Реферат Тақырыбы: Қой қырқу процесін механикаландыру. Қырқу станциясының жабдықтары



бет2/4
Дата15.12.2023
өлшемі0.59 Mb.
#486682
түріРеферат
1   2   3   4
механизация қой қырқу

Қой қырқу, биязы және биязылау жүнді қойлар жылына бір рет көктемде, ал ұяң не қылшық жүнді қойлар екі рет көктемде (жабағы) және күзде (күзе) қырқылады. 
Қойды қырқар алдында 12 – 14 Сағат бойы азықтандырмайды. Жалпы, қой қырқуды 10 – 12 күннің ішінде, шыбын-шіркей шықпай тұрып аяқтайды. Биязы және биязылау жүнді қойдың ерте көктемде туған қозылары, әдетте, келесі көктемде қырқылады. Биязы жүнді қой қозыларының жүнінің ұзындығы 3 сантиметр, биязылау жүнді қозылардың жүні ең кемі 3,5 сантиметрге жеткенде қырқуға болады. Қой қырқуға электр агрегаттары қолданылады.
Қазақтың етті-биязылау жүнді қойы – тез жетілгіш, жоғары сапалы етті, бағалы кроссбред және кроссбред типтес жүн беретін қой тұқымы.

1945 – 91 жылы 3 тұқымдық тип (сүле) құрамымен сынақтан өтті. Қаншеңгелдік сүле құйрықты қылшық жүнді саулықтарды прекос қошқарларымен ұрықтандырудан алынған будандарды өзара төлдетіп, бұдан алынған будандарды линколь, корридель тұқымдарымен кірістіре будандастыру нәтижесінде алынды. Ақсеңгірлік сүле – қазақтың биязы жүнді қойларын линкольн, ромни-марш, корридель қой тұқымдары қошқарларымен; ал шулық сүле – жергілікті биязы-қылшық жүнді қойларды ставрополь, оңтүстік қазақ мериносы, қазақтың етті – биязылау жүнді қой тұқымы қошқарларымен; қаншеңгелдік сүле – cолтүстік кавказ, ромни-марш, линкольн қой тұқымдары қошқарларымен кіріспе будандастыру жолдарымен шығарылды. Алынған қой тұқымының қошқарлары 90 – 110 кг, саулықтары 55 – 62 кг салмақ тартады, қошқарларынан 4,7 – 6,0 кг, саулықтарынан 2,5 – 3,0 кг таза жүн қырқылады. Кроссбред жүні жеңіл өнеркәсіп үшін аса бағалы шикізат болып табылып, арнайы мата және тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Әрбір 100 саулықтан 120 – 140 қозы алынады. Бұл қой тұқымы Алматы, Жамбыл облыстарының түрлі меншік иелігіндегі қожалықтар мен Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институтының “Ақсеңгір” және К.Мыңбаев тәжірибе ш-тарында өсіріледі.


Қозы жүн - қозыдан кырқылған жүн. Әдетте, қылшық әне ұяң жүнді қойдың қозылары міңдетті түрде 3-3,5 айлығыңда қырқылады. Биязы жөне биязылау жүнді қойдың тек қыста туған жүні жетілген (4 см) немесе 7-9 айлық бордақыланған етке өткізілетін қозыларын қырқуға болады. Қозы жүн киіз басуға, шекпен тігуге, алаша тоқуға өте қолайлы.
Қой сүтқоректілердің жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобына жатады. Қой мен ешкілерді ұқсастық белгілеріне сәйкес бір топқа біріктіреді. Екеуін төрт түліктің бірі деп есептейді.
Қой бұдан 10-11 мың жыл, ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қойдың жабайы арғы тегі - жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған. Қойдың алғаш қолға үйретілген орталықтарын Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия, Қазақстан, Орталық Азия, Оңтүстік Африка.
Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет