Реферат тақырып: "Класс абстрактілі тип Класты сипаттау. Объектілерді құру және жою"



бет6/6
Дата09.10.2023
өлшемі27.01 Kb.
#480189
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Анесов Нұрлыбек реферат 21

Полиморфизм
Полиморфизм(polymorphism грек тілінен)- бұл техникалық әртүрлi есептерді, бірақ ұқсас екі немесе бірнеше есепті шығару үшін бірдей атты қолдануға мүмкiндiк беретін қасиет. Полиморфизмның объектіге бағытталған программалауда қолдану мақсаты, бір атты тапсырмасы ортақ класс әдістері (для класса действий) үшін қолдану болып табылады. Әрбiр нақты әдістердің (действия) орындалуы мәлiметтер типімен анықталады. Мысалы Си тiлі үшiн полиморфизмді қолдану жеткiлiксiз, себебі санның абсолюттiк шамасын табу үшін әр түрлі үш функция керек: abs(), labs() және fabs(). Бұл функциялар сәкесінше бүтін, ұзын бүтін (длинных целых) және жылжымалы нүктедегі санның абсолюттiк шамаларын есептеп қайтарады. Ал С++ тілінде осы аталған әр функция abs() деп атала алады. Функцияны шақыру кезінде қолданылатын маліметтер типі, нақты қай функцияның орындалып жатқанын анықтайды. C++ тілінде функцияның бір атын әр түрлі әрекеттерді (действия) орындау барысында пайдалануға болады. Бұл функцияның жүктелуі (function overloading) деп аталады.
Жалпы полиморфизмның негізгі тұжырымдамасы «бiр интерфейс, көп әдіс" идеясы болып табылады. Яғни мағынасы жақын әдістер тобы үшін ортақ бір интерфейс құруға болады деген сөз. Плоиморфизмнің негізгі қасиеті күрделі программалардың орындалуын жеңілдетеді, ол әр түрлі әдістерді орындау үшін бір ғана функцияны шақырып қолдануға мүмкіндік береді. Нақты бір әдісті алу программистке емес негізінен компиляторға жүктеледі, программист тек ортақ интерфейсті қолдануды ұмытпауы қажет.
Полиморфизм сонымен бiрге операторларға да қолданыла алады. Iс жүзiнде барлық программалау тілдерінде полиморфизм шектеулі түрде қолданылады, мысалы:
арифметикалық операторлар. «+» символы Си тілінде бүтін, ұзын бүтін, символды айнымалылар және жылжымалы нүктедегі сандарды қосу үшін қолданылады. Бұл жағдайда компилятор автоматты түрде арифметиканың қай типі керек екенін анықтайды. Ал С++ тілінде бұл концепцияны басқа да өзіміз берген мәліметтер типіне сәйкес қолдана аламыз. Полиморфизмнің бұндай түрі операторлардың жүктелуі (operator overloading) деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет