Реферат тақырып: Майлардың адам ағзасында атқаратын қызметі Тобы: пвк 22 Орындаған: Бахытжан Бекзатжан Қабылдаған



бет22/44
Дата09.10.2024
өлшемі0.76 Mb.
#504520
түріРеферат
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
аза стан Республикасы білім ж не ылым

Майлардың ашып кетуін анықтау

Үдеріс майларға ауа мен күн жарығының қол жетімділігі кезінде жүргізіледі. Ашу ауаның төмен ылғалдылығында және көгерудің жоқтығында өте алады. Алайда жоғары ылғалдылық пен көгерудің болуы бұл үдерісті


тездетеді. Майдың ашуы триглицеридтердің глицерин мен бос май қышқылдарына ыдырауынан басталады.
Бірақ көп жағдайда майдың жоғары қышқылдылығында ашу әлсіз көрінуі мүмкін немесе мүлде жоқ болуы мүмкін, және керісінше, төмен қышқылдылықта - қатты ашу болуы мүмкін. Күлгін және ультракүлгін сәулелердің әсерінен пайда болатын озон бейтарап май қышқылдарымен екпінмен реакцияға түседі.
Ашып кету кезінде майда оның ыдырауында пайда болатын пироксидтер және едәуір терең ыдырау өнімдері: альдегидтер, кетондар және төмен молекулярлы май молекулалары жиналады. Май көкшіл немесе сары түске, өткір жағымсыз иіске, өткір ашты дәмге ие болады.
Майлардың ашып кетуін зерттеу үшін альдегидтерге сапалы реакциялар жүргізеді. Олардың барлығы альдегидтердің қышқыл ортада көпатомды фенолдармен (флюроглюцинмен, резорцинмен және т.б.) конденсациялық реакцияға кіру қабілетіне негізделген.
Бензолдағы резорцинмен реакция (Видман бойынша). 1 мл ерітілген майы бар пробиркаға 1мл қоюланған тұз қышқылын (меншікті массасы - 1,19) және 1 мл бензолдағы резорциннің суықта қаныққан ерітіндісін қосады. Пробирканы резеңке тығынмен жауып, жақсылап сілкілейді. Альдегидтер бар болса (бұзылған май), пробиркадағы бар заттың төмен қабаты қызыл-күңгірт түске боялады немесе күңгірт түсті сақина пайда болады.
Эфирдегі флюроглюцинмен реакция (Крейс бойынша). Пробиркада ерітілген 2 мл зерттелінетін майға дәл осындай көлемде қоюланған тұз қышқылы мен 1%-дық этил спиртіндегі флюроглюцин ерітіндісін қосады. Пробирканы резеңке тығынмен жауып, екпіндеп сілкілейді. Альдегидтер бар болған жағдайда (сапасыз май) 2-5 минуттан кейін пробиркада қызыл түс пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет