Реферат Тақырыбы: Операциялық жүйе Оқытушы: Салимова Г. Е. Студент: Нурмаганбетова А. Мамандығы ет тобы 105 Алматы 2007



бет5/6
Дата10.03.2022
өлшемі95.5 Kb.
#456113
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
ref -operacijalyq-zhuye-10

BIOS(Basic input/output System-негіздік енгізу/шығару жүйесі)-операциялық жүйенің ТЕСҚ-ға жазылып қойылған бөлімі.Оның орындайтын іс-әрекеттері:
-компьютер электр желісіне қосылған соң автоматты түрде оның ішкі құрылғыларының жұмыс істеуге дайындығын тексеру(компьютерді тестілеу);
-одан әрі,жүйелік болатын иілгіш не қатты магниттік дискіден операциялық жүйенің жүктеуші деп аталатын программасын жадқа енгізу(“Жүктеуші” жадқа өз жұмысын аяқтаған соң,жүйенің өзі MS DOS-тың келесі бөлімдерін жадқа енгізіп,қалған жұмыстармен айналысады);
-жүйелік үзілісті ұйымдастыру.Мысалы,программаны орындау кезінде нөлге бөлу кездессе,ол оның мүмкін емес екенін хабарлап,машина жұмысын тоқтатады;пернетақтадан символ терілсе,ол процессордың осының алдындағы ағымдық жұмысына үзіліс жасайды(бұл кезде процессор пернетақтадан терілген символдың кодын қабылдауға дайындалады), т.б.
BIOS-тың құрамында сыртқы құрылғылардың жұмысын басқару драйверлері де бар.
BIO.SYS(IBMBIO.SYS)- BIOS жүйесінің жұмысын толықтырушы бөлім.Ол сыртқы құрылғылар мен информацияны алмастырудың барлық операцияларын да орындайды.


DOS.COM(IBMDOS.COM)-ның жұмысы – пайдаланушының программалары мен түрлі информацияны дискіге тиеу не одан оператифті есте сақтау құрылғысына ендіру,дискіде тиеулі программаны жою және т.б.Ол жад ұяшықтарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады(ұяшықтарды белгілеу,бос ұяшықтарды есте ұстау,т.б.).


COMMAND.COM- ның негізгі жұмысы- пайдаланушының программалары мен берілгендерді жадқа енгізу және оларды өңдеу. COMMAND.COM –ды командалық процессор деп те атайды.Ол ішкі не резиденттік деп аталатын мынадай командаларды да орындайды:DIR,CLS,COPY,DELETE,CD,MD,RD,DATE,TIME,VER және т.б.Бұл командалардың кейбірінің орындайтын іс-әрекеттері келесі тақырыптарда баяндалған.
MS DOS – пен жұмыс істейтін компьютер іске қосылған кезде монитор экранының төменгі жағында операциялық жүйенің шақыруы деп аталатын C:\> не осы сияқты белгілеме көрінеді.Әдетте шақыру шыққан жол командалық жол делінеді.Пайдаланушы компьютерге беретін командасын шақыру белгісінен соң командалық жолда теріп алып,Енг(енгізу) пернесін басуы тиіс.
1985 жылы Microsoft Windows фирмасы алғашқы рет MS DOS-қа қосымша пайдаланатын Microsoft Windows 1.0 атаулы жүйелік программаны,ал соңғы жылдары оның кеңейтілген түрлі нұсқарын дайындап шықты(Windows - терезе).Одан соңғы жылдары мүмкіндіктері MS DOS-тан жүздеген есе артық 3.0,3.1,3.11 және т.б. нұсқалары жарыққа шықты.Мұндай MS Windows MS DOS жұмысын жеңілдететін Norton Commander(NC) сияқты қабықша программа,бірақ оған қарағанда мүмкіндігі мол және пайдаланудың басқа принципіне негізделген.Соңғы кездерде шыққан мүмкіндігі мол Windows 95, Windows 98, Windows 2000- MS DOS сияқты жеке операциялық жүйелер.Бұл жүйелерді 486 DX4,Пентиум және т.б. күрделі мүмкіндікті дербес компьютерлер пайдаланады.
Утилиттер-программалау ортасында белгілі бір қызмет атқаруға пайдаланатын қосымша программалар.Мұндай программалар берілгендер қорын басқарушы жүйелерде,түрлі программалау тілдерінде жиі кездеседі.Мәліметтерді қысатын (архивтейтін),компьютерді вирусқа тексеретін,мүмкін болса,оларды жоятын программалар да утилиттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет