Реферат Тақырып : Жер кадастры бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жоспарлаудың негіздері



бет3/4
Дата08.11.2022
өлшемі29.01 Kb.
#464290
түріРеферат
1   2   3   4
Реферат №1

2.2.Жер кадастырының мазмұны
Жер кадастры жүргізілетін жұмыс ретіне және мазмұнына қарай екі түрге бөлінеді: негізгі (бірінші, алғашқы) және ағымдағы немесе күнделікті (келесі). Негізгі кадастрдың міндеті – кадастрленетін жер учаскесі, аудан, облыс жерлерінің табиғи, құқықтық және шаруашылық жағдайы туралы алғашқы мәліметтерді алу немесе анықтау және жер-кадастрлық құжаттарға енгізу. Негізгі жер кадастры мерзімді немесе оқтын-оқтын жүргізіледі және қайта түсіру, тексеру, жер-бағалау жұмыстарын орындау, жаңа жер пайдаланушылар немесе оларды қайта құрудан кейін жүргізіледі. Сонымен қатар қайтадан бекітілген құжаттарды толтырған кейін жүргізіледі. Негізгі жер кадастры жекеленген жер пайдалану, аудандар және үлкен, жалпы мемлекет аумағын қоса, әкімшілік-аумақтар бірлігінде жүргізілуі мүмкін. Негізгі жер кадастры кезінде жалпы жер пайдалану ауданы, алқаптар құрамы, жердің сапалық жай-күйі, топырақты бонитеттеу және 33 экономикалық тұрғыдан бағалау туралы мәліметтер мен құжаттарды жинайды, талдайды және жіктейді. Жиналған мәліметтерді мұқиятты талдайды және дұрыстығы мен объективтілігін тексереді. Қажетті жағдайда мәліметтерді реттейді немесе жетіспейтін мәліметтерді алу үшін қосымша жұмыстар жүргізіледі. Содан кейін оларды жүйелейді, қайтадан қарап шығады да белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі де бастапқы мәліметтер ретінде жер-кадастрлық құжаттарға енгізіледі. Олай болса негізгі жер кадастры жер қорының жай-күйі жайында толық ақпара береді. Жер қоры жайында толық мәліметтердің болуы келешекте жерлерді тиімді және дұрыс пайдалану үшін әртүрлі шараларды жоспарлауға мүмкіншілік береді. Сондықтан жер кадастры жүйесінде құнарлығы шамалы алқаптар соңынан қарқынды пайдалануға айналдыруға болатындар есепке алынады. Мысалы, тыңайған жерлер, шабындықтар мен жайылымдар көлемінен жыртуға болатын жерлер бөлінеді. Бұталардан егістікке, шабындық пен жайылымдарға тазалауға болатын учаскелерді бөледі. Бұл жер кадастрының алқаптарды өзгермейді немесе тұрақты деп қарамайтынын және оларды бір түрден екінші бір түрге ауыстыру жағдайын немесе құнарлығы шамалы жерлерді құнарлығын арттыруды жоспарлайтынын көрсетеді. Жердің сапалы жай-күйінің өзгеруі оларды мелиорациялау, химияландыру, топырақтың эрозиясымен күресу және басқа да шараларды жүргізгенде жақсы байқалады. Жерді тиімді пайдалану ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін, жалпы өнім шығымдылығын, таза табыс, шығындар қайтымдылығын және басқа да экономикалық бағалау негізіндегі көрсеткіштер мөлшерін арттырады. Жер-кадастрлық мәліметтер шындыққа сәйкесті болуы үшін көрсетілген өзгерістер жер кадастрында көрсетілуі тиіс. Олай болса жер кадастры мемлекеттік жер қорына санаттары, жер пайдаланушылар, алқаптар құрамы және олардың сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді алғашқы есепке алу кезіне және жер пайдаланудағы өзгерістерді уақытымен жер-кадастрлық құжаттарға енгізуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл міндетті ағымдағы немесе келесі жер кадастры атқарады. Ағымдағы кадастр жер пайдалануда бастапқы кадастрды жүргізгеннен кейінгі өзгерістерді айқындау және жер-кадастрлық құжаттарға енгізу жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар ағымдағы кадастр міндетіне алғашқы жазулардағы қателіктерді түзету және жаңа талаптар бойынша қосымша мәліметтерді енгізу жатады. Былайша айтқанда ағымдағы кадастр жер-кадастрлық мәліметтерді қазіргі заман деңгейінде ұстауды қамтамасыз етеді. Ағымдағы кадастрда тек заңды түрде болатын өзерістер ескеріледі. Заңсыз болған өзгерістер, мысалы біреудің жерін тартып алу, негізгі ауылшаруашылығы алқаптарының ауданын кішірейту және басқа да ағымдағы кадастр арқылы айқындалып және бекітілген тәртіпте рәсімделмеген өзгерістер жер-кадастрлық құжаттарға енгізілмейді. Бірақ 34 оларды жою шаралары қолданылады. Олай болса ағымдағы кадастр негізгі кадастр сияқты жерге мемлекеттік меншікті, жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар құқығын қорғау және оны тиімді пайдалану жолында тұрады. Негізгі және ағымдағы жер кадастры жер кадастрының өзара байланысқан сатылары. Негізгі кадастр ағымдағы кадастрды жүргізуге негіз болады және оның жұмыстарын анықтайды. Ағымдағы кадастр негізгі кадастр мәліметтерін жаңартып, қосымша мәліметтер енгізіп отырады, осығар орай жер туралы мәліметтер қазіргі заман деңгейінде болады. Сондықтан ағымдағы кадастр негізгі кадастр аяқталған кейін дереу құрылуы керек. Ағымдағы кадастр кезінде негізгі кадастр материалдары қолданылады. Олай болса ағымдағы кадастр негізгі кадастрдан көлемі және жүргізілетін жұмыстар сипатымен айрықшалады.
Жер кадастрының негізгі принциптері – оның бірыңғайлығы, мәліметтердің объективтілігі немесе сенімділігі, мәліметтердің толықтығы, үздіксізділігі, құжаттылығы, мәліметтердің көрнектілігі, анықтылығы және қол жетерлігі, үнемділігі, орталықтан мемлекеттік басқару.
Жер кадастр жүйесінің бірыңғайлылығы. Ол бірыңғай жүйе бойынша бірыңғай әдістемелік негізде жүргізілді. Оның негізіне бірыңғай мемлекеттік жер қорын табиғи, шаруашылық, құқықтық тұрғыда сипаттаушы ғылыми негізделінген көрсеткіштер алынады. Мұнда кадастр жүйесінде белгілі бір келісімдік болу керек. Біріншіден, оның кұрамдық бөліктерінің мазмұнында және жүзеге асыруында; екіншісі жер кадастрын қоюда мөліметтердің мазмұнында оның жеке буындарында (кәсіпорын, аудан, қала, облыс) мен оларды алу тәсілінде; үшіншіден жер кадастры құжаттарының төменгі буыннан бастап, жоғарыдан аякталатын мазмүнында. Бірыңғайлылыкта негізделе отыра, бұл жүйе жерлердің жай-күйіндегі және пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін айқындауы керек.
Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі. Бұл олардың объективтілігіне тығыз қатысты, олар жер қорының нақты мөлшерлерін, үлестірілуін және сапалық жай-күйін дәл айқындауға байланысты. Жер кадастрында өндірістік мәселелерді және жерлерді пайдаланумен байланысты басқа да міндеттерді атқару үшін жерлердің табиғи, шаруашылықгық, құқықтық жай-күйлері туралы қажетті дәлділікті мәліметтермен қамтамасыз ететін жер учаскелерін тіркеу, зерттеу, есепке алу, бағалау тәсілдерін қолдану керек. Жерлер жай-күйіне, пайдалануына байланысты алқаптар бойынша топтастырылады. Мәліметтердің дұрыстығы кадастрлік жерлердің нақтылы жер аудандарына, сапалық жай-күйлеріне, пайдалануына сәйкес болуы керек. Бұл талап жерлерді зерттеуде жетілген кәзіргі түсіру әдістерін қолданғанда ғана орындалады.
Жер кадастры мәліметтерінің толықтығы. Жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай-күйлері туралы қажетті мәліметтердің барлық жиынтығымен айқындалады. Кадастрлік мәліметтердің тәптіштеу дәрежесі және оның құжаттарының мазмұны жүргізу деңгейіне (аудан, облыс, 35 республика) тәуелді. Жер қорының мөлшерлері, жай-күйі, пайдалануы туралы дәл жөне толық мәліметтерді алу үшін барлық жерлер, олардың кадастр жүргізу кезінде нақгы пайдаланылуы немесе біреуге табысталуына қарамай есепке алынылуы керек.
Жер кадастрының үздіксіздігі. Мұнда жер қорының барлық өзгерістері кадастрлік құжаттарда есепке алынып жазылады. Өзгерістердің түріне байланысты бір мәліметтер (есепке алу, тіркеу) жүйелі түрде көрсетіліп отырса, басқалары (бағалык) - оқтын-оқтын жаппай немесе тандау тәртібімен жаңартылып отырады, Сөйтіп, кадастр мәліметтері кәзіргі деңгейде ұсталып, оны жүргізудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Жер кадастрының құжаттылығы деп жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай-күйлері туралы мәліметтерді алу, жазу тек қана тиісті құжаттар, материалдардың негізінде жүргізілуін айтады. Жер учаскесін тіркеу тиісті мемлекеттік органдар шешіміне немесе олармен мәліметтер бойынша нотариалды куәлендірілген құжаттарға сүйенеді. Жерлерді есепке алуда, бағалауда түсіру және зерттеу материалдарының маңызы өте зор. Кадастр мәліметтерінің көрнектілігі, анықтығы және қол жетерлігі. Материалдарды кадастрлік құжаттарда тиімді және ыңғайлы орналастырумен қатар, әртүрлі картографиялық материалдарды, кадастрлік ақпаратты жинау, талдау, өндеу, сақтау және беру электрондық карталарды, жоспарларды, картограммаларды, диаграммаларды қоса, компьютерлік технологиясын қолданумен жетіледі. Жер кадастрының мәліметтері және материалдары жеке және заңды тұлғалар учаскесін әртүрлі шаруашылық, кұқықтық және жерлерді пайдалану, қорғау мәселелерін шешуде қарапайым, қол жетерлі болуы тиісті.
Жер кадастрының үнемділігі. Кәзіргі өлшеу, зерттеу әдістерін, сондайақ компьютерлік техниканы қолдану арқылы қажетті мәліметтерді алу және оларды кәзіргі деңгейде ең аз шығынмен ұстауды қамтамасыз ету. Аэрофототүсіру және аэроғарыштық түсіру материалдарын пайдалану жеріміздің барлық аумағы арқылы кең ақпарат бере отыра, қыска мерзімде жер қорының үлестіруі, жай-күйі және пайдалануында өтіп жатқан барлық өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді. Жер кадастрын орталық, мемлекеттік басқару кадастрлік жұмыстарды бірдей әдістеме бойынша жүргізіп, жер қорының жай-күйі, оның пайдалануы туралы салыстырмалы сенімді мәліметтерін алуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет