Реферат Тақырыбы: тұқым қуалағыштық және қайталанғыштық Орындаған: Нұржанов Жәнібек Қабылдаған: Нұргүлсім Қастер Астана 2022



бет3/3
Дата02.05.2023
өлшемі22 Kb.
#473064
түріРеферат
1   2   3
4 апта тұқым қуалағыштық және қайталанғыштық

Гендік мутациялар


Гендік мутациялар геннің құрамының өзгеруінен туады. Генді ДНҚ-ның бір бөлігі десек, ДНҚ-дағы азотты негіздердің орналасу ретінің бұзылуы нәтижесінде басқа нәруыздар синтезделетінін білеміз. Олай болса, организмдердің көптеген морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық касиеттерінің өзгеруі осыған байланысты болады. Мысалы, өзімізге таныс бұршақ өсімдігі тұқымының түсі сары немесе жасыл, формасы тегіс немесе бұдыр, гүлінің түсі ақ немесе қара қошқыл, т.б. болуы. Жануарлардағы альбинизм (пигментсіздік), дрозофила шыбынының көзінің түсі жағынан ақ, сарғыш, ақ сары болуы, сондай-ақ адамда гемофилия, дальтонизм, фенилкетонурия, т.б. аурулардың болуы осы гендік мутацияларға байланысты болады.
Хромосомадағы бір локустағы мутация нөтижесінде өзгерген гендер әр уақытта аллельді болады. Мутацияның жиілігі өр түрлі аллельдерде бірдей жүрмейді. Бір аллельдік локуста мутацияның жиілігі 10"5—10~7 болады. Бірақ организмде гендердің саны өте көп болғандықтан, мутация да көп болады. Қазір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлар гаметаларында 10%-ға дейін табиғи өзгерістер кездесуі мүмкін.

Хромосомалық мутациялар


Хромосомалар құрылысының (құрылымдық) өзгеруі. Олардың екі типін ажыратады: хромосомалық және хроматидтік мутациялар. Көптеген хромосомалық мутацияларды препарат жасап, микроскоппен көре алады. Хромосомалық және хроматидтік мутациялардың мынадай түрлері бар: транслокация, инверсия, жетіспеушілік (делеция) және сақина тәрізді, т.б.
Транслокация дегеніміз — екі хромосоманың немесе бір хромосоманың (екі хроматид) хромосома материалымен өзара алмасуы.
Инверсия дегеніміз — бір хромосоманың ішкі бөлігінің 180° өзгеруі.
Сақина тәрізді хромосомалар — бұл таякша тәрізді хромосоманың сақина тәрізді болып өзгеруі.
Жетіспеушілік (делеция) деп хромосома иықтарының бөлшектерге үзілуін айтады. Хромосомалық мутациялар гендердің жұмысын өзгертеді. Мысалы, центромерасы бар транслокациялық, инверсиялық мутациялар тұқым қуалайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет