Реферат тақырып: Аралас белоктық дистрофия Орындаған: Ізбасар А. А. Тексерген: Мурзакаева Г. К. Астана 2024 жыл Жоспар



бет3/5
Дата26.09.2024
өлшемі31.16 Kb.
#504026
түріРеферат
1   2   3   4   5
Срс 3

Мүйізгек дистрофия (патологиялық қабыршақтану) – торшада мүйізгек затының түзілуі (кератин). Қабыршақтану үрдісі эпидермиста байқалады. Патологиялық жағыдайларда мүйізгектердің артық түзілуі (гиперкератоз) және мүйізгек түзудің сапалық бұзылуы (паракератоз) болуы мүмкін. Қабыршақтану кілегей қабықтардада кездеседі (лейкоплакия).
Гиперкератозға мысал ретінде, терінің ұзақ уақыт тітіркенуі салдарынан туындайтын құрғақ сүйелді келтіруге болады. Микроскоп арқылы мүйізгек затының артық қабатталуы мен мальпиги қабаты торшаларының гиперплазиясы әсерінен жуандауды көруге болады. Кейбір кездерде жылқыларда қабынған тері аурулары кезінде тікенді торшалар қабатының гиперторофиясы мен бүраралық эпителальді өскіндердің ұзаруы салдарынан эпидермистің тікенді жуандауы дамиды. Осындай зақымдану акантоз (грек. akantha – тікен, ине) деп аталады. Гиперкератозға құбыжыққа ұқсас ихтиоз (грек. ixhtys - балық) жатады. Осы жағыдайларда жаңа туғандардың терісі бұдырлы, қатты әсері, балық қабыршағы тәрізді сұр мүйізді түзілулердің пайда болуы. Терісінің осындай зақымдалуы бар жануарлар бірінші күндері – ақ өліп қалады.
Мүйізгектердің артық түзілуі дермоидті сарысулы ісіктерде, конкроид (рак тәрізді ісік) және сүйел болғанда байқалады.
Паракератоз (грек. para – маңайында, keratis – мүйізгекті зат) – эпидермис торшаларының кератоглиалин өңдеу қабілетін жоғалтуымен білінетін, мүйізгек түзілудің бұзылуы. Осыған байланысты мүйізгек қабаты жуандаған, борпылдақ болып келеді. Микроскоп арқылы саусақ таяқ тәрізді ядролы мүйізгек торшаларды анықтай алады. Паракератоз дерматит және қабықшалы теміретке болғанда байқалады.
Лейкоплакия – қабыну үрдістері мен А авитаминозы кезінде әр түрлі тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болатын, кілегей қабықтардың патологиялық мүйізденуі. Мысалы: шошқалардың кілегей қабықтарында оның несеппен созылмалы тітіркенуінен препуция болады. Кілегей қабықтарда мүйізденген эпителлиден тұратын, өлшемі әр түрлі, ақшыл – сұр түсті, дөңгелке пішінді көтеріңкі аумақтар түзіледі. Күйіс қайыратын жануарларда осындай өзгерістер уретрада, несеп қабықшасында және мес қарында байқалады. А авитоминозы кезінде өңештің, жұтқыншақтың, ауыз қуысының безді эпителиі мүйізгектенеді.
Патологиялық мүйіздену өзінің шығу тегі бойынша морфологиялық және патогенетикалық қатысында ақуыздық алмасудың бұзылуына байланысты емес, бір-ақ, метаплазия мен ұлпалардың гипертрофиялық өсу үрдісіне жақын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет