Майларды эмульгациялару
Майлар суда ерімейді. Ас қорыту ферменттері - липазалардың әсеріне шалдығу үшін олар алдын-ала эмульгацияланған болуы тиіс. Ас қорыту жолында майлар өт қышқылдарының әсерінен эмульгацияланады, олар беттік белсенді заттар бола тұра, екі фаза бөліндісінің шекарасында (бұл жағдайда май
су) сіңіріледі де, эмульсия тамшыларының бірігуіне кедергі келтіретін жұқа қабыршақ түзеді. Эмульгаторлар беттік тартылуды төмендетіп, берік эмульсияның түзілуіне әсер етеді. Он екі елі ішектегі ақуыздар, майлар, көмір қышқылының тұздары да майды эмульгациялайды.
Жұмыс барысы: Төрт пробиркаға бес-бес тамшыдан өсімдік майы мен 2 мл тазартылған судан құяды. Пробиркаға 5 мл мына заттардан қосады: біріншісіне
-өт, екіншісіне - Na2CO3 1%-дық ерітіндісі, үшіншісіне - сабынның 1%-дық ерітіндісі, төртіншісіне - су. Барлық пробирканың ішіндегі қоспаларды сілкілеп, штативке қояды да, төзімді және төзімсіз эмульсиялардың түзілуін бақылайды, қорытынды жасайды.
Майдың липазамен гидролизі
Майлардың негізгі массасы ұйқы безінің ферменті - липазамен қорытылады. Гидролиз кезінде майлар глицерин және жоғарғы май қышқылдарына ыдырайды. Гидролиз барысы туралы сілтімен титрлеуге болатын май қышқылдарының жиналуы бойынша жорамалдайды.
Жұмыс барысы: Липазамен гидролизді сүтте бақылаған ыңғайлы, себебі сүттегі май тұрақты эмульсия ретінде орналасады. Сүтте бос май қышқылдары бар, оларды алдын-ала улы натрий ерітіндісімен бейтараптандырады. 50 мл-лік конус тәрізді колбаға 5 мл балғын сүт, 10 тамшы 1%-дық фенофталеиннің спирттік ерітіндісін құяды да, бос май қышқылдарын сілтінің 0,2 моль/л ерітіндісімен ақшыл-қызғылт түс пайда болғанға дейін бейтараптандырады. Колбаға 10 мг-нан панкреатин (қандауыр ұшында) қосады, араластырады. 10 минуттан кейін түзілген май қышқылдарын сілтінің 0,2 моль/л ерітіндісімен титрлейді. Майдың ыдырау үдерісін бір сағат ішінде бақылайды, оның нәтижелерін әрбір 10 минут сайын жазып отырады.
Қисық сызықты салады: абцисса осі бойынша уақытын, ординаталар осі бойынша - осы уақыт аралығында титрлеуге кеткен сілті көлемін жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |