Реферат Тақырыбы: Шойын туралы жалпы мәлімет Орындаған: Кадиркулов Азилхан Тексерген



бет2/4
Дата24.10.2023
өлшемі38.27 Kb.
#481562
түріРеферат
1   2   3   4
шойындар

Шойынпеш есігі
Шойынпеш есігі (Дверца вагранки) — ашылмалы-жабылмалы есік. Шойын қорытудың технологиялық режімдеріне сай шойынпештің мезгіл-мезгіл жұмыс істеуіне байланысты, оның есігі арқылы тұтандыратын отын салынады. Металдын төменгі бөлігі балқи бастағанда жоғарыдан оқтын-оқтын шихта материалдары түсіріліп тұрады. Балқыту аумағынан 0,5 м жоғары орналасқан Шойынпеш есігі арқылы корытпаның даяр болғанын бақылайды.
Шойынның шығу тарихы.
Шойын туралы алғашқы деректер б.д 6-ғасырына келеді. Қытайда жоғары фосфорлы темір рудаларының құрамында 7% фосфор бар шойын алып, әр түрлі бұйымдар құйған. Батыс Еуропада 14-ғасырда шойын өндіру домна пештері пайда болған кезде басталды. Алынған шойынды болат өндірісіне немесе қару-жарақ жасауға жұмсаған(пушка т.б.). Ресейде шойын өндірісі 16-ғасырда басталды, бұдан ол дамып І Петр кезінде барлық елдерді басып озды, бірақ жүздеген жылдардан соң, Батыс Еуропа елдерінен қалып қояды. Тек 18-ғасырдың екінші жартысында вагранкалардың пайда болуы, құю цехтарының домна цехтарына бүлінуіне әкелді, яғни, шойын құю өндірісінің дамуынан бастады. 19-ғасырдығ басында соғылатын шойындарды өндіру қажеті туады. 20-ғасырдың екңінші жартысында шойындарды легерлеу тәсілдерін қолдана бастайды, ал бұл болса, шойынның қасиетін жоғарылатып, арнаулы қасиеттері бар шойындарды қолдануға мүмкіндік бере бастады(тозуға төзімді, коррозияға төзімді).
18-ғасырдың аяғында шойыннан құю архитектура саласында кеңінен қолданыла бастайды. Әсіресе, шойыннан конструкциялар құю 19-ғасырда дамып, тарихта «шойын ғасыры» деген атқа ие болды.
Сұр шойын ( құймалы шойын) Шойынның көп қолданылатын түрі « машина жасау, сантехникалық бұйымдар, құрылыс конструкциялары). Сұр шойындарда көміртегі бос күінде пластикалы графит шойынның беріктігін төмендетіп, кесумен өңдеудің сапасын жақсартады). Мұндай шойындардың құрамында графит болғандықтан, сынығы сұр түсті болады.Бл шойынды жайлап суыту арқылы кристаллизация жолымен алады. Сұр шойындарда графит тілім түрінде болады. Көміртегі мөлшері 2,2-3,7 %. Сұр шойын арзан құрылымдық материал болып есептеледі. Оның жоғары құйылғыштық қасиетері бар, кесумен жақсы өңделеді, тозуға төзімді, тербелмелі және ауыспалы жүктеме барысында тербелістерді жою қабілеті бар. Машина жасау өнеркәсібінде , құрылыста детальдарды жасау үшін констукциялық материал ретінде қолданады.
Соғылатын шойын-өте тұтқырлы, оны ақ шойынның қорытпасын күйдіру арқылы алады, яғни 950 С температурада ұзақ тұрғызып, жайлап суытады. Нәтижесінде графит үлпек түрінде болады. Бұндай түрдегі шойын өте сапалы. Соғылатын шойынды автомобиль, ауылшаруашылық және тоқыма машиналары құрылысында кең қолданады. Одан тозу жағдайында жұмыс жасайтын және ауыспалы жүктемелерді қабылдауға қабілетті беріктігі жоғары бөлшектерді жасайды. Мысалы, артқы көпірдің картері, тежегіш колодкалар, алтылықтар т.б. Соғылатын шойындар жоғары антикоррозиялық қасиеттермен сипатталады және ылғалды ауа, газ және су ортасында жұмысқа пайдалануға бейім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет