Реферат тақырыбы: Құрылыс материалдарының сапасын бағалау Орындаған: псм-21-1 оқу тобының білімалушысы Алдашов Нұрхан


Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету жолдары



бет3/5
Дата12.11.2023
өлшемі27.66 Kb.
#483048
түріРеферат
1   2   3   4   5
құрылыс сапасын анықтау

2.Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету жолдары

Құрылыс өнімдерінің сапасы төмендегідей анықталады:


мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптары мен нормаларының сақталуы (мемлекетаралық);
сәулет, қаласалу және құрылыс қызметтерін және мамандарды лицензиялау;
құрылыс және жобалық құжаттар инвестициясының негіздемелік экспертизасы;
сәулет-құрылыс бақылаумен, техникалық және авторлық бақылаумен;
жобалау мен құрылыста қолданылатын өнімдерді стандарттау;
құрылыста пайдаланылатын өнім сертификаттарын, сынау-сараптамалық зертханаларды аттестациялау және аккредиттеу, сонымен қатар жаңа өнімнің техникалық бағасы, өндіру тәсілдері мен құрылыстағы жарақтарды;
жобалау мен құрылыстағы метрологиялық қызмет; аяқталған құрылыс нысандарын эксплуатацияға жіберуді қабылдау және жіберудің ұйымдастырылуы;
техника мен технологиялық құрылысты жетілдіру; сейсмикалық қауіпті аймақтардағы нысандарды құжаттау; нормативтік түрдегі қату мақсатымен аяқталмаған құрылыс нысандарын және эксплуатацияланған нысандарды бақылау және зерттеу.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы мыналар арқылы бақылау жасайды:
берілген жер учаскесіне құқығы туралы тапсырыс берушінің құжаттары мен мердігерлермен жасалған келісім-шарттар;
сәйкес құрылыс – монтажды жұмыс түрлеріне лицензиясы бар мердігерлік ұйымдармен;
секітілген тәртіппен берілген жобалық шешімдерді сақтаудағы жобалық-смета құжаттамаларымен;
атқарушылық техникалық құжаттардың құрылыс қатысушыларымен уақтылы құжаттау мен енгізу, соның ішінде жобалық-сметалық құжаттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуде қабылданған құрылыс материалдары мен бұйымдар мен құрылымдардың сәйкес сертификаттарымен жүзеге асыру;
өткізілген құрылыстық-монтаж жұмыстарының сапасымен, атқарылған жұмыстардың толық көлемімен және аяқталған құрылыс нысандарын эксплуатацтия процедурасына қабылдау мен енгізуге толықтай әзірлік.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының бақылауына мыналар жатпайды:
сейсмикалық қауіпті аймақтардағы құрылыс нысандары мен басқа да арнайы жобалық шешімдерді талап ететін аймақтарды есепке алмағанда жеке тұрғын үй құрылыстары;
бақшалық серіктестік учаскелері немесе жеке аулалық учаскелерді уақытша құрылысқа енгізу, сонымен қатар маусымдық жұмыстар үшін берілген тұрғындық және шаруашылық-тұрмыс алаңдары;
азаматтардың жеке пайдалануындағы басқа да техникалық қиын емес құрылыстарды өзгерту
Қазіргі таңда елімізде цемент, бетон бұйымдары, қабырғалық және жылу сақтайтын материалдар, гипс, таскендiр, арматура, гипстi картон, қиыршық тас, құм сынды құрылыс материалдарын өндіру ісі жолға қойылған. Дегенмен де шектен тыс қадағалаулар саланың қанатын кеңге жайып жұмыс істеуіне кедергі келтіруде. Себебі отандық құрылыс материалдары құнының шетелдердің арзан импортымен салыстырғанда қымбат. Дағдарыс кезінде еліміздегі құрылыс материалдарын тұтынуының қысқаруы, өндiрiс көлемiнiң төмендеуіне әкеп соққаны жасырын емес. Алдағы уақытта отандық құрылыс материалдарының сапасы мен өндiрiс көлемiн арттырып, жоғары сапаға қол жеткізуінің маңызы зор. Сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғауды да назардан тыс қалдырмаған жөн. Үкімет бұл бағытта отандық құрылыс материалдарын өндіруге ден қойған кәсіпорындарға сұраныстың болуына, инновациялық даму мүмкiндiгін кеңейтуге, құрылыс материалдары өндiрiсi бойынша кәсіпорындарды басқарудың озық үлгісі мен жаңа технологияларын енгізуіне көмек қолын созуы тиіс.
Соңғы уақыттары Үкіметтік деңгейде қабылдаған «Қолжетімді баспана — 2020» және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламалары мен ірі жобалар ел аумағындағы құрылыс материалдарын өндіретін компанияларға тың серпіліс бергені белгілі. Айталық, бір ғана «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын әзiрлеу туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi осы бағдарлама бойынша 7 млн шаршы метр баспана салуды жоспарлап отыр. Осы ретте министрлік құрылыс жұмыстарының көлемiн қайта есептеп, қаншалықты құрылыс материалдары қажеттiлігін анықтауы тиіс. Дәл осындай есеп-қисаптар ТКШ-ні жаңғырту және «Ақбұлақ» бағдарламасын іске асыру барысында да жүргізудің маңызы зор. Бұдан басқа еліміздегі жол құрылысына да қомақты құрылыс материалдары қажет болып тұрғаны белгілі. Осындай ауқымды жұмыстарды абыроймен атқару үшін бізге сапалы құрылыс материалдары аса қажет. Бүгінде Үкімет үдемелі индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан өндіріс ошақтарына қажетті құрылыс материалдарының 80 пайызға жуығын отандық кәсіпорындар ұсынуы керек деген талап қойылып отыр. Егер ойға алған бұл меже толықтай іске асатын болса, мемлекеттік бағдарламалар құрылысқа қажетті түрлі бұйымдар шығарып жатқан отандық кәсіпорындардың жұмысына серпіліс туғызатыны сөзсіз. Бүгінде құрылыс жүргізу ісі заман көшінен қалмай, алға озып кеткені белгілі. Іргелі, стратегиялық маңызды құрылыстарды жүргізу үшін бізге білікті құрылысшылар аудай қажет. Үкімет «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелге жастарды оқыта бастаған тұста елімізде кәсіби-техникалық мамандарды дайындауды қосымша алып жүрудің маңызы зор еді. Кезінде кәсіптік маман дайындауға тиісті деңгейде көңіл бөлгенімізде маман тапшылығы мәселесімен бұлайша бетпе-бет келмес едік. Бұл бағытта Үкімет пен кәсіпорындар бірлесіп жұмыс істеуінің маңызы зор. Ауылдағы кәсіптік-техникалық мамандар дайындайтын колледждермен арадағы байланысты жандандырған жөн. Алдағы уақытта «Болашақ» бағдарламасы бойынша заңгер, экономист мамандарын оқытудың қажеті жоқ. Олар сырт елдерге барады да сол елдің заңы мен экономикасы жайында терең білім алып келеді. Ал Қазақстандағы экономика мен құқықтық қатынастар мүлде басқа. Заңгерлер мен экономистерді дайындауға еліміздегі жоғары оқу орындарының шамасы жетеді. Қайта біз сырт елдерге техниканың сырын үйренуге талпынған жастарды жіберуіміз керек. Тәуелсіздік жылдары гуманитария саласының тұтқасын ұстайтын мамандар толығымен қалыптасты. Ал техникалық интеллигенция барынша қартая түскен. Алдағы уақытта біздер жастардың техникалық мамандықтарды таңдауына кеңінен жол ашуымыз керек. Қазіргі таңда өндіріс пен құрылыстың басында жүрген білікті мамандардың жасы 50-ден асып кеткен. Жастарды техникалық мамандықтарға баулымасақ, алдағы он жылда өндіріс ошақтарында жұмыс істейтін мамандарды емге таба алмай қалуымыз мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет