Операциялық жүйенің негізгі түсініктері.
Мәліметтерді,текстерді және программаларды дискілерді ұзақ уақыт сақтау үшін файлдар пайдаланылады.Файл біртектес информациялардың жиыны.ЭВМ-де жұмыс істеу барысында енгізетін және шығаратын мәліметтер саналуан файлдар түрінде болады.Әрбір файлдың өзіндік аты бар болуы тиіс,ол дискіде файлдар мазмұнында тіркеледі.Дискіде аттары бір-бірінен өзгеше көптеген файлдар сақталады.Файлдың аты толық екі сөзден тұрады,біріншісі-файлдың өз аты(ол сегіз таңбадан аспауы қажет),екіншісі-файлдың түрі не тіркеу деп аталады(ол үш таңбадан аспауы тиіс).Екі файлдың аттары бірдей болмауы тиіс.Файлдың аты мен түрі нүкте арқылы бөлініп жазылады.Уақытша құрылған файл аттарына тіркеу жазбай кетуге де болады.Олар үлкен немесе кіші латын әріптері мен цифрлардан тұрады.Файл аттарының мысалдары:
COMMAN.COM ALMA.BAS NORTON.EXE
TANLA5.DOC OLEG.TXT START
Файлды алғашқы рет жазғанда операциялық система арқылы оның құрылған мерзімі мен уақыты және көлемі автоматты түрде тіркеледі.Бұл көрсеткіштерді файл сипаттамалары не атрибуттары деп атайды.Олар дискіде жазылып қалады.
Файл атының тіркеуі онда сақталатын информацияның мазмұнына,түріне қарап беріледі.Файлдарды мазмұнына қарап біріктіруге мүмкіндік беретін мына төмендегідей стандартты тіркеулер бар,мысалы:
.ASM ассемблер тілінде жазылған программа;
.BAK негізгі файлды уақытша сақтап қоятын резерв(көшірме) файл;
.BAS BASIC тілінде жазылған программа;
.BAT OC жүйесінде жазылған командалық файл;
.COM тәуелсіз орындалатын командалық файл;
.DAT берілген мәліметтер файлы;
.DOC текст түрінде берілген құжаттар файлы;
.EXE OC басқаруымен жұмыс істейтін,екілік жүйедегі бірден орындылатын файл;
.PAS Паскаль тілінде жазылған программа;
.TXT текстілік файл;
.CAL Supercale пакетінде жасалынған таблицалық файл;
Алғашқы тақырыптарда компьютердің жұмысы операциялық жүйе арқылы басқарылатыны,ал пайдаланушының машинада түрлі информацияны өңдеу үшін арнайы дайындалған программаларды пайдалануы тиіс екені ескертілген болатын.
Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған программалар жеткілікті.Олар негізінен мынадай кластарға бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |