Дәм талдағыштарының адаптациясы
Тітіркендіргіш ұзақ әсер еткенде дәм талдағышы оған бейімделіп алады, яғни оның сезімталдығы төмендейді
Талдағыштар бәрінен де тәтті және тұзды тітіркендіргіштерге тез бейімделеді
Ал қышқыл, әсіресе тітіркендіргіштерге бейімделісі өте баяу өтеді
Бірнеше тітіркендіргіштер қатар немесе бірінен соң бірі әсер еткенде қарама-қарсы дәм түйсігі туады не олар аралас сезіледі. Бұл айқас “бейімделу” деп аталады
Тұздыға бейімделу тәттіге, ал тәттіге бейімделу қышқыл мен ащыға сезімталдықты арттырады. Сондықтан тұзды тамақтан кейін тұщы су тәттілеу болып, ал тәтті тамақтан кейін алма, жүзім едәуір қышқыл болып көрінеді
Бірнеше дәмді заттарды араластырғанда, қоспа құрамына кіретін заттардың дәмінен басқа жаңа түйсік пайда болады.
Жас ұлғайған сайын дәм ажырату сезімталдығы кемиді
Агевзия – дәм сезудің жойылуы
Гипогевзия – дәм сезудің кемуі
Парагевзия – қалыптан тысқа әуес болушылық
Иіс сезу, дәм сезу, көру талдағыштарының өзара әрекеттесуі.
Иіс сезу анализаторы
Мұрын қуысының кілегей қабықшасының жоғарғы бөлігі саналады. Бұл жерде иіс, сезім қабылдайтын жүйке элементтері бар.
Иіс жасушаларының пішіні ұршық тәрізді болады. Олардың бір ұшы кілегей қабықшадан басталса, екінші жағы өткізгіш бөлігін түзіп, иіс жүйкелерінің құрамына кіреді. Иіс жүйкесінің талшықтары тор сүйегі арқылы ми сауытының ішіне еніп, мидың маңдайбөлігінің астыңғы жағындағы иіс орталығына жетіп аяқталады.
Көру анализаторы
Көру талдағышы немесе көру анализаторы (analisatoris visae, гр. analysis — талдау, лат. visa - көру) - жарық пен түсті ажыратуға бейімделген талдағыш. Көру талдағышы — көру рецепторынан (көз алмасы), өткізгіш жолдан (көру жүйкесі) және мидағы орталықтардан тұрады. Жарықты қабылдайтын рецепторлар (сезімтал фоторецепторлы нейроциттер дендриттері) көз алмасының ішкі торлы қабығында орналасқан. Көру талдағышының өткізгіш жолы - ми жүйкелерінің II жұбы сезімтал көру жүйкесі. Осы жүйке талшықтары мидың имек денесінде, көру төмпектерінің артқы ядроларында және төрт төмпектің алдыңғы төмпектерінде орналасқан қыртысастылық орталықтарда аяқталады. Қыртысастылық орталықтардан басталатын орталық сезімтал өткізгіш жолдар, жүйке толқынын ми қыртысының шүйде аймағындағы қыртыстық орталыққа жеткізеді.
Тамақты оның иісімен бірге қабылдағанда дәм сезімі пайда болады. Тамақты көріп, иісімен сезіп барып қабылдайды. Дегенмен негізгі дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан. Көру және иіс сезу рецепторларында патология болса да дәс сезіледі. Дәм сезу рецепторлары суда еріген заттың дәмін сезіп қабылдай алады. Сілекеймен немесе дәм сезу сұйықтығымен араласпаған құрғақ тамақтың дәмі сезілмейді. Дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан, бұл тіл бүртіктері.
Достарыңызбен бөлісу: |