Бүйректің екі еселенуі
Ең жиі кездесетін бүйрек санының ауытқуы. Бүйрек толығымен екі есе көбейген кезде, жартылардың әрқайсысында бөлек шыныаяқ-жамбас жүйесі болады, ал төменгі бөлігінде ол қалыпты дамыған, ал жоғарғы бөлігінде ол дамымаған. Ауытқудың өзі емдеуді қажет етпейді. Клиникалық көріністер екі еселенген бүйректің жартысында дамитын әртүрлі патологиялық процестерге байланысты.
Бүйрек жағдайының ауытқулары
Дистопия
Ультрадыбысты тексерумен анықталады.Егер дистопиялық бүйрек инфекцияға немесе обструкцияға шалдықса,ол кезде операция керек.Бүйрек дистопиясының себебі:бүйрек тік орналасып,оның қақпасы алдынан ашылып,несепағардың жоғарғы бөлігінде бүгілу болады.
Бұл бастапқы бүйректің жамбас аймағынан бел аймағына қалыпты қозғалысының бұзылуының салдары.Бүйректің жоғары қарай жылжуының қай кезеңінде тоқтауына байланысты жамбас, бел, мықын дистопиясы ажыратылады.Бүйректің гетеролатеральды және торакальды дистопиясы сирек кездеседі.
Бүйрек ауытқуларының арасында дистопия жиі диагноз ретінде қойылады. 15,5% жағдайда аномалияның бұл түрі клиникалық түрде көрінбейді, әсіресе балаларда.Бұл жағдайда ұсынылған зерттеу әдістерін жүргізу қажет.Дистопиялық бүйректегі ауырсыну синдромы кейде хирургиялық және гинекологиялық ауру ретінде қателеседі.
Таға тәрізді бүйректіңтөменгі бөліктері полюстері қосылғанда,олардың арасы бүйрек паренхимасынан немее фиброзды тіндерден тұрады,оны қылта(isthus) деп атайды.
Айқасқан бүйрек дистопиясы –екі бүйрек денесі іш қуысының бір жағында жатады. Несепағардың қайсыбірі қуық үшбұрышындағы өэінің тиісті жағына орналасуы қолқа мен төменгі қуыс венаның артын кесіп өтуге мәжбүр болады.
Бүйрек кистасы-бүйрек паренхимасында әртүрлі жағдайда пайда болады.Олардың кейбіреулері туа біткен дисплазиядан немесе жарақаттан болады.Кейбіреулері бүйректің милы қабатындағы созылмалы инфекциядан,ал басқалары бүйрек тостағаншалары деңгейіндегі обструкцияға байланысты.Өте сирек болса да,бүйрек эхинококкозды бүйрек паренхимасында кисталардың өсуін туындатуы мүмкін.Нағыз бүйрек кисталары,бүйрек ауруларынан немесе обстукциядан туындамайды және бүйрек тостағаншалары және түбекшелерімен байланыссыз.
Достарыңызбен бөлісу: |