Реферат тақырыбы: Сүт безінің қатерлі ісігі- Қазақстанда және әлемде сырқаттанушылық пен қауіп факторларын салыстырмалы талдау



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата26.12.2023
өлшемі0.5 Mb.
#488141
түріРеферат
1   2   3
Ермекбай В

Зерттеу әдісі. Бұл жумыс аналитикалық әдіс негізінде жасалды. 
Бүкіл әлемде сүт безі обыры әйелдердегі жәлпы қатерлі ісіктер қурамында 
аурушаңдық пен өміршеңдік көрсеткіштері бойынша бірінші орынды иелейді. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерi бойынша әлемде сүт 
безi қатерлi iсiгiнен болатын өлім соңғы 20 жылда 22% көбейген. Жыл сайын 
әлемде орташа есеппен 500 мың әйел осы дертпен ауырса, оның 250 мыңы 
өмірмен қоштасады. Осыған орай әр жыл сайын 21 қазан - «Дүниежүзі 
әйелдердің сүт безi қатерлі iсiгiнен қорғау күні» деп жариялануы да тегін емес. 
Барлық жерде сүт безі қатерлі ісігінің аурушаңдық көрсеткішінің өсу 
тенденциясы байқалады. Қазіргі уақытта АҚШ-та аурушаңдық көрсеткіші 100 
мың халық санына шаққанда 91 науқасты құрайды. 
Бүгінгі күні әрбір бесінші қазақстандықта алдағы өмір бойына қатерлі ісік 
ауыру қауіп-қатері бар. Қазақстанда 2014 жылғы статистика бойынша сүт безі 
қатерлі ісігінің аурушаңдық көрсеткіші 100 мың халық санына шаққанда 19,1 
құрады. Жыл сайын 29 мың әйел сүт безі қатерлі ісігімен ауырса, олардың 17 
мыңы қайтыс болады. Қазақстан Республикасында 15 жыл бұрын жыл сайын 2 
мыңға жуық науқас жаңадан есепке алынса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 
жылына 3 мыңнан аса науқас жаңадан есепке алынып отыр. Осыған орай
аурушаңдық көрсеткішінің интенсивті өсуіне байланысты үшінші мың 
жылдықта сүт безінің қатерлі ісігі онкологияның өзекті мәселесі болып отыр. 
Әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар құрылымында сүт безi қатерлі 
iсiгi бiрiншi орын алса, ол барлық қатерлі ісіктердің 21 пайызын (2014 жылдық 
көрсеткіш) құрайды. Республикада 2013 жылы қатерлі iсiкке шалдыққан 3263 
ауру анықталса, 2014 жылы ол 3272-ге өскен. Елімізде сүт безi қатерлі iсiгi әрі 
қарай өсуі әбден мүмкін көрінеді. Сондай-ақ сүт безi қатерлі iсiгiмен 
ауыратындардың жасарғаны да анықталып, оны алдын ала емдеудегі әсерлі 


жолдары қарастырылуда. Егер бұрын аурудың ең биiк шыңы 50-60 жастағы 
әйелдерде көбірек кездессе, қазіргі таңда 30-40 жастағы қыз-келіншектерде осы 
аурумен аурыратындар да жиі кездеседі. Сүт безі қатерлі ісігі 15-30 жас пен 50-
59 жас аралығындағы әйелдерде өте жиі кездеседі. 
Сүт безi қатерлі iсiгi төрт сатыдан тұрады: I және II сатыларда сүт безi 
қатерлі ісігімен радикальды (толық) емделуi ықтимал және аурулардың 80-92%-
ы бес жылға дейін өмір сүреді, ал III және IV сатылар кеш анықталған болып 
саналады және бұл кезең ең қауіпті жағдайға жатады. Өкінішке орай, ісіктің ерте 
сатыларындағы науқастар саны бұл ауру бойынша қаралатын жалпы әйелдер 
санының 10-15 пайызын құрайды. Науқастардың 50-60% бiрiншi қаралған сәтте 
сүт безi қатерлі ісігінің III және IV сатысында болады екен. 
Сүт безінің әр тұсында түйін немесе томпайған жердің пайда болуы, 
емшек ұшынан сұйықтың көрінуі аурудың бастапқы белгiлерi болып табылады. 
Бірінші өсу сатысында әйел ешнәрсені өзінен сезбейді, тек кездейсоқ жағдайда 
өзін-өзі сипағанда сүт безінде 1-2 сантиметр көлемдей түйінді байқайды. Дерттің 
екінші, әсіресе, үшінші, төртінші өсу дәрежелерінде денеде ауру сезімі ұялайды. 
Қолтық астында лимфа бездерінің шошынып ұлғаюы, қол бойында ісіктің 
көрінісі кейіннен пайда болады. Қатерлі iсiкпен ауырған науқастар дерті 
асқынған кездерде қатты шаршап, қажиды, элсiрейдi. Әлсiздiк, жүдеу бiрнеше 
күнге, аптаға, айға созылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет