Реферат тақырыбы: Педагогика тарихы. Орындаған: Рысбекова. Н қабылдаған: Жұмабай. М.Ә



бет5/7
Дата03.01.2022
өлшемі53.18 Kb.
#450681
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Педагогика тарихы

жүйенің элементтері бір-бірімен байланысты болғанымен де, олардың ішінен ең басты жетекші жүйе құрушы элементті бөліп алып, қарастыру қажет;

  • элементтердің жиынтығы – объект жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру технологиясы жайлы түсініктер береді;

  • жүйе элементтерінің бірімен бірінің байланыстарын арнайы реттеу және элементтердің өзгеріске түсуін басқару (мақсат қою, құралдарды таңдау, бақылау, түзету, қорытындысын талдау).

    Білім беру жүйесін біртұтастық ұстаным тұрғысынан зерттегенде педагогикалық үдерістің кей қырларын, элементтерін, қарым-қатынастарын бөлшектеп қарастырғанда өте сақтықпен қарастыру керек.

    Тарихи және психологиялық-педагогикалық үдерістегі өзара байланысты синергетика – қазiргi бiрлескен iс-әрекет теориясы зерттейдi. Бұл теория тұтас жүйенiң тұрақты болмай, өзгерiске түсетiндiгiн ескерiп, тұтастықтың жоспарланған басты бiр нұсқасын алып, болжамдалған нұсқаны нақты жағдаймен байланыстыру синергетикалық үрдiстiң мағынасын ашады.

    Педагогикалық жүйенiң бiр-бiрiмен байланысы: бiлiм мен тәрбие мақсаты, оның тарихи аспектiсi, педагогикалық үдерістің субъектiсi, педагогикалық идеялар мен ой-пiкiрлер, бiлiм мазмұндары (жалпы, базалық және кәсiби мәдениет), материалдық базасы, т.б. бiрлiгi және құрылымдық-функциялық қызметтерi тұтастық арқылы зерделенедi.

    Ал мәдениеттану тұғыры– оқушының жеке тұлғасын зерттеп, құндылық бағдарын қалыптастыруда аксиологиялық құндылық iлiмiне сүйенiп, нақты ғылыми әдiснама ретiнде таным мен педагогикалық iс-әрекеттердi қайта құруға немесе өзгерiстер енгiзуге бағыт-бағдар бередi. Мәдениеттану тұғыры арқылы жеке тұлғаның мәдениетпен объективтiк байланысы негiзiнде оның мiнез-құлқындағы құндылықтар жүйесiн зерттейдi. Өйткенi адам мәдениет арқылы дамығандықтан сол мәдениетке жаңа элементтер енгiзуге үлес қосады. Сол себептен адам мәдениет құндылықтарының жүйесiн игерiп өзiн-өзi дамытса, екiншi жағынан, оның шығармашылықты жеке тұлға болып дамуына жағдай туады.

    Этнопедагогикалық тұғыр мәнi – оқушы этностың бiрiне жататын әлеуметтiк-мәдени ортада өмiр сүредi, бiлiм мен тәрбие алады. Халықтың ұлттық салт-дәстүрiне, оның мәдениетiне, дiлiне, ұлттық-этникалық психологиясына, әдет-дағдыларына сүйенiп, педагогикалық үдерістің жобасын жасап, жоспарлап ұйымдастырады. Әртүрлi бiлiм мекемелерiнiң ортақ мақсаты – оқушы-жастардың ұлттық мәдениетке ынта-ықыласын арттырып, оларға өзiн-өзi тәрбиелеуге жағдай туғызу болып табылады, педагог бұл ортаны жан-жақты зерттеп, әр этнос оқушыларының бiр-бiрiмен адамгершiлiк қарым-қатынас жасауына жәрдемдесiп, балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың тәрбиелiк мүмкiндiктерiн пайдаланып отыруы керек.

    Ғылыми – зерттеу iзденiсiнiң қисынына сай зерттеу әдiстерiн анықтауда олардың тарихи, теориялық және практикалық әдiстер кешендерiнен құралатынын және бiлiм беру үдерісі қиын да, көп қызметі болатындығын ескерiп, орнымен қолдана бiлу керек. Осыған байланысты тарихи және педагогикалық мәселелердiң аспектiлерi мен параметрлерi жан-жақты нақты түрде анықталып алынуға тиiс.

    Ғылыми-зерттеу әдiстерiн үш топқа: тарихи-теориялық зерттеу әдiсi; педагогикалық ойлар, идеялар және тарихи-педагогикалық тәжiрибелердi зерттеу әдiсi; математикалық және статистикалық әдiстер деп бөлiнедi.

    Тарихи-педагогикалық зерттеу әдiсi мұрағат құжаттарын, тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеу арқылы педагогикалық ой-пiкiрлердi, идеяларды, теориялар мен тәжiрибелердi жүйелеу негiзiнде ғылыми-тарихи ақпараттар жинастыруды, олардың өзара байланыстарындағы заңдылықтарын, қарым-қатынастарын айқындауды қамтамасыз етедi.

    Тарихи-теориялық зерттеу әдiстерi – тарихи-педагогикалық құбылыстардың кейбiр жақтарын, белгiлерi мен ерекшелiктерiн тарихи-теориялық тұрғыдан талдайды. Кейбiр деректерді талдағанда оларды мазмұндық жақтарына қарай топтастырып және жүйелеп, зерттеушiлер педагогикалық құбылыстың жалпы белгілерін және ерекшелiгiн айқындайды. Тарихи-теориялық зерттеулерде индуктивтi және дедуктивтi әдiстер қолданылады. Индуктивтi әдiсте iзденушiнiң ойлау қабiлетiн жеке пiкiрден жалпы қорытынды жасауға итермелесе, дедуктивтi әдiс – керісінше, жалпы пiкiрден жеке қорытындыға келуге бағыттайды.

    Тарихи-теориялық әдiс iзденушiнiң зерттеу мәселесiн анықтауға, болжамын және жиналған дәйектерге баға беруде пайдаланылады. Бұл әдiс деректерге байланысты әдебиеттердi талдаумен: жалпы адамтану мәселелерi бойынша классиктердiң еңбектерін зерделеу және педагогика тарихы әдiснамасын басшылықа алу; тарихи-педагогикалық жұмыстармен, мұрағат құжаттарымен танысу; күнделiктi педагогикалық баспа бетiнде жарық көрген материалдарды оқу; мектеп, оқу-тәрбие үдерісі және озат педагогикалық тәжiрибелер жайлы жазылған монографиялық еңбектер және ғылыми әдебиеттер, педагогика пәні оқулықтарымен, оқу-құралдарымен танысу.

    Зерттеушiнiң ғылыми әдебиеттермен танысудағы жасайтын iс-әрекеттерi:

    зерттеу мәселесiне байланысты әдебиеттер тiзiмiн түзу;

    зерттеудің басты мазмұнына және басты идеялар мен қағидалардан қысқаша конспект жасау;

    әдебиеттегi қажеттi сiлтемелердi, ой-пiкiрлердi, сандық мәлiметтердi немесе дәйектерді мәтiннен сөзбе-сөз жазып алу.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет