Реферат Тақырыбы: Саяси жүйе Қабылдаған: Байзакова а тобы: Фи 9 к2 Орындаған: Сырлыбаева Айдана


Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің қызметіне



бет2/3
Дата23.11.2022
өлшемі43.35 Kb.
#465624
түріРеферат
1   2   3
13-апта Әлеуметтану Сырлыбаева Айдана

4. Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің қызметіне тән мынадай негізгі функцияларды атап көрсетуге болады:
Конституцияға және басқа да заңнамаға сәйкес қоғамды қазіргі заманның табиғаты мен талаптарына сәйкес ғылыми басқару;
қоғамның алдындағы мақсат пен міндеттерді анықтау және соған сәйкес бүкіл қоғамды және оның ресурстарын жұмылдыру;
қоғам мүшелерін әлеуметтендіру;
артикуляция –яғни, қоғамдағы әртүрлі таптардың, топтардың мүдделерін анықтау, бейнелеу және оларды саяси жүйе институттары қызметінде еске алуына жетісу және тағы басқалары
Бүкіл халықтық референдумда 1995 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің саяси жүйесінің жаңа архитектурасын қалыптастырды. Осы жылдан еліміз саяси жүйесі дамуының жаңа кезеңі басталды. Ал, еліміздің осы жылдардағы конституциялық дамуы оның іргелі негіздерінің беріктігін, өміршеңдігін, оны құраушы институттық құрылымдардың міндеттері мен басқару мүмкіндіктерінің дұрыс анықталғандығын дәлелдеді.
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі:
Президенттік институт, қос палаталы, кәсіби негізде жұмыс істейтін Парламент, көппартиялылық, азаматтық қоғам институттары Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрізді принципті жаңа саяси құрылымдардың түзіліп, қалыптасуы және қызмет жасауы;
қоғамдағы демократия мен сөз бостандығының даму деңгейі мен пәрменділігінің басты көрсеткіштерінің бірі тәуелсіз, беймемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының дербес те әлеуетті жүйесінің пайда болуы;
Қазақстанда бұған дейін болмаған, қоғамдық өмірдің барлық салаларын кеңінен қамтитын жаңа азаматтық институттардың қалыптасып, дамуы және олардың қызметіне қажетті ұйымдық-құ­қықтық негіздердің нығаюы;
халықаралық танымал демократиялық институттар негізінен біртіндеп мойындаған еліміздің жаңа сайлау жүйесінің қалыптасуы;
биліктің негізгі үш тармағының: Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесінде еліміздің саяси жүйесінің барлық құрамдас бөліктері қызметінің құрылымдық, ұйымдық-құқықтық және өзара қарым-қатынасы мәселелерін жан-жақты реттейтін, еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату бағытында әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін заң жүйесінің жаңадан түзіліп, қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынастардағы қажеттіліктерге байланысты үнемі жетілдірілуі.
Қазақстанның саяси жүйесіндегі ерекше орында – Президент институты тұр. Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде Президент лауазымы Қазақ ССР-і Конституциясына енгізілген 1990 жылғы 24 сәуірдегі өзгерістерде анықталды.
1995 жылы қабылданған Конституция, оған 1998 және 2007 жылдары енгізілген өзгерістер мен толықтырулар еліміздегі бүкіл билік жүйесінде Президент институтын үнемі нығайту бағытында. Ең алдымен, еліміздегі басқару жүйесі «Президенттік басқару нысанында» деп сипатталады.
Конституцияда президентализмнің демократия институты ретіндегі саяси жүйедегі орны, мәртебесі өкілдіктері көрсетіліп, 40-шы бапта: «Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституция мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі», – деп нақты көрсетілген.
Саяси жүйенің құрамдас бөлігі болып табылатын – Президенттік институттың қалыптасып, дамуы, оның бедел алуы ұзақ, күрделі процесс. Сөз жоқ, президенттік институттың қоғамның саяси жүйесіне етене, икемді, ажырамас құрамдас бөлігі ретінде кірігіп кетуі, саяси бейімделуі бедел алуы уақытты, тәжірибені, үлкен заң шығарушылық қызметті қажет етеді. Бұл процестер біздің елімізде терең саяси тартыстарсыз, саяси сілкіністерсіз, эволюциялық жолмен өтті.
Президенттік институт саяси жүйедегі ерекше институт және барлық партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдар қызметінің кепілі болғандықтан, ол бүкіл саяси жүйеге немесе оның басым көпшілігіне сүйенгенде ғана саяси жүйеде топтастырушы, байланыстырушы рөл атқарады. Бұндай тірек-сүйенішсіз президенттік институттың әлеуметтік-саяси базасы әлсіз болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы қос палаталы Парламент.
ҚазақстанРеспубликасының 1995 жылғы Конституциясы елімізді президенттік басқару нысанындағы мемлекет деп жариялады.Кез келген демократиялық мемлекетте Парламенті болады. Ол біздің республикамызда да бар. Заңдар қабылдайтын бұл жоғары өкілді орган екі Палатадан: Сенат пен Мәжілістен құралады.Сенат екі түрлі жолмен жасақталады: 1) Сенат конститу-циялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының аста-насынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады.2) Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенат-тың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады.
Қазақстан Республикасының демократиялық даму жолында төмендегідей мәселелер маңызды орынға ие болып отыр:
мемлекеттің негізгі саяси институттарын одан әрі дамыту мен нығайту;
биліктің түрлі тармақтарының неғұрлым тиімді өзара ықпалдасуы;
биліктің түрлі тармақтарының қызметіне тәуелсіз қоғамдық бақылау, сондай-ақ олардың есептілігін, ашықтығын және тиімділігін күшейту;
Парламенттің жауапкершілігін ұлғайту және рөлін нығайту;
саяси тежемелік және тепе-теңдік жүйесін дамыту;
саяси партиялардың елдің саяси өміріне әлдеқайда белсене қатысуы;
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кепілдендіру үдерісін нығайту



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет