ІІ. Психология пәнінің мақсаты мен міндеттері
Психология пәні. Психикалық құбылыстарды зерттеп, оның сыр сипатын ашып көрсету. Күнделікті өмірдегі психикалық құбылыстар мен ғылыми психология арасындағы айырмашылықтар және оларды өзара салыстыра отырып ерекшеліктерін талдау. Психологиялық ғылыми зерттеу нәтижелерінен мысалдар келтіру арқылы олардың теориялық және қолданбалы мән-жайын көрсету.
Психология ғылымының табиғи және қоғамдық сипаты. Психологиялық білімінің өзіндік ерекшелігі. Психология — субьектінің (адам мен жануарлардың) іс-әрекеттерін, тіршілік ету нәтижелерін және амал-тәсілдерінің құрылымын бейнелейтін ғылым.
Психика туралы жалпы түсінік-жанды нәрселердің болмыстағы шындықты бейнелеудегі өзіндік формасы. Жанды және жансыз нәрселердің болмысты бейнелеу ерекшеліктері. Психика — объективті болмыстың субъективті бейнесі, психиканың бағдарлаушы және реттегіштік қызметі. Саналы әрекет пен санасыздық.
Психология пәніне берілген анықтаманың әр түрлі кезеңдерде түсіндірілу сипаттары. Психология ғылымының философия мен жаратылыстану ғылымдарынан дамып шығуы. Психология ғылымының тарихында психиканың дамуы жайындағы материалистік және идеалистік бағыттарының күресі. Психиканың табиғаты туралы механикалық көзқарастарға сын. Биология ғылымының ми мен тірі организмнің мінез-құлқын зерттеп, адам мен хайуанаттардың іс-әрекеттерін тіршілік бейнесін талдауда қолданылатын ұғым-түсініктерді іздестірудің қажеттілігі. Қоғамдық тарихи тәжірибенің маңызы.
Психика мен сананың дамуын маркстік ұстаным тұрғысынан қарастыру.
Психология ғылымының салалары және психологиялық тәжірибенің міндеттері. Жалпы психология, әлеуметтік психология, жас даму кезеңдері мен тәлім-тәрбие психологиясы, еңбек пскхологиясы, инженерлік психология, медициналық психология, психофизиология, жануарлар психологиясы. Психологияның теориялық және қолданбалы міндеттерінің өзара байланысы. Тәжірибе мен психология ғылымының бірлесіп атқаратын міндеттері және оларды жүзеге асыру жолдары. Жалпы және дара адам психологиясы, психодиагностиканың негізгі міндеттері. Психология, психотерапия, психологиялық консультация. Жеке адамның (тұлғаның) адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, кәсіптік білімді меңгерудегі психология ғылымының тигізетін пайдасы. Адамдардың денсаулығын сақтап, оның мәдениетін және халық шаруашылығын дамытуда психология ғылымының атқаратын қызметі мен міндеттері.
Психология ғылымының пәнаралық байланысы.
Психологияны зерттеу әдістері. Психиканы зерттеуде итроспекция (өзін-өзі бақылау) әдісінің жеткіліксіздігі. Психикалық үрдістердің қызметі мен қалыптасуын зерттеудің объективті әдістері К.Маркстің өндірісті «адамның мән-жайын білдіретін» ашып қойған кітап деп бағалауы.
Психологиялық зерттеу әдістері: бақылау, әңгімелесу, адам жасаған туындыларды талдау. Табиғи және лабораториялық эксперименттер. Психикалық үрдістерді мөлшерлеп өлшеу әдісі. Диагаостикалық сынақ.
Салыстырмалы-генетикалық әдіс. Психикалық үрдістср үлгісін жасау, оларды қалыптастыруды зерттеу әдісі. Салыстырмалы-патологиялық әдіс.
Психологиялық зерттеулерде математикалық әдіс пен техникалық аспап-құралдарды қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |