Реферат Тақырыбы: Орта ғасырдағы саяси ілім Орындаған : Тогтаубай Ж. Тексерген: Шокатова А. К. 2023-2024 ж


СӨЖ №5 «А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты»



бет9/16
Дата13.12.2023
өлшемі172.63 Kb.
#486393
түріРеферат
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
реферат саясаттану

СӨЖ №5


«А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты»


Реферат


Тақырыбы: Абай мен Шәкәрімнің саяси-әлеуметтік көзқарастары
Орындаған: Тогтаубай Ж.

2023-2024 жж.


Жоспары:



  1. Ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлы

  2. Ақын, жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы

  3. Шығармашылықтары

  4. Шәкәрім және Абай

  5. Шәкәрім әлеуметтік саяси көзқарастары

  6. Абай дың әлеуметтік саяси көзқарастары


Абай 23 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туылған.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.
Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел осыдан қалған. Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.
Абай Құнанбайұлы Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Абайдың анасы Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы Ұлжан жас Ибраһимді "Абай" деп еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректілігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан Александр Пушкин, Александр Герцен, Михаил Салтыков-Щедрин, Николай Некрасов, Михаил Лермонтов, Лев Толстой, Иван Крылов, Фёдор Достоевский, Иван Тургенев, Николай Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гёте, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет