. рН жетіге жетпегенде қышқылды, ал одан артқанда сзлтілі болады. Микроорганизмдердің әр түрлерінің қан-дай ортада жақсы дами алатынын мына таблицадан байқауға болады (5-таблица).
Егерде ортаньщ реакциясы оптимальды болмаса, бактериялардың тіршілігі де тежеледі. Мәселен, сүрлемдегі сүт қышқылы бактериялары ашу барысында ортаны қышқылдандырады. Бұл
5-таблица Кейбір микроорганизмдер үшій рН-тың оптимальды көрсеткіші
кезде шіріту бактериялары тіршілік ете алмай қырылып қалады. Бұдан кейін ортадағы рН көрсеткіші одан әрі төмендегенде алдымен сүт қышқылы стрептококкалар, кейіннен таяқша тәрізді бактериялар қырылады. Кейде ортаның реакциясын өзгерту аркылы ашу процесінің бағытында өзгертуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |