Реферат тақырып: Аралас белоктық дистрофия Орындаған: Ізбасар А. А. Тексерген: Мурзакаева Г. К. Астана 2024 жыл Жоспар



бет2/5
Дата26.09.2024
өлшемі31.16 Kb.
#504026
түріРеферат
1   2   3   4   5
Срс 3

Гиалинді – тамшы дистрофиясы – цитоплазмада ірі жартылай мөлдір біркелкі ақуыздық тамшылардың пайда болуымен сипатталады. Бұл үрдістің негізінде плазмадағы патологиялық ақуыздық заттардың торшаларымен резорбциялануы жатыр. Гиалин тәрізді тамшылар өзінің торшалық ақуыздармен денатурациясы нәтежиесінде түзілуі мүмкін. Бұл дистрофиялар ұлпалардың созылмалы қабыну ошақтарында, безді ісіктерде, бірақ, әсіресе жиі, нефроз бен нефрит кездерінде бүйрек жолдарының эпителилерінде кездеседі. Нефритпен ауратын жануарлардың зәрінде ақуыз бен цилиндрлік эпителий болады.
Гиалинді тамшы дистрофиясының ақыры қолайсыз, себебі бұл үрдіс өлі еттенумен (некроз) аяқталады.
Гидроскопиялық (сулы, вакуольді) дистрофия жасуша цитопоазмасында мөлдір сұйықтығы бар вакуольдердің түзілуімен сипатталады. Кариолизис үрдісі торшаның сұйықтыққа толы ірі көпіршігіне айналуына алып келеді, және сондықтан, гистологиялық боялуы қабылданбаған – «баллонды дистрофия». Бұл дистрофияның маңыздылығы коллоидты – осмотикалық қысымның және торшалық мембраналардың жоғарлаған өткізгіштігінің өзгеруінен тұрады. Оларды ісіктердің дамуы кезінде, тері қабатының инфекциялық зақымдалуы (аусыл, шешек ауруларында) кезінде тері эпидермисінің торшаларында, бауырда, бүйректе, бүйрек үсті безінде, бұлшық ет талшықтарында және лейкоциттерде (септикалық аурулар, интоксикация, ағзаның күйзеліс жағыдайында және т.б.) байқауға болады.
Вакуольді дистрофияны тек микроскопия әдісімен анықтайды. Гидроскопиялық дистрофияға қатысы жоқ цитоплазманың вакуолизациясы физиологиялық секреттік әрекеттің пайда болуы сияқты, орталық және перифериялық жүйке жүйелерінің ганглияларында байқалады. Вакуолизация белгілері құрамында гликогеннің көп мөлшері бар өлген ұлпалар мен ағзаларда (бауыр, бұлшық ет ұлпасы, жүйке торшалары) табылуы мүмкін. Бұл, ферменттік үрдістердің әсерінен гликоген ыдырап, және нәтежиесінде цитоплазмада вакуольдер түзілуіне байланысты. Цитоплазманың вакуолизациясынан басқа, бұлдыр ісінуде тән.
Гидропикалық дистрофияның ақыры көп жағыдайларда қолайсыз, себебі, бұл үрдісте торшалар өледіү


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет