ҚОРЫТЫНДЫ
Сөзімді қорытындылай келе Шәмшінің өнерімен таныса отырып сүйікті халқын ән бесігіне, вальс ырғағына бөлеген аса белгілі сазгерді есте сақтау мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінде сазгердің өмір жолы мен шығармашылығына арнап іс-шаралар мемлекет деңгейінде жиірек ұйымдастырылып тұрса екен деген ұсынысым бар. Әрине Шымкент қаласындағы облыстық филормония мен бір көше, Алматы қаласындағы бір көше, композитордың туған өлкесі – Шәуілдір ауданындағы музыка мектебі Қалдаяқовтың есімімен аталады. Шымкент филормониясының алдына сазгердің ескерткіші орнатылды. Ал 1992 жылдан бастап жыл сайын сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестивалінің өтілуі – Шәмшіге деген халық ілтипатының белгісі. 2002 жылы «Шәмшіғұмыр» атты естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді. Сазгердің қай шығармасын алсақ та халқының жүрегінен ойып тұрып орын алғаны белгілі. Әр қазақтың той-томалағында да, тіпті мемлекеттік деңгейде өткізілген іс-шараларда Шәмшінің туындысы шырқалып елдің отанға деген сүйіспеншілікке толы махаббатын сезінеміз. Сазгерді жақсы таныған таныстары, ет жақын араласқан адамдары, замандастары ол кісінің өте қарапайым жан болғанын жиі айтады. Атақты бола тұра өз атқамінерлердің алдына барып, өз бас пайдасы үшін ешкімнен ештеңе сұрамағаны туралы да жиі айтылады. Бұл қасиеті Шәмшінің өзіне ғана тән тектілігі деп түсінемін. Бүгінде сазгердің мол мұрасымен сусындап өсіп келе жатқан жас ұрпақтың арасынан да Шәмшідей өр тұлғалы сазгерлер шығатынына сенімдімін.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 44 бет
2.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-томы 46 бет
3.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы 4.“Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 жыл 23 бет
5. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 жыл 8 бет
http://dereksiz.org
Достарыңызбен бөлісу: |