Студенттерге арналған пәннің оқыту бағдарламасының



бет1/2
Дата11.07.2016
өлшемі495.06 Kb.
  1   2

Студенттерге арналған

пәннің оқыту бағдарламасының

құрылымдық сызбанұсқасы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/07




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

Физикалық және коллоидты химия


ПӘННІҢ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

050727- Азық-түлік тағамдарының технологиясы

мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар



Студенттерге арналған

пәннің оқыту бағдарламасы

құрылымдық сызбанұсқасының

бекіту парағы







Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/11




БЕКІТЕМІН

Декан ХТжЖТ факультеті

__________Ахметов К.К.

200_ж. «___» ___________

Құрастырушы: аға оқытушы__________ Оралтаева А.С.
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

Физикалық және коллоидтық химия


ПӘННІҢ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(SYLLABUS)

050727- Азық-түлік тағамдарының технологиясы мамандыққа арналған


Бағдарлама 200_ж. «___» ________ бекітілген жұмыс бабындағы

оқу бағадарламасының негізінде әзірленген.

200_ж. «___» _____________ кафедра отырысында ұсынылған

Хаттама № ___


Кафедра меңгерушісі ___________________ Жапаргазинова К.Х.
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің

оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

200_ж. «___» _____________хаттама № _____.
ОӘК төрайымы__________________ Буркитбаева У.Д.
КЕЛІСІЛГЕН:

Кафедра меңгерушісімен ­­­­­­­­­­­­____________ Омаров М.С.

200_ж. «___» _____________хаттама № _____.

Оқытушы жайлы мәліметтер:

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті

аға оқытушы Оралтаева Алмагуль Слямбековна,

оқытушы Маханов Серик Толегенович

Тел. (8-7182) 673651

Қабылдау сағаттары: кафедрадағы график бойынша. ауд.№ 509
Пән жайлы мәліметтер:

Пән 2-ші курста (4-ші семестр) оқытылады; бақылау түрлері: емтихан. Пәннің көлемі 90 сағат. Аудиториялық сабақтарға 30 сағат бөлінген, оның ішінде дәрістер – 15 сағат, зертханалық сабақтар – 15 (7,5) және тәжірибелік сабақтар – 7,5 сағат болып бөлінеді. Студенттердің өздік жұмыстарына 30, студенттердің оқытушымен өздік жұмыстарына 30 сағат бөлінген.


Пререквизиттер:

Физикалық және коллоидтық химияны ойдағыдай меңгеру үшін студенттер жоғары математиканың толық курсын (әсіресе, дифференциалдық анализ және интегралдық есептеулер, функциялардың анализі, ықтималдық теориясы түсініктері), жалпы физика толық курсын

( атом құрылысы, электр құбылыстары, молекулалық физика, кванттық физика түсініктері), химия курсын жете білу қажет.
Физикалық және коллоидтық химия пәннің мақсаты мен міндетері: студенттерге осы пәннің теориялық негіздері, қазіргі уақыттағы күні және оның кен-байытуда өндірістерінде қолданылуы туралы мағлұматтар беру.

Пәннің маңызы – химиялық прцестердің негізгі мәселелерін, химиялық процестерге әр түрлі физикалық параметрлер мен химиялық құрамының физикалық қасиеттеріне ықпалын қарастыру.

Оқыту міндеттері:


  • студенттердің қазіргі химия ғылымының негізін, химияның арнаулы бөлімдерін жете меңгеру;

  • зертханалық жұмыстар, тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, қорытынды шығара білу;

  • әр түрлі есептерді шығара білу, қарапайым химиялық жағдайларға болжам жасау.

Пәнді оқудағы студенттердің алатын негізгі білімі

  • химиядан керекті пәндерді ойдағыдай оқу үшін және қазіргі техникада қолданылатын жаңа химиялық материалдарды дұрыс пайдалану үшін қажетті жан-жақты білім алу;

  • химиялық алу тәжірибесінің негіздерімен таныстыру;

  • халық шаруашылығын химияландыру және химияның дамуымен байланысты сұрақтар мәні мен мағынасын игеру;

  • өндірістің экологиялық проблемаларымен таныстыру.

Пәнді оқу арқылы студенттердің негізгі істеп білу қабілеттерінің қалыптасуы

  • теориялық және есептемелік сипатты химиялық есептерді шешуі;

  • анықтамалық және арнайы әдебиеттерді пайдалану;

  • тәжірибе жүзінде алынған мәліметтерге сүйене отырып, химиялық есеп шығару, техникалық меңгеру

- аспаптарда тәжірибелерді орындауды

- алынған нәтижелер негізінде дұрыс шешім қабылдауды;

- химиялық зертханада алған тәжірибелер орындау дағдыларын іс жүзінде қолдануды;

- компьтерді қолданып анализдер нәтижелерін бағалауды.




Мамандықтың жұмыс

бабындағы оқу жоспарынан үзінді көшірме







Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/10






Мамандықтың жұмыс бабындағы оқу жоспарынан үзінді көшірме

050727- Азық түлік өнімдерінің технологиясы мамандыққа арналған


Пәннің атауы- Физикалық және коллоидтық химия

Оқу формасы

Бақылау формасы

Білім алушының

жұмыс көлемі сағатпен



Курс және семестр (сағаттарды)

бойынша сағаттарды бөлу



емт.


сын.

КЖ.

КЖ

ЕКЖ

Бақ.жұм.

барлығы

дәр

пр.

зер

СӨЖ

дәр

тәж.

зерт


С

Ө

Ж



жалпы


Ауд

СӨЖ

Күндізгі ЖОБ

негізінде



4















90

45

60

семестр 3

семестр 4

-

-

-

-

15


7,5

7,5


60






Әдебиеттер

Негізгі

  1. Қоканбаев Ә. Физикалық химия қысқаша курсы. Алматы, Білім, 1996, 223бет

  2. Жанабаев Б., Өтелбаев Б. Физикалық химия . Алматы, Республикалық баспа кабинеті, 1994, 236 бет.

  3. Киреев В.А. Курс физической химии. М.: Химия, 1975.725с.

  4. Киреев В.А Краткий курс физической химии. М.: Химия, 1978.621с.

  5. Воюцкий С.С. Курс коллоидной химии. М.: Химия, 1975.512с.

  6. Евстратова К.И.,Купина Н.А., Малахова Е.Е. Физическая и коллоидная химия. М.: В.Ш., 1990.372с.

  7. Гельфман М.И., Ковалевич О.В.,Юстратов В.П. Коллоидная химия. Санкт-Пет. 2004. С.337.

  8. Левченков С.И., Четверикова В.А. Методические указания к

лабораторным работам по курсу Физическая и коллоидная химия

Ростов- на –Дону,2004. 23 с.



  1. Жақыпбекова Н.О., Қырбаева Н.С., Төребекова Г.З., Шынғыспаева Б.М. Физикалық және коллоидты химия. Алматы, Кітап баспасы, 2006,280 бет.

  2. Абланова Е.Х., Шабикова Г.Х. Физикалық химия есептеріне арналған методикалық оқу құралы. Алматы, Кітап,198050 бет.

Қосымша

  1. Шукин Е.Д., Перцов А.В.,Амелина Е.А. Коллоидная химия. М.: Изд-во ЛГУ,1982. 348 с.

  2. Фридрихсберг Д.А. Курс коллоидной химии. Л.: Химия,1984, 368 с.

  3. Флоров Д.А. Курс коллоидной химии. М.: Химия, 1982. 400с.

  4. Николаев Л.Д. Физическая химия. М.: Высшая школа. 1979. 371 с.

  5. Зимон А.Д. Мир частиц. Коллоидная химия для всех. М.: Наука,1987. 175с.

  6. ТопчиевК.В. Федорович Н.В. Физическая химия в вопросах и ответах. М.: Изд-во МГУ, 1981. 264 с.

  7. Флоров Ю.Г., Гродский А.С. Лабораторные работы и задачи по коллоидной химии. М.: Химия. 1979. 216 с.

  8. Кисилева Е.В., Каретников Г.С.,Кудряшев И.В.Сборник примеров и задач по физической химии. М.: Высшая школа. 1983. 381 с.

  9. Белевский С.Ф. Сборник вопросов и задач по физической химии для самоконтроля. М.: Высшая школа. 1979, 119 с.

  10. Кругляков П.М., Хаскова Т.Н. Физическая и коллоидная химия. М.: В.Ш., 2007.319с.

3. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

3.1 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыптар атауы

Сағаттар саны

Дәріс

Тәж

Зерт

СӨЖ

1

2

3

4

5

6




Кіріспе.

1

0,5

2

4

1

Заттың құрылысы

1

-

-

4

2

Химиялық термодинамика негіздері

2

2

4

6

3

Ерітінділер













4

Электрохимия

2

2

-

6

5

Химиялық кинетика

1

2

6

6

6

Беттік құбылыстар және адсорбция

1

1

-

4

7

Дисперсті жүйелерді алу және оларды тазалау.


1

-

-

4

8

Дисперсті жүйелердің қасиеттері


1

-

3

4

9

Дисперсті жүйелердің тұрақтылығы мен ұюы.


1

-

-

4

10

Дисперсті жүйелердің құрылымдық-

механикалық қасиеттері.



1

-

-

4

11

Дисперсті жүйелердің жеке өкілдері

1

-

-

4

12

Коллоидты беттік активті заттар

1

-

-

6

13

Жоғары молекулалық қосылыстар және олардың ерітінділері.


1

-




4




БАРЛЫҒЫ

15

7,5

15

60



Пәннің тақырыптық мазмұны

Кіріспе
Физикалық және коллоидты химия курсы пәні мен мазмұны.

Оның негізгі бөлімдері мен зерттеу әдістері. Өндірістік технология үшін физикалық және коллоидты химияның мәні. Физикалық және коллоидты химияның даму тарихы. Физикалық және коллоидты химияның философиялық аспектілері.



Физикалық химия

1 бөлім. Заттың құрылысы

1.1 тақырып. Заттың құрылысы. Молекулалардың электрлік қасиеттері.Дипольды момент. Тұрақты және ауыспалы электр өрісіндегі полярлы және полярсыз молекулалардың поляризациясы.

Поляризацияның температурадан тәуелділігі. Клаузиус- Моссоти және Дебай теңдеуі. Электрлі диполь моментін анықтау. Молекулалық рефракция. Молекула құрылысын анықтау үшін рефракцияны колдану. Лорентц- Лоренц теңдеуі.



2 бөлім. Химиялық термодинамика негіздері.

2.1. тақырып. Химиялық процестерге термодинамиканың бірінші заңын қолдану. Термодинамиканың негізгі түсініктері: жүйе, күй параметрлері,ішкі энергия,энетальпия. Оқшауланған, ашық, жабық жүйелер. Термодинамиканың бірінші заңы. Термохимия. Тұрақты көлем мен қысымдағы процестің жылуы.Түзілу жылуы ( энтальпия ). Жылу эффектілерін есептеу. Жылу эффектісінің температурадан тәуелділігі.Киргофф теңдеуін интегралдау.

2.2. тақырып. Химиялық процестерге термодинамиканың екінші заңын қолдану. Өздігінен жүретін және жүрмейтін процестер. Химиялык процестердің бағытын анықтау. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Максималды жұмыс. Энтропия және термодинамикалық мүмкіндік. Энтропияның өзгеруі жабық жүйедегі процестің бағытын анықтау критерийі

Планк постулаты. Энтропияны есептеу. Изобаралық- және изохоралық- изотермиялық потенциалдар ( Гиббс және Гельмгольц энергиялары ). Қалыпты жағдайдағы реакция бағытын анықтау. Изобаралық ,изохоралық потенциал өзгеруінің температурадан тәуелділігі. Химиялық реакциялардағы сипаттайтын функциялардың өзгерісі. Химиялық потенциал және процестің бағыты.



2.3. тақырып. Химиялық тепе-теңдік термодинамикасы. Химиялық тепе-теңдік. Тепе-теңдік константасы және оны есептеу.Гетерогенді реакциялар үшін тепе-теңдік константасы.Жүйенің изобаралы-изотермиялық потенциалының оның құрамынан тәуелділігі. Химиялық реакция изотермасының теңдеуі. Химиялық ұқсастық. Тепе-теңдік константасының температурадан тәуелділігі.

2.4. тақырып. Фазалық тепе- теңдік. Фазалар арасындағы термодинамикалық тепе- теңдік. Фаза, компонент,еркіндік дәрежесі түсініктер.

Гиббс фазалар ережесі. Фазалық ауысу жылуының температурамен және

қысыммен байланысы. Клаузиус-Клапейрон теңдеуін интегралдау және қорытындылау. Фазалар ережесін біркомпонентті жүйе күйінің диаграммасына қолдану.

3 Бөлім. Ерітінділер.

3.1 тақырып. Екі компоненті жүйелер. Ерітінділердің жалпы сипаттамалары. Ерітінді бетіндегі бу қысымы. Рауль заңы. Идеал ерітінділер. Активтілік,активтілік коэффициенті. Сұйықтықтағы газдар ерітіндісі. Газдар ерігіштіктеріне электролит концентрацияларының әсері. Генри заңы. Сұйық-

сұйық ерітінділері. Өзара шекті еру. В.Ф. Алексеев жұмыстары. Сұйық-

сұйық ерітінділері бетіндегі бу қысымы. Рауль заңынан ауытку. Коноваловтың бірінші заңы. Құрам- бу,қайнау температурасы- құрам қысымының қүй диаграммасы. Айдау,ректификаттау. Коноваловтың екінші заңы.

Азеотропты қоспалар.

Өзара ерімейтін сұйықтықтардың жүйесі бетіндегі бу қысымы. Су буымен айдау принципі. Кристал –сұйық тепе-теңдігі. Физика-химиялық анализ. Д.И.Менделеев жұмыстары. Термиялық анализ, салқындау қисықтары. Екі компонентті жүйенің балқу диаграммасы. Жәй эвтектикамен, тұрақты қосылыстың түзілуімен, компоненттердің шексіз еруімен жүретін жүйенің диаграммасы.

3.2. тақырып. Үш компонентті жүйелер, үш компонентті жүйенің графикалық өрнегі.Екі сұйық фаза арасындағы үшінші компоненттің таралуы. Таралу коэффициенті. Нернст-Шилов теңдеуі. Үштік жүйедегі тепе-теңдік. Ерітінділерден экстракциялау принципі.

4 бөлім. Электрохимия

4.1. тақырып. Электролиттер ерітінділері. Аррениустың электролиттік диссоциациясы және оның кемшіліктері. И.А.Каблуковтың жұмыстары. Күшті электролиттер теориясының негізгі ережелері.Активтілік және электролиттердің активтілік коэффициенті. Иондық күштер. Иондық күш ережесі. Активтілік коэффициентінің иондық күштен тәуелділігі.Электролит ерітінділерінің меншікті және эквивалентті электр өткізгіштігі, олардың концентрациядан тәуелділігі.Шексіз сұйылтқандағы эквивалентті электрөткізгіштік. Иондардың қозғалыштығы.Тәуелсіз иондардың қозғалу заңы. Электрөткізгіштікті өлшеуді практикалық қолдану.

4.2. тақырып. Электродты процестер, гальваникалық элементтер. Екі фаза шегарасындағы потенциадың тууы. Металл-ерітінді шегарасындағы қос электрлі қабаттың құрылымы. Нернст теңдеуі.Гальваникалық элемент және оның электрқозғаушы күші. Гальваникалық элементтің электрқозғаушы күшін термодинамикалық есептеу. Химиялық және концентрлі гальваникалық элементтер. 1-ші және 2-ші ретті электродтар, тотығу-тотықсыздану электродтары. Стандарт элементтер және электродтар.ҚЭҚ өлшеу әдісі. рН- мәнін потенциометрлік анықтау.

Шыны электрод. Электролиз кезіндегі химиялық процестер. Аса кернеу. Аса кернеудің практикалық мәні.



5 Бөлім. Химиялық кинетика

5.1. тақырып. Химиялық реакцияның жылдамдығы. Формальды кинетиканың негіздері. Кинетикалық теңдеу. Жылдамдық константасы.Реакцияның реттілігі мен молекулярлығы. Реттілік пен молекулярлықтық сәйкес келмеуі.Мономолекулалық реакциялардың механизмі,1-ші және 2-ші реттілікпен жүруі. Реакция реттілігін анықтау жолдары. Күрделі реакциялар:қайтымды, параллельді, кезегімен жүретін.

Реакцияның тұрақталатын сатысы.Реакция жылдамдығының температурадан тәуелділігі. Активтену энергиясы. Активтену энергиясын есептеу. Стериялық фактор. Активті комплекс.Фотохимиялық реакциялар. Энштейннің эквивалентті заңы.Квантты шығым. Жоғары энергиялардың сәулелерінің химиялық әрекеті.Судың радиолизі. Тізбекті реакциялар. Тізбекті реакциялардың кинетикасының ерекшеліктері. Жай және тармақталған тізбектер. Радикалдар. Тізбекті реакциялар теориясы бойынша Н.Н. Семеновтың еңбектері. Гетерогенді процестердің ерекшеліктері. Еру және кристалдану кинетикасы. Гетерогенді реакциялар теориясы.



5.2. тақырып. Катализ. Катализатордың жалпы сипаттамасы. Ингиторлар. Катализатордың ерекшеліктері. Катализаторлардың активтену энергиясына әсері. Гомогенді катализ. Гомогенді катализ теориясы. Аралық өнімдер ролі.

Гомогенді катализ кезіндегі энергияның өзгеруі. Автокатализ. Гетерогенді катализ. Физикалық және химиялық адсорбция. Беттіқ катализатордың құрылымы. Гетерогенді катализ сатылары. Гетерогенді катализ кезіндегі энергияның өзгеруі. А.А. Баландиннің гетерогенді катализ теориясының негіздері. Промоторлар. Катализаторлардың улануы. Катализаторлар.



Коллоидты химия

6 Бөлім. Беттік құбылыстар және адсорбция

6.1. тақырып. Дисперсті жүйелердің жалпы қасиеттері. Дисперсті фаза және дисперсті орта. Дисперсті жүйелердің негізгі белгілері:гетерогенділік және дисперстік. Меншікті беттік ауданының бөлшек дисперстілігінен тәуелділігі. Коллоидты химия дисперсті жүйелер мен беттік құбылыстар туралы ғылым. Орта мен фазаның агрегатты күйіне байланысты,бөлшектің өлшеміне қарай, фаза мен сұйық дисперсті орта арасындағы әреттесуге байланысты дисперсті жүйелерді классификациялау. Ауыл шаруашылығы мен өндірістегі дисперсті жүйелер.

6.2. тақырып. Беттік энергиялар. Фазалардың бөлінуінің беттік ауданы. Фазалардың бөлінуінің шегарасындағы молекулалық әрекеттесу қүштерінің байланыспауы. Беттік қерілу. Меншікті Гиббс энергиясы, фазалар бөліну

Шегарасындағы Гиббс энергиясының беттік ауданы. Беттік құбылыстар

Және олардың классификациясы.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік нұсқау Нысан пму ұс н 18. 2/05
umk -> Жұмыс бағдарламасы 050703 «Ақпараттық жүйелер»
umk -> Нұсқаулар ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk -> Жұмыс бағдарламасы 20 ж. " " № Хаттама бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет