Реферат тақырыбы: Құрылыс материалдарының сапасын бағалау Орындаған: псм-21-1 оқу тобының білімалушысы Алдашов Нұрхан



бет4/5
Дата12.11.2023
өлшемі27.66 Kb.
#483048
түріРеферат
1   2   3   4   5
құрылыс сапасын анықтау

3. Қазақстанның құрылыс саласының техникалық реттеу

Құрылыс сапасы - бұл табиғи орындалған ғимараттың және жабдықтардың және олардың бөлшектерінің жобалау шешімдерімен және нормативтерге сәйкес келуі болып табылады. Құрылыс сапасына қазіргі заманғы сатыда бірінші дәрежелі мән беріледі. Прогрессивті жобалау шешімдерін материалдарға және құрылымдарға кеңінен енгізу құрылысшы кадрлардың квалификациясын арттыру сапаның артуына мүмкіндік береді. Алайда құрылыс сапасының деңгейі әліде толығымен социалисттік қоғамның сұранысын қанағаттандырмайды. Көптеген жағдайларда құрылыс сапасы төмен болып қала береді, ақауды жөндегеннен шығындар және қайта жөндеулер КЭҒЗИ (Қазақстан Экономикалық зерттеу институты) мәліметтері бойынша сметалық құнның 2,5% жуық болады, қолдануға нысандарды енгізу мерзімі созылады, ал алдын ала жөндеуге шығындар біршама көп қаржымен байқалады.


Құрылыс сапасы оның барлық қалыптасу сатысында жасалынады: өндірістен алдын ( жоспарлау, жобалау, құрылыс материалдарының өндірісі және бұйымдары және оларды құрылыс аумағына жеткізу), өндірістік (құрылыс – жинақтау процесі) және өндірістен кейінгі (қолдануға қабылдау және қолдану). Осыған сәйкес сапаның қажетті деңгейіне қол жеткізу комплексті мәселе болып табылады, ол барлық қатысушыларға байланысты: жоспарлау ұйымдары, тапсырыс берушілер, жобалау және құрылыс – монтаждау ұйымдары, зауыттар- жеткізіп берушілер, қолданушы және бақылаушы ұйымдар.
Тұтынушылар сапасын тұтынушы талаптарына және өндірістік сапаның соңғы өнімдеріне сәйкестік дәрежесі ретінде бөледі- өнімнің бекітілген нормаларының талаптарына сәйкестік. Тұтынушылық сапаға нормативтік құжаттарда орнатылған сапа деңгейіне әсер етеді. Өндірістік сапа қызметтің үш сферасымен байланысты: жобалаумен, құрылыс материалдарын және бұйымдарын дайындау және құрылыс монтаждау жұмыстары.
Берілген бөлімде өндірістік сапа негізінен құрылыс монтаждау жұмыстарының сапасы ретінде қарастырылады.
Басқарудың негізгі функцияларының бірі бақылау болып табылады. Бақылау тапсырмасы жұмыста ақауларды ескертуден құрылады және бекітілген сапаны қамтамасыз ету. Бақылау нәтижелілігі біршама оны орындаудың таңдап алынған ұйымдастыру жүйесімен анықталады.
Құрылысы аяқталған нысандарды қолдануға қабылдау соңғы және ең жауапты сыртқы сапаны бақылау формасы болып табылады. Қабылдау ережелерін КМжЕ ІІІ - 3-80 «құрылысы аяқталған ғимараттарды, кәсіпорындарды және жабдықтарды қолдануға қабылдау. Негізгі жағдайлары» регламенттеледі.
Қолдануға өткізу және қабылдау нысанның қолдануға дайындығын тексеру мақсатында екі сатыда орындалады: нысанның тапсырыс берушіден жұмысшы комисси мердігерінен алдын ала техникалық қабылдау және соңғы қабылдау, оны Мемлекеттік комиссия жүзеге асырады.
Жұмысшы комиссия тапсырыс беруші ұйымының басшысының бұйрығымен ген мердігер және оның суб мердігерімен ақылдаса отырып тағайындалады.
Жұмыс барысында Мемлекеттік комиссия тапсырыс берушінің жұмысшы комиссияның актін дайындайды және жеткізеді, онда жерді пайдалануға алғандығы, рұқсат және атқарушы құжаттар дайындалады.
Мемлекеттік қабылдау комиссиясы нысанның қабылдауға дайындығын тексереді және нысандарда өндірістік қолданыстағы өнімді шығару бастамасын және факт жүзіндегі құнына сәйкестігін және бекітілген жоба бойынша қуатын тексереді.
Құжаттарды тексеру және толық қондырғыларды көріп болған соң тексеру нәтижесі бойынша комиссия қолдануға нысанды қабыладу жайлы акт жасайды. Акт комиссия тағайындаған инстанциялармен бекітіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет