Реферат Тақырыбы: Психология ғылымы Орындаған: Есканов Азамат Тексерген: Сахиева Л. М. Алматы, 2023 Жоспары



бет1/7
Дата11.10.2023
өлшемі26.73 Kb.
#480389
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7
Есканов Азамат реферат психология


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті

Реферат

Тақырыбы: Психология ғылымы


Орындаған: Есканов Азамат


Тексерген: Сахиева Л. М.
Алматы, 2023
Жоспары:


І. Психологияның зерттеу объектісі.
ІІ. Психология пәнінің мақсаты мен міндеттері.
ІІІ. Психологиялық құбылыстардың классификациясы.
Пайдаланылған әдебиеттер


І. Психологияның зерттеу объектісі


Психология — психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т. б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды — сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Психология» термині гректің екі сөзінен түрады: оның біріншісі — «псюхе» (жан), екіншісі — «логос » (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.


Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық, тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.


Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осындай анимистік (барлық нәрседе де жан бар дейтін түсінік) пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының (Филиппин) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің, ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтері «лоакаль» деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің, бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірінен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгібақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді.


Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б. з. д. 384—322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т. б.) аралас, астарласа дамып келді. ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т. б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1832—1920) болды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б. э. д. 460—370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше «жан мәңгі, өлмейді, өшпейді», — деп тұжырымдады.


Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады: Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870—950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225—1274) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.


Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы неміс ғалымы В. Вундт (1832—1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.


Психологияның даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален, Әбуәлі Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, Галлер т. б. оқымыстылардың есімімен тығыз байланысты. Жан дүниесінің сыры жайлы дәйекті пікірілерді қазақ ойшылдары да айтқан. Тіпті мұндай ой-пікірлер фольклорда, әсіресе, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мәселен, «Тән ауырса, жан ауырады», «Тәні саудың жаны сау», «Тән өледі, демек жан да өледі», «Жан бар жерде қаза бар» «Жан — кеудеге қонақ» т.б. осындай мақалдарда жан мен тәннің ара қатынасы шындыққа сәйкес дұрыс пайымдалғанын байқау қиын емес. Жан қазақ ұғымында жан-жануарға, адамға тіршілік, күш-қуат беретін рух. Ал Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т. б. қазақ ақын-жыраулары мен ойшылдарының толғауларында да көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесінің сырлары әр қырынан сөз болып, осылар жайлы сындарлы пікірлер айтылған. Өресі биік, материалистік психологиялық ой-пікірлерді Шоқан, Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт шығармаларынан да көптеп кездестіруге болады. Мәселен, С. Торайғыров (1893—1920) жан мен тән ылғи да бірлікте, байланыста болады («Дене азыққа тоюдан жан ер жетер, жан ер жетіп, дүниенің сырын табар»), адамның тәні өсумен қатар, жаны да (ақыл-ой, сана-сезім) бірге өсіп, жетіліп отырады, осы екеуінің қоса өзгеруінің негізі тәнде, адам өлгеннен кейін, онда қимыл жоқ, сезім жоқ… жек көру жоқ, махаббат жоқ… Өмір жоқ, яғни, бір сөзбен айтқанда, тәннен бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды деп тамаша материалистік қорытынды жасайды. Осы іспеттес пікірді Шәкәрім Құдайбердиев те (1858-1931) айтқан болатын («Жан тәнге, ақыл жанға маталып тұр»). Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негізін жасауда, оны материалистік тұрғыдан түсіндіруге орыстың, ұлы ғалымдары И. М. Сеченовтің (1829-1905) рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И. П. Павловтың (1849-1936) жоғары жүйке қызметі туралы ілімінің маңызы зор болды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет