Мəдениет. Х―ХІ ғғ. Египет пен Сирия мəдениетінің гүлдену кезі болды. Каир тез арада маңызды мəдени орталыққа айналды. Келесі үлкен мəдениет ошағы Дамаск болды. Фатимилер ақындар мен оқымыстыларға қамқорлық жасап отырды. Əсіресе өзі ақын болған, əл-Азхар мешітінде мұсылман университетін ашқан, сарайдағыкітапхана негізін қалаған халиф Азиз (975―996) мəдениет саласын дамытуға көп көңіл бөлді. Хаким халифтың (990―1013) кезінде «Білім үйі» (Дар ал-Хикма) ашылды. Мəмлүктер ішінен де талай талантты өнер, ғылым қайраткерлері шықты. Өте дарынды түркі ақындарының бірі Ала-ал-дин ибнАбдаллах (1343 ж. өлген) болды. Ол Дамаскінің əмірі болған. X ғасырда жасалған ірі прозалық туындының бірі араб ертегілерінің бір желіге түсірілген жинағы «Мың бір түн» болды. Фатимилер билігі кезінде Египетте атақты астроном Əли ибн Йунус (1009 ж. өлген) пен ойшыл (философ), математик əрі физик Əли ал-Хасан ибн ал-Хайсан маңызды туындыларын жазды. Олардың кейбір еңбектері кейін латын тіліне аударылды.
Египетте медицина бұрыннан зор жетістіктерге жетіп келе жатқан болатын. Х―ХV ғасырларда бұл салада атақты оқы-мыстылар қатары онан сайын өсе түсті. Олар: қан айналымының ғылыми тұжырымдамасын жасаған Ибн ан-Нафис (XIII ғ.); көз аурулары туралы құнды еңбектер жазған Ибн ан-Накид (XII ғ.); медицина тарихы жайында еңбек жазған Ибн Аби Усейбиа; жаратылыс ғылымы мен философия тарихын жазған ал-Кифти (XII ғ.).
Тарихшылардың ішінен аты шыққан оқымыстылар — саяси жəне діни қайраткерлер мен оқымысты ғалымдар өмірбаянын (бəрі 865) жазып шыққан Ибн Халликан (XIII ғ.); тарихшы əрі географ Абул-Фида (1332 ж. өлген); тарихшы Ибн Тагриберди (1463 ж. өлген); Египет пен мəмлүк сұлтандарының тарихын жазған ал-Маркизи (1442 ж. өлген); ұлы араб тарих-шысы Ибн Халдун (1406 ж. өлген) т.б. болды. Дамыған феодализм кезінде араб елдерінде өнер саласында да елеулі табыстарға қол жеткізілді. Оған дəлел сəн өнерінің əсем ескерткіштері болып табылатын ал-Азхар (972 ж.), ал-Хаким (1012ж.), ал-Акмар (1125 ж.) мешіттері.
Бұл кезеңде мешіттермен қатар керуен-сарайлар, моншалар мен əсем тұрғын үйлер салынған. Сəн өнерінің көрнекті ескерткіштерінің қатарына Каирдегі Салах-ад-дин салғызған цитадельді, сұлтан Қалауын салғызған мешіт пен аурухананы, Қайытбей сұлтан салғызған медресе мен мешіт-кесенені жатқызуға болады. Х―ХV ғғ. аралығында музыка өнері де онан əрі дамып, жетілетүсті. Бұл кездегі араб музыкасы Еуропа мен Орта Азия елдерініңмузыка өнеріне, музыкалық аспаптарының қалыптасуына əсер етті.
Достарыңызбен бөлісу: |