Реферат Тақырыбы: Орта ғасырдағы саяси ілім Орындаған : Тогтаубай Ж. Тексерген: Шокатова А. К. 2023-2024 ж


СӨЖ №3 Қазақ ойшылдары. Әл-Фараби, Қорқыт, Асан қайғы мен Балаусаның



бет7/16
Дата13.12.2023
өлшемі172.63 Kb.
#486393
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
реферат саясаттану

СӨЖ №3
Қазақ ойшылдары. Әл-Фараби, Қорқыт, Асан қайғы мен Балаусаның
көзқарастары
БАЯНДАМА

Қазақтың сан ғасырға созылған халықтық тәрбие қағидалары көне Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен басталып, орта ғасыр ойшылдарының еңбектері мен ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. ақын-жыраулардың толғауларынан, ауыз әдебиеті нұсқаларынан, билердің шешендік сөз үлгілерінен өзекті орын алған. Оны әсіресе ІХ ғ. өмір сүрген Қорқыт бабаның афоризм сөздерінен айқын аңғаруға болады.


Қорқыт ата – ҮІІІ–ІХ ғ.ғ. төңірегінде Сырдарияның орта және төменгі ағысын жайлаған оғыз-қыпшақ тайпаларының арасынан шыққан әйгілі күйші, музыкант, аңыздық кейіпкер, кемеңгер ойшыл. “Қорқыт ата кітабы” – Орта Азия, Қазақстан және Әзірбайжан халықтары арасына кең тараған. Қорқыттың музыкалық-этнографиялық мұрасы түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ рухани мұра. Сондай-ақ, Қорқыт айтты дейтін ақыл-нақыл, афоризм, ұстаздық ұлағат сөздер көптеп кездеседі. Онда имандылық, ізгілік, қанағатшылдық, әрекетшілдік, тәубешілік мәселелері сөз болады. Мысалы: “Тәңіріне сыйынбаған адамның тілегі қабыл болмайды… Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді… Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді…” делінген.


Дана ойшыл ата-ананы сыйлап, құрметтеу, үй-ішілік жарасымды қарым-қатынасты, ұл мен қыз тәрбиесі, адамның жақсы-жаман қасиеттері жайында да келелі ой қозғайды.
Мысалы: “Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас”…, “Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман…” Ұлың өсіп жетілсе, от басының мерейі, бас-көзі”, деген мақал-мәтелдер осының нақты айғағы бола алады.
Қорқыттың бір топ афоризм сөздері жастарды ерлікке тәрбиелеуге, тектілік мәселесіне, қонақжайлылыққа, мейірімділікке арналған. Мысалы, “Қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе…”, “Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі…”, “Жауға атқан садағың өткір болсын”, “Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық…”, “Ата даңқын шығарып өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді…”, “Өтірік сөз өрге баспайды…”, “Сөзге берік, шыншыл адамға бұл дүниеге отыз жылды үшке көбейтіп, өмір сүрсе де аз” т.б. Қорқыт әйелдердің бойынан жақсы адамгершілік қасиеттерді көруді аңсайды. Ол әйел қауымын төрт түрге бөледі. Бірі – отбасының тірегі, үйдің құты, қонақжай, үрім-бұтағы өсіп-өнген жандар. Екіншілері – ынсапсыз, қанағатсыз, есіл-дерті тамақ. Ал әйелдердің үшінші түрі - салдыр - салақ, түске дейін ұйықтайтын, кір-қожалақ, көрпе-төсегі жиналмай шашылып жататын үйдің “иелері”, төртіншілері – адам тілін алмайтын, қасарыспа, кесір, барынша қырсық әйелдер” – дейді. Қорқыт өсиеттерінің тәлімдік мәні аса зор, қай заманда болмасын ескіріп көнермейтін асыл мұра.
Отырардың перзенті, шығыстың екінші Аристотелі атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабиді (870–950) ерекше атауға тура келеді. Ол ойшыл-философ, социолог, математик, физик, астроном, лингвист, психолог, педагог, музыка зерттеушісі.
Мәдениеті өркендей түскен мұсылман дүниесінде жас Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылым мен өнерге деген құмарлығы ерте оянды. Ол 20 жасқа дейін білімді туған топырағы Отырарда алды. Кейін Бұхара, Мерве, Хоране, Александрия, Бағдат, Каир, Дамаск, Шам, Халеб сияқты мұсылмандық шығыстың көптеген қалаларында өмір сүріп, түркі, араб, парсы, грек, латын, санскрит және т.б. тілдерін жетік меңгереді.
Әл-Фараби “Бақытқа жетудің жолы”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Азаматтық саясат” трактаттарында “Жан қуаты” “бақыт” дегеннің не екендігін, оған жетудің жолдарын қарастырады. Ұлы ғұлама: Бақыт – қайырымды адамдардың мәртебесі, кемелденушінің жаны мен тән қуатының жетістігі, тұтас дүниемен үйлесімділікте өмір сүру қабілеті дегенді айтады.
Әл-Фараби өмірде ізгілік пен зұлымдықты ажырата білу, игілікті орнықтыру, зұлымдықтан арылу – практикалық танымның басты міндеті дейді. Адамдар қайырымды қалада ғана жүрек қуатын игі іске қоса алады, еркін ойлайды, жүрек пен ерік қуаттарын қосарлап бақытқа жетеді.
Қайырымды тұрғындар жан мен тәннің тазалығы үшін зұлымдыққа бармайды, байлыққа басын тікпейді. Ақыл мен жан қуаты үйлескен жан қайырымды келеді. Ақылға қоса ерік пен жан қуатын толастата алған кісі ел басқаратын әкімдікке жарайды. Ал нағыз жақсы әкім әділ, инабатты, мейірімді, білімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жиіркенетін, батыл, жомарт, өнер мен әдебиетті сүйетін адам болуға тиіс. Қалай дегенмен, елбасшы, қолбасшы адамдық қасиеттен арылмау керек. Ондай әкім, біріншіден, бақытқа жетудің жолын көрсететін көсемдікке жарайды, екіншіден, мемлекеттегі қайырымдылық дәстүрін ұстай алатын басшылықты жалғастырады, үшіншіден, өз қандастарымен оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын дұрыс жолға қоя алады. Мұның бәрі бақытқа жетудің шарты деп қарады. Әл-Фараби жоғарыдағы еңбектерінде оқыту әдістерінің ұғынықты, дәйекті, жүйелі, көрнекті болуына, сондай-ақ дағды, әдет, қабілет, икемділік, мінез, т.б. тәлім-тәрбиелік ұғымдарға түсінік береді. Көз жеткізу, иландыру, мойынсұндыру тәрізді әдіс-тәсілдерге талдау жасайды. Ол өзінің “математикалық трактаттарында” жүзден астам геометриялық есептердің шешілу әдістерін, шығару жолдарын түсіндіреді.
Ол Аристотельдің жан туралы ілімін одан әрі дамыта отырып, Шығыс әлемінде тұңғыш рет психологиялық терминдерге түсініктеме береді. Ол жан жүйесі туралы ілімнің сан салаға бөлінетініне (музыкалық, педагогикалық, қоғамдық, медициналық болып) түрлі іс-әрекеттерге қалай жетілуіне тоқталады.

Фараби мұралары Орта Азия мен Қазақстан халықтарының философиялық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерінің әрмен қарай өріс алуына ерекше ықпал етті. Мәселен Х–ХҮ ғасырлар аралығында Орта Азия мен Қазақстан топырағында медресе шәкірттеріне арналған математика, логика, этика пәндері бойынша көптеген оқу құралдары жарық көрді. Тавтазани жазған “Мантик” (логика) атты оқу құралы медреселерде ұзақ жылдар бойы қолданылып келеді.


Сопылық ілімнің Түркістан өлкесінде негізін қалаушылардың бірі Қожа Ахмет Иасауи (1094–1167) болды. Ол түрік әлемінің ойшылы. Оның “Дүнияуи Хикмет” атты дастанында дүниені жаратушыға табыну, оны танып білу – өзіңді-өзіңнің танып білуің дегенді айтады. Адамдықтың басты мақсаты – ақиқатқа жету. Адам өзін-өзі тану және жетілу арқылы адамдық биікке көтеріледі. Осы тарихат жолында адам өзін ұстамдылыққа, жетілдіруге шақырады. Сол шынайы қасиеттері арқылы сүйіспеншілік пен махаббат идеясын ұсынады. Тарихаттың нұсқайтын жолы “Өзін білгені – хақты (жаратушыны) білгені, құдайдан қорқып ынсапқа келгені”.


Ахмет Иасауидің ойынша “шариғатсыз – тарихат”, “тарихатсыз – мағрифат”, “мағрифатсыз – хақиқат” болмайды. Әділдік жолына түсу үшін, ақиқатты іздеп табыну керек. Адамның рухани өмірінің таза болуы үшін ислам шариғаттарын мойындау қажет және оларды әркім өзінше түсініп қабылдауға ерікті. Адамның кемелденуі жаратушыға да қажетті. Адам баласы бұл дүниенің қызығына елігіп арамдық жолға түседі. Мәңгілік өмірге адам рухының тазарып баруы үшін жаратушыға құлшылық етіп, тіршілікте еткен күнәларын ой елегінен өткізіп, тазарып баруы керек. Аллаға ғашықтық сопылықтың бір көрінісі. Ғашықтық адамның иманжүзділігі, жүрегінің ашық пердесі, имани тазалық – рухани тазалық дегенді айтады. Сөйтіп, Иасауи өзінің адамгершілік жөніндегі ойларын дін арқылы, діни мораль арқылы түсіндіреді. Екіншіден, А.Иасауи түрік мәдениетін – тәңір дінін араб мәдениетімен, исламмен ұштастырды. Үшіншіден, Ислам діні арқылы адамды жан-жақты жетілдіруге болады деп ұқты. Алланы тану арқылы адам өзін-өзі танып білуге, өзіне-өзі сын көзімен қарауға талпынады дегенді айтты. Яғни адам өзін-өзі дін арқылы тәрбиелеуі керек деген идеяны ұстанды.
Қожа Ахмет Иасауи еңбектеріндегі сопылық идея өзінен кейінгі ақын-жырауларға (әсіресе Бұқар, Ақан сері, Әсет т.б.) қала берді жазба әдебиетінің өкілдеріне, тіпті ұлы Абайға да азды-көпті әсерін тигізді. Мәселен Иасауи айтқандай Абай да “Құдай – хақ, иман – парыз” дей отырып, “Жақсылық – жамандықты жаратқан құдай, бірақ қылдырған құдай емес. Ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес. Байлықты, кедейлікті жаратқан құдай. Бай қылған, кедей қылған құдай емес… Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең, оқыт… Иман, обал, сауап бар жерде әділет бар… Хақтың жолы осы” – деп халықты имандылыққа, мейірімділікке, әділетке, оқу-білімге үндейді. Бірақ Абай құдайды мойындай отырып, оған әрекетсіз табынуға қарсы. Адам іс-әрекет арқылы мақсатқа жетеді. “Мақсатсыз, әрекетсіз – өмір тұл” дегенді айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет