Реферaт тaкырыбы: Сапаны басқару әдістері Орындaғaн



бет3/6
Дата16.11.2023
өлшемі42.48 Kb.
#483441
1   2   3   4   5   6
Сапаны басқару әдістері-1

Сапаны басқару әдістері

Сапаны басқару әдістері ― басқару органдары өнімнің жоспарланған күйі мен сапасына қол жеткізуді және оны қолдап отыруды қамтамасыз ете отырп өндірістік процеске ықпал жасайтын жолдары.
Сапаны басқару әдістерін төрт топқа бөлуге болады: ұйымдық, әлеуметті-ұйымдық, экономикалық, ұйым-технологиялық.
Ұйымдық әдістер ― талап етілетін сапаны қамтамасыз ететіндей бас-қармалы жүйеастыларды ұйымдастыруға үлес қосатын әдістердің жиынтығы. Әдістердің бұл топтарына нормалардың, түсініктемелердің, консультация-лардың, танысымдардың, сақтанушылықтар негізінде жалпыұйымдық пен сызықты-функционалдық регламенттеуге негізделген жарлықтық (бұйрық-тар, директивалар, қаулылар, нұсқаулар, өкімдер), дисциплинарлық, мотива-цияны қамтамасыз ететін (жауапкершілікті және ынталандыру нысандарын белгілеу), тұрақтандырғыш әдістерді жатқызады.Әлеуметті-психологиялық әдістер ― жұмыскерлердің рухани мүдде-леріне, тиісті сапаны қамтамасыз етумен байланысты олардың ынта-жігер-лерінің қалыптасуына ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы. Мұндай әдіс-терге мыналар жатады: кәсіпорынға беріліп жұмыс істеуді, осы кәсіпорынның жұмыскері ретінде өзіне құрметпен қарауды, кәсіпорынның жетістіктері үшін мақтан етуді, өнегелік ынталандыру нысандарын тәрбиелеу және насихаттау.Сапаны басқарудың экономикалық әдістері ― сапа саласында эконо-микалық ынталандыруды қолдануға негізделген ықпал ету тәсілдері және сапа саласындағы белгіленген мақсатқа қол жеткізуге материалдық мүдде-лілікті құру тәсілдері. Экономикалық әдістер тобына сонымен бірге мыналар кіреді: сапаны басқару саласындағы іс-әрекетті қаржыландыру; өндірісті экономикалық ынталандыру; тұтынушыларға олардың талаптарына сәйкес келетін өнім мен қызмет көрсетулерді ұсыну; өнім мен қызмет көрсетулердің жаңа және модернизацияланған түрлерін жоспарлау және құру; өнімге және қызмет көрсетулерге олардың сапа деңгейін ескерумен баға қою; сапаны экономикалық ынталандыру қорларын түзу; өндірістік жүйенің әрбір жұмыс орнында және жалпы алғанда сапаны басқару жүйесінде еңбектің сапасын ескере отырып, еңбекақы төлеу мен материалдық көтермелеу жүйесін қолдану; жабдықтаушыларға олардың өнімді жеткізіп беруіне және қызмет көрсетулеріне қарай ықпал етудің экономикалық шарларын пайдалану.Ұйым-технологиялық әдістер процесс пен өнімнің сапасын бақылау әдістеріне және процесс пен өнімнің сапасын реттеу әдістеріне бөлінеді. Ұйым-технологиялық әдістерде негізгі орынды сапаны басқарудың жүйелілік әдістері алады.Сапаны басқару құралдарына мыналар кіреді:

  • басқару органдары және сапаны басқару жүйелерінде арнайы функция-лардың орындалуын басқаратын тұлғалар пайдаланатын ұйымтехника, бай-ланыс құралдары;

  • өнімнің сапа көрсеткіштерін регламенттейтін және сапаны басқару бойынша арнайы функциялардың орындалуын ұйымдастыратын нормативтік құжаттама банкі;

  • мемлекеттік эталондарды, өлшеу құралдарын қамтитын метрологиялық құралдар;

  • өлшеулердің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің (МӨЖ) регламенттейтін құжаттары;

  • заттар мен материалдардың қасиеттері туралы стандартты анықтамалық мәліметтердің мемлекеттік қызмет базасы

Сапа менеджмент жүйесі саясат және мақсаттар ұйым үшін бағдар болу үшін бекітеді. Олар керекті нәтижелерді анықтайды және осы нәтижелерге жету үшін ұйымдар қорлардың қолдануына септігін тигізеді. Сапа саласындағы саясат сапа саласында мақсаттарды әзірлеу және талдау үшін негізді қамтамасыз етеді. Сапа саласындағы мақсаттарды сапа саласындағы саясат және үнемі жақсартуға қажеттілікпен келістіру қажет. Ал, нәтижелер өлшенетін болу керек. Сапа саласындағы мақсатқа жету өнім сапасына жұмыс тиімділігіне және қаржылық көрсеткіштерін оң әсер ете алу және соның арқасында қызығушы тараптардың қанағаттануына игі әсерін тигізеді.
ИСО 8402 стандартында мынадай: «Сапа саласындағы саясат – жоғары басшылықпен ресми қалыптастырылған сапа саласындағы негізгі бағыттар мен мақсаттарды ұйымдастыру» деген анықтама берілген.
Анықтаманың ескертуінде сапа саласындағы саясат жалпы саясат элементтері болып табылады деп айтылып, жоғары басшылықпен бекітіледі.
Саясаттың осыған ұқсас анықтамасы СЕҰ (Сапа бойынша Еуропалық ұйым) сөздігінде не келтірілген.
Сапа саяатын анықтау кезінде кездесетін бірінші мәселелері кәсіпорын қызметінде оның рөлін және орнын анықтау және кәсіпорын сапа саясаты мен стратегиясы ара қтынастары болып табылады.
Сапа саласындағы саясатты қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторлар: өткізу рыногындағы жағдай, кәсіпорынның ішкі жағдайы (технологиялық мүмкіндіктер мен персонал), кәсіпорынның қабылдаған стратегиясы және жалпы саясаты, экономиканың жалпы жағдайы және инвестициялардың тартылуы, ғылыми-техникалық прогресс және бәсекелестердің жетістіктері болып табылады.
Кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасау жағдайында сапа саясатындағы негізгі бағыты болып сапа саласында бәсекелестерді басып озу екендігі белгілі.
Сапа саясаты тапсырыс берушілердің кәсіпорында сапа саласындағы жұмыс бағыттары және мақсаттары дұрыс анықталғандығына және кәсіпорында қажетті сапалы өнім өндіруді қамтамасыз ететін, оларға жету үшін нақты құралдар таңдап алынғандығына сендіру қажет. ИСО 9001:2001 стандартында мынадай талаптар келтірілген:
Жоғарғы басшылық сапа саласындағы саясатын:
• ұйым мақсаттарына сәйкес болуын;
• сапа менеджмент жүйесінің талаптарға сәйкес болуын және тиімділігін үнемі жақсартуға міндеттердің болуы;
• сапа саласындағы мақсаттарды қою және талдауға негіздерді құруды;
• ұйым қызметкерлеріне жеткізілуі және түсінікті болуы;
• үнемі қажеттілігіне ұдайы талдауының қамтамасыз етуі қажет.
Кез келген кәсіптің табысы тікелей оның сапасына тәуелді. Сапаны басқара отырып, біз қорлар және жобаларды, қызметтерді және маркетингті басқарамыз. Сапа мәселесі барлық халық шаруашылығының өзекті қажеттіліктері үшін оңтайлы. Енді оған тығыз өзара байланыспен қоса жаңа экономикалық көзқараспен қарау қажеттілігі туындады. Қазіргі таңда, өнім шығарушылар өздерінің нарықтық ортаға бейімделулері мен орын алуына – ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге төзімді, сапалы өнім шығару керек екендігін түсінген кез туды. Сапа мәселелеріне назар аудармаған кез келген кәсіпорындардың істері алға баспайды, тіптен мемлекет тарапынан бөлінген жәрдем қаражаты да дәрменсіз келеді. Нарықтық экономиканың шарттарының бәсекелестігі сапа мәселелеріне үлкен назар аударуға мүмкіндік беруде. Бәсекелестіктік орындалу әдісі бойынша, оны бағалы (бағаның түсуі, түсіру жолымен бәсекелестікті анықтау) және бағасыз деп бөледі. Осы бойынша сол бағаға сапа параметрлері жоғары және кешенді шарттары бар басқа тауар ұсынылады, ал оны маркетинг тілімен айтқанда «ұсынылмалы тауар» – деп атайды. Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі бәсекелестік, сапаны көтеру бағдарламаларын жасаумен ерекшеленеді. Кәсіпорынның өнімді қажетті сапалық сипаттамалармен шығару қабілетін бағалау үшін объективті көрсеткіштерді дайындау қажеттілігі туындады.Көптеген кәсіпорын-өндірушілер халықаралық стандарттарға сәйкес сапа жүйесіне ие. Қазіргі таңда өнімнің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растайтын сертификат – өнімді жеткізуге келісім жасау үшін шешуші фактор. Сапалы өнімге сәтті түрде ие болу, кез келген кәсіпорынның өмір сүруінің басты көзі болып табылады. Сапаны басқару жүйесіндегі өндіруші түсінігіндегі сапа мен тұтынушы түсінігіндегі сапа өзара бір-бірімен байланыста болады. Олардың негізгі айырмашылығы командалық – әкімшілік және нарықтық экономика жағдайларымен анықталады. Сапа экономикасының командалық әкімшілік шарттары өндірушінің позициясымен анықталса, нарықтық экономикада тұтынушының позициясымен қарастырылады. Бұйымның сапасы тұтыну үдерісінде көрінуі мүмкін. Тұтынушының шарттарымен сәйкес өнімнің сапа түсінігі дәл нарықтық экономика шарттарында көрінеді. Нарықтық экономикада өндіруші мен тұтынушы нарықта бір-бірін өздері табады, олардың қызметінің бағытталуы қаржылық ұтыс пен тұтынушылық тиімділікті арттыруға негізделген. Соған байланысты тұтынушы әртүрлі өндірушілердің жақсы тауарлары арасында таңдау құқығына ие. Басты тұлға болып табылатын тұтынушы өз қалауына сәйкес тауарлар мен қызметтерге ие бола отырып, өндіріс бағытының дамуын анықтайды. Сапа мәселесін көтере отырып, айта кететін жайт, бұл түсініктің артында барлық жағдайда тұтынушы тұратынын ескерген жөн. Дәл осы адам тұтынушылық құқықтардың жақсысын таңдайды. Өндірістік өнімнің қолданылу тиімділігі мен сапасы арасында тікелей байланыс бар. Жоғарғы сапа өнімнің қолданылу тиімділігіөмірлік шығындар мен нарық үлесін көтере отырып, сапаның көтерілуіне сәйкес келеді. Сапаны басқару тәжірибесі мен теориясында екі мәселе қарастырылады: өнім сапасы мен сапа менеджменті. Сапаны қамтамасыз ету ауқымды шығындарды талап етеді. Алғашында сапа шығынының негізгі үлесі физикалық еңбекке тиеді. Бірақ қазіргі кезде зияткерлік еңбектің үлесі жоғары. Сапа мәселесі ғалымдардың, инженерлердің және менеджерлердің қатысуынсыз шешілмейді. Сапаға кәсіпті әсерлердің барлық құраушыларының үйлестірілген сәйкестігі болу керек. Машина жасаудағы сапа басқару (жобалау, сараптама, бақылау) мен басқарма сапасына тәуелді кәсіпорынның қызмет атқаруын қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Сапаға басшылықтың жауапкершілік деңгейін ИСО 9000 халықаралық стандарттары анықтайды. Кәсіпорын басшылығы сапа саласындағы саясатты дайындауға, нақты анықталып, құжаттармен рәсімделетін сапаны басқару жүйесін енгізу және қызмет атқаруына
жауапты. Электрондық есептеу машиналарын (ЭЕМ) бағдарламалық қамтамасыз ету, бақылау өлшегіш, өндірістік және сынау құрылғылары үшін қажетті ресурстарды бөлу және қажетті мамандарды таңдау басқарманың басты міндетіне кіреді. Басшылар құзыреттіліктің талап етілген деңгейін орнатуға, қызметкерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттыруды бақылау керек. Басшылық тұтынушылар ұсынған жаңа қызметтердің немесе өндірістегі жаңа тауарлардың қамтамасыз етудің анықталған шешімдеріне жауап береді. Жаңа тауарларды шығару және қосымша қызметтерді ұсыну сапаның жаңа бағдарламаларын дайындаумен байланысты, оған да кәсіпорын басшылығы жауапты. Жобалаудың сапасына (стратегияларды және жоба жүйелерін дайындау және т.б.) кәсіпорын жұмысының сапасы мен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге тәуелді. Жоғары буынның басшылығы кәсіпорынның өткенімен салыстырғанда көпке қабілетті деген саясатын негізге алу керек. Ұйымдық құрылымда кәсіпорындар деп сапа ны басқару бойынша жұмыстарды бағыттаумен айналыстатын арнайы бөлімшелер қарастырылуы мүмкін. Бөлімдер арасында сапаны басқарудың арнайы функцияларын реттеу кәсіпорын қызметінің көлемі мен сипатына тәуелді. Бөлімдердің басшылары сапаға өмір үлгісі ретінде қарағанда, сапаны жоғарылатуға шақырулар іске асырылады. Нарықтық экономикада қызмет атқаратын кәсіпорындар сапа облысындағы саясатты тек ұсынылатын бұйымдар мен қызметтің сапасына ғана емес, әрбір жұмысшының қызметіне жанасатындай құрастырады. Саясатта нақты кәсіпорын үшін жұмыс сапасы стандарттарының деңгейлері және сапаны қамтамасыздандыру жүйесінің аспектілері дәл анықталады. Сонымен бірге қойылған сапаның өнімі тұтынушыға берілген мерзімде, берілген көлемде және қолжетімді бағада жеткізілуі қажет. Осы уақытқа дейін сапамен арнайы бөлімдер айналысуы қажет деп есептелді. Нарықтық экономикаға өту сапаға жетуге барлық қызмет күштері бағытталуы қажет деп есептейтін әлемнің жетекші компанияларының жоғары сапаға жетудегі тәжірибелерін үйрену қажеттілігін талап етеді. Сапаны арттыруда тұтынушылардың бағасы мен талаптары түзетуге келмейтін, есептеулер мен қателіктер туралы ақпараттар негізгі рөл атқарады. Сапа мәдениеті деп аталатын кешенді түсінік пайда болды, яғни оған сервисті қызмет көрсету сапасы, есептік құжаттама сапасы, өндірістік операцияларды орындау сапасы және т.б. жатады. Өнім сапасына тұтынушылардың талаптарының күшеюінің әсер етуі, сапа бақылауына толық өтуде көрсетілген. Одан басқа, толық сапа менеджер жұмысының бағалау белгілер санынан шығады. Кәсіпорын менеджері сапа жоғарылауын мұқият қадағалап, оның үнемі жақсарып отыруын көздейді. Елдер қатарындағы өткізілген тексерулер, кәсіпорындарда аз көңіл бөлінетін сапа жағдайы, 60%-ға дейін уақытты текке түзеуге кететіндігін көрсетті. Қазіргі күнде сапа басқаруында, өнім сапасына жоғары тиянақтылық пен тұрақтылығына кепілдік беретін сапа менеджментінің сертификатталған жүйесі маңызды мәнге ие. Кәсіпорындарда сапа жүйесіне сертификат беру, нарықта бәсекелестік артықшылығымен сипатталады. Сапа жүйесіне сертификаттың берілуі сапа менеджментінде айтулы дамуға жақындау болып табылады. Нарық кеңістігіне өтуде маңызды құрал болып табылатын сапа менеджменті тауарлардың бәсекелестікке қабілеттігін қамтамасыз етеді. Ол өнімнің техникалық деңгейін және тауарлардың тұтынушыға арналған қызметтік, әлеуметтік, эстетикалық, эргономикалық, экологиялық қасиеттерін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда бәсекелестікке қабілеттілік тауарлардың жинақталған сапалы және мөлшерленген ерекшелігі, яғни тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыратын, сол сияқты тауарларға қатысты табыс және тұтыну шығындарымен анықталады. Өнімдердің жоғары бәсекелестікке ие болатындары, бұл, әрине тұтынушылардың шығындарына тікелей қатысты. Сөзсіз, сапаның жоғарылауы шығынға байланысты, яғни олар алынған пайдаға байланысты орнын толтырады. Сапаны жоғарылату мәні жеткілікті түрде әртүрлі болып келеді. Бұл мәселенің шешімі салалық және сыртқы салалар арасындағы жаңа және прогрессивтік қатынастарды құруды, мысалы, металлургиялық өндіріс пен машинажасау арасындағы қатынасты құруға мүмкіндік береді. Бұл қатынастар машинажасау өнімдері технологиялық өнеркәсіптерін жетілдіру жолына және экономикасының жоғарылауын жетілдіруге қатысты болуы мүмкін.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет