Қорытынды
Індеттанулық балау әдістері індеттің шығуы мен таралуына қатысты төмендегідей мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.Індет бұғауының буындары.Аурудың індеттік ерекшеліктері. Індеттік жағдайдың негізгі көрсеткіші – күдік тудырған аурудың сол өңірде бар немесе жоқ екендігі. Басқаша айтқанда, тиісті індет ошағының немесе табиғи ошақтың болу болмауы. Егер ондай ошақ бұл аймақта болмаса, осы аурудың басқа жердегі ошағына ауырған малдың қандай қатысы болуы мүмкін екендігін анықтау. Бұл жағдай індет бұғауының нысандарын талдауға тікелей
Қатысты. Індет бұғауының буындарын талдау жануардың ауруға бейімділігінен басталады. Ауруға бейім жануар індет бұғауының соңғы буыны болса да, жануардың ауруға бейімділігі балау жұмыстарында бірінші кезекте ескеріледі. Оған мынандай мысал келтіруге болады, сиыр маңқаға шалдықпайтындықтан малдың бұл түлігінде аталған ауруға балау жүргізу орынсыз әрекет екені даусыз. Ауруға бейімділік жануардың түр, жыныс және жас ерекшеліктеріне негізделіп қарастырылады.
Індет бұғауының буындарын талдағанда екінші кезекте күдік тудырған ауру қоздырушысының бастауы болып табылатын ауру немесе микроб алып жүруші жануардың бар немесе жоқ екені анықталады. Егер инфекция қоздырушысының бастауы табылса, оның берілу тетіктері іздестіріледі. Ауруға бейім жануар инфекция қоздырушысымен тікелей жанаспаған жағдайда жұғу факторлары мен тасымалдаушылардың аурудың тарауына қатысы анықталады. Сонымен қатар инфекцияның қарастырылып отырған жағдайдағы мүмкін болатын берілу жолдары және олардың осы аурудың ерекшеліктерімен үйлесімділігі.
Пайданылған әдебиеттер тізімі
1.Сайдолдаұлы Т. « Індеттану» Алматы,1993ж. (255-260б).
2.Сайдулдин Т. «Ветеринариялық індеттану» Алматы, І999ж.(125-127б).
3.Қасымов Е. «Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы
Ауруларды балау және күресу шаралары» Алматы 1992ж.(200-205б).
4.Қасымов Е. И., Лесова Қ.А., «Ағылшынша-қазақша-
Орысша ветеринария сөздігі» Алматы 2005ж. (245 б).
Достарыңызбен бөлісу: |