Реферат Тақырыбы:«xviii ғасыр ортасы мен XX ғасырдың басына дейінгі қазақ жерін зерттеуге келген орыс интеллигенциясы»



бет2/6
Дата08.02.2024
өлшемі105.43 Kb.
#491340
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Маратова Реферат тарих

Негізгі бөлім
Чехачев зерттеулері, Алтай экспедициясының нәтижелері
Платон Александрович Чихачев та орыстың көрнекті табиғат зерттеушілері мен саяхатшыларының бірі. Орыс географиялық қоғамының негізін қалаушы, көптеген экспедициялардың қатысушысы.
B 1839-40 ол В.И.Даль және Н.В.Ханыковпен бірге Хиуа экспедициясына қатысты. 1842 жылы Пиренейден өтті. 1848 жылы оның «Сыр мен Әмудария жоғарғы ағысы мен Памир таулы аймағын зерттеу туралы» атты еңбегі жарық көрді.
Петр Александрович Чихачевтің Алтай экспедициясының нәтижесі болған ғылыми еңбектерінің ішінде оның жалпы Алтайдың, оның ішінде Қазақстанның геологиялық құрылымы саласындағы зерттеулері ерекше орын алды. Ол бірнеше түпнұсқа карталарды құрастырды.
Петр Александрович Алтайдың геологиялық тұрғыдан негізінен палеозой жыныстарынан тұратынын және Ресейдің бұл бөлігінде архей, зозой және тіпті протерозой дәуірлеріне тән ежелгі магмалық тау жыныстары жоқ екенін анықтады.
Чихачев бірнеше рет «бұл жерде, нақты айтқанда, бұл жерде ежелгі түзілімдер жоқ, яғни планетамыздың бастапқы қатты қабығын білдіретін тау жыныстары» деп бірнеше рет атап өтеді.
А.И. Левшин де үш жүздің, бүкіл қазақ даласының барлық дерлік ру-тайпаларының этникалық территорияларын өзінің 1832 жылы жарық көрген белгілі «Қырғыз-казақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» атты еңбегінде барынша сипаттап, құнды деректер жазып қалдырды.. Аталмыш еңбектің этнографиялық бөліміне арналған беттерде үш жүздің құрамына біріктірілген ру-тайпаларының територияларын, сипатын, тұрмысын сипаттайды. Қазақтың кіші жүзінің көшіп қону территориясын Сыр, Жаңадария, Ембі көлдері мен Қара-Борсық құмдары; Төменгі Орал, Қаракөл; Орал, Елек, Ырғыз, Сағыз өзендері аралығында орта жүздің көшу территориясы Торғай, Нұра, Тобыл, Ертіс, Есіл өзендері мен Тарбағатай, Аман-Қарагай таулы аймақтарына сай келеді; Ұлы жүздің көшу территориясы деп Шу, Талас, Іле, Қаратал, Көксу, Сарысу өзендері мен Қаратау, Тарбағатай тауларының жанында Жетісу жерін белгілеген деген ақпарат ала аламыз. ХVғ. – XVIII ғасырдың басындағы Қазақ халқының этникалық территориясының қалыптасу тарихының зерттелуі тайпалардың ораналасуында да айырмашылық аз. Мысалға жоғарыда аталып өткен «ХХ ғасырдың басындағы қазақтар» атты этникалық картамен салыстырғанда Левшиннің көрсеткен кіші жүздің әлімұлдарының орналасуы сәйкес келеді; арғындардың қонысы жалпылама жазылғанымен негізгі жайылым территориялары да аталған, оны картадан байқауға болады. Тек Левшин ұлы жүз руларының территорияларын бөлектеп жазып жатпаған, жалпылама бүтін жүздің территориясын көрсеткен. Талданып отырған В.Н. Гавердовский мен А.Н. Левшиннің еңбектері жазылу мақсаты мен құрылымы жағынан өте ұқсас болып келеді. Екеуінің де еңбектері үлкен зерттеу жұмысы, алайда А.И. Левшиннің тарихшы болуы да еңбектің сапасын арттырғанын айта кету керек. Дегенмен Ш.Ш. Уәлиханов оның кітабынан бірқатар қателер тауып, ескертпелерін жазып қалдырғанын да ұмытпайық. В.Н. Гавердовский мен А.И. Левшиннің зерттеу жұмыстары біздің диссертациялық еңбегіміз үшін негізгі тарихнамалық құндылыққа ие әдебиеттер болмақ және кейінгі кезеңдердегі әдебиеттермен салыстырмалы талдаулар жасалуда қолданылмақ. Қазақ халқының этникалық территориясының қалыптасу тарихының ХХ ғасырға дейінгі тарихнамасын айтқанда қазақтың шоқ жұлдызы атанған Ш.Ш. Уәлихановтың еңбектерін айналып өте алмайтынымыз анық. Жалпы қазақ тарихнамасында аталған кезеңге қатысты ХҮІІІ ғасырдан бастап елдің тарихы мен болмысын зерттеп-білу мақсатында келген саяхатшы ғалымдардың жазбаларынан өзге Шоқан зерттеулерінің маңызы ерекше, орны жоғары. Ғалымның «Ұлы жүздің қырғыз-қазақтары туралы», «Қырғыз шежіресі» атты еңбектері біздің зерттеуіміз үшін маңызды . Егерде орыс ғалымдары негізінен өздеріне территориялық жағынан да, саяси тұрғыдан да жақын болған Кіші жүз бен Орта жүзді егжейтегжейлі зерттесе, Шоқанның еңбегі сол, ол қазақтың Ұлы жүзі туралы этникалық тұрғыда ақпарат қалдырған, соның ішінде ұлы жүздің кейбір тайпаларының мекені туралы да жазады. Сөйтіп ХҮІІІ ғасырдың ортасында Кіші Жетісу жерінде (солтүстігінде Іле өзені, оңтүстігінде Тянь-Шань, батысында Балқаштың оң жағалауы, шығысында Қытай шекарасы) ұлы жүздің басты екі руы дулат пен албан қоныстанған, ішінара шапыраштылар да бар дейді. Албандардың жайылымының батыс шекарасы Түрген өзені, олар тіпті азын аулақ салық төлеп қытай жерінде де мал жая береді екен. Албандардан батысқа қарай дулаттар мен шапыраштылар аралас жайылымдарды қолданады, олардың көшіпқону алабы Шу өзенінен асып Таласқа дейін, одан әрі ташкенттік қалаларға қарай созылып жатады. Ғалым дулат руларының ұлы жүздің құрамындағы басқа да рулардан ірілігімен, байлығымен, халық санының көптігімен және жайылымының кеңдігімен ерекшеленетінін алдыға тартады. Ш. Уәлиханов сол кездегі Кіші Алтай территориясының 1755 жылы Жоңғарлардың мемлекетінің жойылғанынан кейін қазақтың Ұлы жүзінің территориясына қосылғанын, бірақ 1840 жылға дейін Қытай қазынасына салық төлеп отырғанын да жасырып қалмайды. Алайда сол жылы шапыраштылардың батырлары аспан асты елінің әскерін ТереңӨзек түбіндегі шайқаста келмеске қайтарғанын айтады . Осылайша қазақтың Шоқаны орыс ғалымдарының еңбектерінде жазылмай кеткен ақтаңдақтардың орнын толықтырғандай Ұлы жүз тайпаларының территориялық межелерін сызып қалдырған. Қарастырып отырған кезеңге қатысты қазақ ру-тайпаларының этникалық территориясының зерттелуінде тарихнамалық маңызы зор еңбектердің қатарында А.Н. Аристовтың «Ұлы жүз қырғыз-қазақтары мен қарақырғыздардың этникалық құрамын анықтау тәжірибесі» және «Түрік тайпалары мен халықтарының этникалық құрамы туралы жазбалар және олардың саны туралы мәліметтер» атты шығармалары бар . Қазақ халқы үшін бұл еңбектердің құндылығы сол, автор әрбір ру туралы терең әрі мазмұнды зерттеу жүргізеді, олардың қоныстану территориясы, халық саны, таңбалары мен ұрандары, ру атауының этимологиялық анықтамасы жасалынған. А.Н. Аристов алғашқылардың бірі болып түрік тайпалардың жақындығын, тарихи сабақтастығын таңбасына қарап анықтау мәселесін көтерді. Алайда түрік тайпаларының шығу тегі мен өзара байланысын зерттеуге арналған бұл еңбекте территориялық аумақтар жалпылама берілген, жекелеген рулардың қоныстары туралы егжей-тегжейлі мәлімет аз. Кушнердің белгілеген этникалық шекараларды межелеудегі тілдің маңызы қалай жоғары болса, қазақ ру тайпаларының этникалық тегінің, туыстық қатынастарын анықтауда А.Н. Аристовтың айтып отырған рулық таңбалар да зерттеу маңызды деп есептеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет