Өзін қабылдау. Бұл өзіндік қабылдауды және өзіне деген махаббаты
білдіреді. Адамның қаншалықты өзіне құрмет тұтатынын және өзіндік шешімге келе алу қабілетін өзіне қосады (Роджерс К., 1993, 69б.), өзіне деген
сенім, өзіндік табиғатына сену де осыған жатады.
Ішкі бастан кешу тәжірибесіне ашылу. «Бастан кешу тәжірибесі» -
гуманистік психологиядағы орталық ұғымдардың бірі. Ол ішкі әлемнің
жағдайларын субъективті бастан кешуді көшеді. Тұлға неғұрлым күшті және жетілген болса, соншалықты ол сыртқы әсерлерге бағынбайды және өзінің ішкі шынайылығына түңіле алады, қазіргі шықпен өмір сүре алады».
Өзін түсіну. Өзің және қазіргі күйің туралы тереңдетілген, толық және
нақты түсініктің болуы; өзіңді шынайы ретінде қабылдай алу, адекватты және иілгіш «Мен» коцепциясы, жаңа тәжирибені ассимиляциялай алатын, идеалды «Мен» мен шынайы «Меннің» жақындасуы –осылардың барлығы тұлғалық өсудің негізгі тенденциялары.
Жауапкершілікті ерік. Өзімен қатынас жасау деген кезде біз өзіміздің
өмірімізді саналап, өзіміздің бостандығымызды және субъекттілікті қабылдау.
Ол «ішкі локус бағалауды» білдіреді – құндылықтарды таңдаудағы
жауапкершілік жән бағалау, сыртқы бағалардан тәуелсіз болу. Сонымен қатар, бұл өзіндік танытудағы жауапкершілік, өз-өзіне сенімді болу.
Тұтастылық. Тұлғалық өсудегі маңызды бағдар – интегративтіліктің
күшеюі және кеңеюі және адам өмірінің аспектілерін байланыстыру. Әсіресе – ішкі өмірдің тұтастылығы мен адам тұлғасының өзі. Нақтырақ айтқанда,
тұтастылықты сақтау мен қорғау, ол адамда басынан бастап болады.
К.Роджерстің айтуы бойынша , басынан бастап «бала ... интеграцияланған және тұтас ағза болады, ол кейін индивидуализациялайды» (П. Тиллих, К. Роджерс., 1994, с. 140). Бұл жердегі мәселе бұл көбейетін индивидуализациялау және
дифференциялау адамның ішкі тұтастылығы мен конгруэнттіліктің жоғалуына алып келуі мүмкін. Тұтастылық пен конгруэнттілік адамның өмірінің
эффективті регуляциясымен байланысты болады.
Динамикалылық. Ішкі тұлғалық тұтастылық және келісушілік
аяқталғандықты білдірмейді. Керісінше, тұлға әрдайым өзгеріп отырады.
Осылайша жетілген тұлға –бұл қалыптасатын тұлға, яғни адамның дамуы оның өмір сүруінің негізі. Сондықтан да тұлғалық өсудің маңызды критерийі – динамикалылық, иілгіштік, өзгеруге ашықтық және дағды өз идентификациясын сақтап әрқашан қозғалыста, дамуда болуды көздейді. «Яғни мүмкіндіктерді
жүзеге асыру керек және әрқашан процесте болу керек» (Роджерс К., 1994, с.
221).
Достарыңызбен бөлісу: |