Реферат тақырыбы: Сөйлем мүшелерін оқыту әдістемесі Орындаған: Пейсенова М. Н мырзабай Б. Д жетекші: Сагалиева Ж. К


Синтаксисті оқыту мәселесі турасында бірер сөз



бет5/10
Дата28.03.2024
өлшемі373.67 Kb.
#496792
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Реферат Қазақ тілі

1.3 Синтаксисті оқыту мәселесі турасында бірер сөз
Қазақ тілінің синтаксис саласында дамыта оқыту мәселесі тілдік қатынасқа байланысты ауызша және жазбаша жұмыстар арқылы іске асады. Осыған орай сөйлесім әрекетінің 5 түрі бар:
1. Оқылым. 2. Жазылым. 3. Тыңдалым. 4. Айтылым. 5. Тілдесім.
Ғалым Ф.Оразбаева өз еңбегінде: «Жазылым» термині жазу деген мағынаны емес «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетіне сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді дейді.
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы грамматикалық таңбалардың тізбегі мен мағыналық жүйесі арқылы, яғни жазылым әрекеті арқылы іске асады. Адам өз ойын біреуге жеткізу үшін жазуды үйренеді.
Қазақ тілінің синтаксис саласынан жазылым әрекеті арқылы дамыта оқыту мынадай жазба жұмыстары арқылы іске асады: 1. Жаттығу жұмыстары. 2. Шағын мәтіндер. 3. Жүйелі жазба жұмыстары. 4. Бақылау жұмыстары. 5. Диктант. 6. Жазбаша ойын түрлері. 7. Іс қағаздары. Қазақ тілін үйретуде бұл жазба жұмыстарының барлық түрі арнайы зерттеуді қажет етеді.
Синтаксис саласын оқытуда кейде анықтамаларда айтылмаған белгілердің өзін жаттығу барысында байқатуға тура келеді. Мысалы, кітапта: «Аяқталған ойды білдіретін сөздер тобын сөйлем дейміз» деген анықтама берілген. Бұл – сөйлемнің мағыналық қана белгісі. Ал басқа белгілері (сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Әр сөйлемнің аяқталғанын дауыс ырғағынан байқауға болады) анықтамада көрсетілмейді. Бірақ оқушылар сөйлемдермен танысу, оларды талдау барысында сөйлемнің қалған (айтылмаған) белгілерін де меңгереді. Олар сөйлемдегі баяндауыштың маңына топталатынын, сондай-ақ сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдерде белгілі бір дауыс ырғағы болатынын біледі.
Ендеше, сөйлем туралы түсінікті қорытындылау барысында оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын толық жинақтап нақтылау бала ұғымының айқындала түсуіне мүмкіндік береді.
Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғалім:
1.Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мысал келтіріп қоюымен қанағаттанбай, өз ойынан немесе оқыған көркем шығармаларынан ойланып, мысал айтуын талап етеді.
2.Анықтама өтілгеннен кейін дайын мәтін береді де, соның ішінде анықтама бойынша қажетті сөзді немесе сөз тіркестерін тапқызады. Кей балалардың өздері ойлап тапқан мысалдарын талдату арқылы пікірлерін дәлелдеуді талап етуге де болады.
3.Анықтама бойынша берілген ұғымның негізгі белілерін санап көруді ұсынады.
4.Анықтамалар мен ережелерді дәл, анық, толық айтуға үйретеді.
Тіл білімінің синтаксис саласын өткен кезде оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға жалпы мына сияқты талаптар қойылады:
1.Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуды орындарлық білімі болуы шарт.
2.Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы барлығына түсінсе ғана, оны саналы орындайды. Жаттығуларды түсініп орындағанда ғана белгілі бір дағды қалыптасады.
3.Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріліп берілуі шарт, өйткені бір сарынды жаттығу оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады.
4.Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы шарт.
5.Жаттығу жұмыстары тек таяуда ғана өтілген материалдарға негізделмей, бұрын өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек.
6.Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауға тиіс. Әсіресе, балалардың жасы неғұрлым кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа мөлшерленеді де, үнемі жиі-жиі қайталауға негізделеді.
7.Творчестволық жаттығулар көбірек болуы қажет.
8.Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.
9.Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі жағынан аналитико-синтетикалық болғаны жөн: яғни грамматикалық талдау, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер мен мәтіндер құрастыру; салыстыру арқылы ұқсастық пен ерекшеліктерді табу, топтау; өз пікірлерін дәлелдей алып, білгендерінен жалпы қорытынды шығара білу.
10.Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың оқудан алған білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
Синтаксис бойынша жүргізілетін жаттығулардың ішінде кең тарағаны грамматикалық талдау болып табылады. Грамматикалық талдау жалпы түрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай-ақ ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Ауызша талдауда оқушылар бұрын оқылғандарына тоқталады, сөйлемдегі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді көрсетеді, оқытушының сұрауларына жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді. Жазбаша талдауда оқушылар сөйлем мүшелерін талдай отырып, олардың астын сызады немесе оларды айырып жазады, сұраулар қояды.
Грамматикалық талдау мазмұны жағынан морфологиялық, синтаксистік немесе аралас талдау болып бөлінеді. Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау болады.
Сонымен, қорыта келсек синтаксисті оқытуда оқушыларға сөйлем мүшелерін меңгерту маңызды орын алады. Ал бұл мәселені сөз ету үшін сөйлем мүшелерін оқытудың дұрыс әдістемесін ұсыну қажет. Оқушыға сөйлем мүшелері жүйелі оқытылған жағдайда ғана ол синтаксистік талдауды сауатты жасай алады. Келесі тарауда сөйлем мүшелерін оқытудың педагогикалық негізі туралы сөз еттік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет