Реферат тақырып: Аралас белоктық дистрофия Орындаған: Ізбасар А. А. Тексерген: Мурзакаева Г. К. Астана 2024 жыл Жоспар



бет4/5
Дата26.09.2024
өлшемі31.16 Kb.
#504026
түріРеферат
1   2   3   4   5
Срс 3

3. Торшасыз дистрофиялар

Торшасыз диспротеиноздар.

Ақуыздық заттардың дәнекер ұлпаларының торша аралық бөлінулерімен сипатталатын патологиялық үрдісті торшасыз диспротеиноз деп атайды.

Торшасыз диспротеиноздарға жатады:

1.Гиалиноз немесе гиалиндік дистрофия – торша аралығында


гиалинмен білінетін(гр.hialos – ашық,жарық, шыны тәрізді- мөлдір), тығыз, біркелкі жартылай мөлдір ақуыздық қоспаның пайда болуымен сипатталатын ақуыздық дистрофияның түрі.

2.Амилоидоз немесе амилоидтық дистрофия соңғы гистохимиялық қасиеттерімен ажырайтын, гиалинге ұқсас, тығыз, біркелкі жартылай мөлдір заттардың ұлпаларда бөлінуімен сипатталады



Гиалиноз немесе гиалиндік дистрофия
Гиалиндік заттар суда, спиртте, эфирде, қышқылда және сілтіде ерімейді, арнайы химиялық реакциясы жоқ. Гиалин ұлпаларында қышқыл бояуларға(эозин, қышқыл фуксин), пикрофуксин қоспасы Ван-Гизон бойынша қызғылт немесе сары түске боялатын біркелкі мөлдір қоспа түріне ие.
Дәнекер ұлпасының гиалинозы атрофиялық фолликулаларда және жұмыртқадағы сары денешіктердің инволюциясында, сондай-ақ , туғаннан кейінгі кезеңде аналық артерия қабырғасында, ересек жануарлардың аталық артерияларында қалыпты байқалады.
Гиалиноз, әртүрлі патологиялық үрдістердің нәтижесінде патологиялық көріністердің дамуына байланысты жергілікті және жалпы түрлерге ажыратылады.
Жергілікті гиалинді дистрофия ескі тыртықтарда, дәнекер ұлпасының капсулаларында, қоршалған іріңдерде, некрозды және бөгде дене аумақтарында байқалады. Гиалинизация атрофиялық және ағзаның интерстициальды қабыну кезінде өсіп келе жатқан дәнекер ұлпаның, артериальды қан тамырларының атеросклерозын, олардың серозды қуыстарын және тромбоздық массасын фибринозды дәнекерлеуге ұшыратады. Мысалы, нефритте және нефрозда,бүйрек түтікшелерінің қуысында гиалиндік цилиндрлер дамиды.
Патологияда жалпы гиалиноздық қабырғадағы қантамырлары маңызды болып саналады. Гиалиндік заттар тікелей жыныста және ұсақ артериялар мен капиллярлардың дәнекерлеуші ұлпаларында пайда болады. Микроскоппен қарағанда тарылу немесе қантамырларының қалыңдауына байланысты толық бітелу және тамыр қабырғаларының гомогенизациясы байқалады. Үрдістің дамуымен тамыр қабырғаларының ортаңғы қабығы атрофильденеді және гиалиндік массамен толық ауыстырылады. Гиалиноз қантамырларының шегінен шығып таралуы мүмкін. Осыған байланысты ұлпа кең бірыңғай өріс түріне айналады.
Тамырларда және жоғары өнімді жануарлардың ағзаның дәнекер ұлпасында, әсіресе, жоғары сүтті сиырларда протеинге бай жеммен ұзақ азықтандыру кезінде ақуыз алмасуына байланысты гиалиноз айқын байқалады. Гиалиноздың себебі болып, сондай-ақ жұқпалы аурулар және уланулар болуы мүмкін.
Гиалиноздың даму барысында торшааралық заттардың физико-химиялық өзгерістері және тамырлы-ұлпалық өзгерістердің бұзылуы байқалады. Кейбір жағдайларда коллаген талшықтары ісініп, бір-біріне жабысып, торшалар атрофияға ұшырайды (тыртықтарда, атеросклерозды тамыр қабығында, дәнекер ұлпалы капсулаларда, созылмалы қабынуларда немесе лимфа түйіндерінің атрофиясында). Безді органдарда базальды мембраналар безді қалыңдатады, безді эпителийді қысады, соңынан оны біртіндеп атрофильдейді.
Басқа жағдайларда тамыр және дәнекер ұлпасының гиалинозы тамыр қабырғасының эндотелиоциттердің зақымдалуымен басталады. Осылайша олардың өткізгіштігі артып, ақуыздық плазмалары тамыр қабырғаларын сіңіреді(ішкіқабырғалық плазморрагия). Ферменттердің әсерінен ақуыздық заттар қоюланады және тығыздалады. Коллагендік, серпінді және аригрофиялық талшықтар физико-химиялық өзгерістерге және өлімге ұшырайды. Ақырында бірыңғай, тығыз ақуыздық массалар гиалин сияқты заттарға қалыптасады.
Үрдіс толық гиалинизацияланудың алдында дәнекер ұлпаның мукоидтық және фибриноидтық ісінуге алып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет