Реферат Тақырыбы:«xviii ғасыр ортасы мен XX ғасырдың басына дейінгі қазақ жерін зерттеуге келген орыс интеллигенциясы»


Северцовтың зоологиялық, геологиялық еңбектері



бет3/6
Дата08.02.2024
өлшемі105.43 Kb.
#491340
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Маратова Реферат тарих

Северцовтың зоологиялық, геологиялық еңбектері.
Николай Алексеевич Северцов (1827-1885) өзінің ғылыми өмірінің денін орта Азия мен Қазақстанды зерттеуге бағыштады. Ғалым 57 жасының 23 жылын осы өлкелерде саяхатта өткізді. Ол мұнда жеті экспедиция ұйымдастырды, олардың 4-і Қазақстанның оңтүстігі мен батыс облыстарының аумағын қамтыды. Н.А.Северцов өз зерттеулерінің негізінде Тянь-Шань тау жүйелерінің, Арал төңірегіндегі Қызылқұмның, төменгі Сырдарияның және басқа аудандардың тұңғыш рет толық географиялық және геологиялық карталарын жасап, олардың табиғат жағдайларын ғылыми тұрғыдан талдады.
Мерзімі жағынан Сeверцовтың Қазақстанды зерттеуге кірісуі П.П Семеновтың Тянь-Шаньға экспедициясымен қатарлас келеді. Бірақ Семенов зерттеуді таулы аймақтардан бастаса, ал Северцов Арал төңірегіне және Сырдария өзенінің төменгі сағасына сапар шекті.
Н.А Северцов экспедициясы (1857-1859) жасақтаған Россия Ғылым академиясы оған "осы өлкеде зоологиялық және геологиялық зерттеулер жүргізуді" тапсырды.
Өз жұмысын Орынбор қаласында бастаған Сверцов онан кейғн Мұғалжарды, Үстірт қыратын, Арал теңізінің солтүстік жағалауын байқап қарады, Сырдария өзенімен сапарға шығып, Перовск портына дейін жетті. Ол солтүстік Қызылқұмды аралаған сапарынан кейін экспедиция жұмысын тәмәмдады. сверцов пен Борщев осы аудандардың жаратылысы, геологиясы, климаты және зоологиясы жөнінен сол уақытқа дейін беймәлім болып келген толып жатқан жаңа ғылыми деректер жинады.
Қоқан хандығының Россиға өщпенділігінің өршуіне байланысты Северцов жұмыс істеуі қиындады. Сырдария өзенімен сапар шегіп жүрген Северцовты қоқандықтар тұтқынға 1 айға жуық отырып шықты.
1860 жылы Н.А.Северцов Оралдағы қазақ әскерлерін орналастыру жөніндегі комитеттің мүшелігіне сайланып, "Оралдағы қазақ жерінің жаратылыстану-тарихи жағдайларын зерттеу" ісіне кіріседі. Ғалым тексеру бағдарламасына зоологиялық бақылаулар жүргізіп, коллекциялар жинаумен катар топырақты, өсімдіктерді, климатты зерттеуді, сондай-ақ геологиялық және этнографиялық барлауларда жүргізді.
Үш жыл бойы (1860-1862) экспедициялық жұмыс кезінде ғалым құстардың жіне сүтпен қоректенушілердің мол коллекциясын жинаған. Бұған қоса ол Орал балықтарының мыңға жуық данасын әкелген. Ол Гурьев қаласында Карелиннің коллекциясын қолына түсіріп, оны Ғылым Академиясына тапсырған.
1864 жылы Северцов Тянь-Шань экспедициясына аттанады. Ол Тянь-Шаньның батыс және солтүстік сілемдерін зерттейді. Солтүстік Тянь-Шаньның көз тартарлық ғажайып көрінісіне қайран қалып сүйсінген. Іле және Қырғыз Алатауын тамашалап, коллекция жинау ісін онан әрі жалғастырады сонымен қатар геологиялық бақылауларын тексеріп анықтайды. Ол өз сапарын Верный қаласынан бастап Шымкент, Әулиеата, Жамбыл қалаларының төңіректерінде, Мерке селосында өткізеді, Талас өзенінің алабына бақылау жүргізеді. Бұл араларда ол өзендердің геологиялық жаратылысын, табиғи ерекшеліктерін, өсімдіктері мен жануарлар дүниесін зерттеді және Қаратау тауларына да сапар шекті.
Н.А.Северцовтың Орта Азияға жүргізген басқа да зерттеулерінің Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан танып-білуге тікелей қатысы бар.Айталық, Түркістан ғылыми экспедициясы жұмыс істеген кезде ғалым Тянь-Шаньның геологиялық-географиялық және жаратылыстану-тарихи жағдайларын зерттеп, оларды таудың қазақстандық бөлігімен жалпы ортақтырса, сабақтастыра қарастырды. Н.А.Северцов Амудария экспедициясы Арал-Каспий алабы мен Қызылқұмды зерттеу жолында Қаратау тауларында, Іле Алатауында, Түрген, Үшмерке және басқа өзендердің алқаптарында зерттеу жұмыстарын жүргізді, ал Амудария өзеніне бет алған сапарында ол Сырдария өзені мен Арал теңіз туралы өз бақылауларын толықтырды.
1879 жылы Северцов Жетісуға тағы бір рет, бұл жолы ақтық рет сапар шекті. Ғалымның шығармасын зерттеуші золотницкаяның деректері бойынша, "экспедицияның жүрер маршрутын да, атқаратын жұмысының бағытында ешкім білмеген" бұл сапарын саяхатшы өз қаражатымен ұйымдастырған. Экспедициясының міндеттері мен маршрутын автордың күнделіктегі жазбаларына қарап, қалпына келтірген Р.Н Золотницская былай деп жазады:"Тянь-Шаньда жүргізген зерттеулерінің қорытындыларын тиянақтап, ертеден ойында жүрген сүбелі еңбегін жасау үшін Сверцовқа кейбір жағдайларды тағы да анықтап, көзге түскен бірен-саран олқылықтардың орнын толтыру қажет болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет