Түркі өркениеті
Қазақстандағы түркілер өркениеті даму үшін өте маңызды рөл атқарады Түрік қағанаты. «Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы кытай жылна- маларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюн- нулердің (ғұндардың) ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде Кыт- айдың Вэй князьдігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер (туцзюе) жыл сайын шапқыншылық жасап, ойран- дап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрылықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиға- ларға байланысты. 546 жылы тирек тайпалары казіргі Монғолияның онтүстігі мен орталык бөліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға (жу- ань-жуань) карсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген тиректер армиясының сан жағынан каншалыкты көп болғаны белгісіз, бірак олар- дың нөпірі сұсты болған деп топшыланады, өйткені тиректердің құрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың қуатты аварларға аз күштермен қарсы тұра алуы екіталай еді.Түрік қағаны Бумынь күтпеген жерден қатты шабуыл жасай отырып, бей-берекет жатқан тирек армиясын қапылысты басып, кескілескен шайқастан кейін оны күйрете жеңеді де, тиректердің 50 мыңнан астам әскерін түріктер тұтқынға алады. Даланын әдеттегі құқығының қағидаларына сәйкес тұтқынға алынған әскерлер өзінен-өзі жеңушінің армиясына қосып алынатын еді. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. Мұның бір көрінісі авар қағанына келіп, авар қағаны үйінің ханшасын Бумынға әйелдікке бер деп үзілді-кесілді талап еткен түрік елшілігі болды.Мұның өзі қағанмен тең кұкықтылығын көрсетуден гөрі оны басынғандық еді. Авар кағаны Анағұй: «Маған бас иетін - вассал. Бұлай деуге кайтіп дәтін барлы?» деп Бумыньға жаушыларын жібереді. Бірак аварлар калыптаса бастаған Түрік қағанатының күшін бағалай алмады, ал түріктер тара- пынан мұнын өзі осылай болуға тиіс деп дұрыс ойластырылған әдіс кана болатын. Енді бұрынғы вассалдардын бұрынғы билеушілеріне қарсы соғыс ашуға дәлелі табылады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете женгені соншалык, Анағұй өзін өзі өлтіреді. Осы кезден бастап түрік билеп-төстеушілері қағандар атағын алады, сөйтіп аварлардын бұрынғы күш-қуатына да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орныктырады. 552-553 жылдары түріктер «батыста идті (эфтал) бағындырады». Әнгіме Орта Азия эфталиттері туралы болып отырмағаны күмәнсіз, өйткені олар- ды жаулап алу үшін алдымен Алтайдан Токарстанға дейінгі жолдағы мемлекеттердің бәрін бағындырып алу керек еді, ал ондай мәліметтер бізде жоқ. Оның бер жағында түріктердің Орта Азия эфталиттерін 563-567 жылдары, яғни он жылдан кейін жаулап алғаны баршаға мәлім. Сондықтан «батыста идті талқандады» деген сөзді география тұрғысынан Алтай аумағымен шек- теу керек. Түріктерді караэфталит аймағына орналастыратын шежіреші олар осы жерде болған дейді?. VIII ғасырдын орта шенінде ұйғыр жансыздары да оларды осы жерден тапқан. Сөйтіп, батысқа түріктердің Бумынь мен Иштемидің бастауымен жасалған жорығы туралы айтылып отырғандықтан (соңғыға Жетісу түріктері қағанатының құрамына кіретінін көрсететін «Он тайпа» атағы берілген болатын), нақ осы ауданды түріктердің 552 жылғы әскери экспедицияларының батыстағы жеткен шегі деп санау керек
Достарыңызбен бөлісу: |