Реферaт тaкырыбы: Сапаны басқару әдістері Орындaғaн



бет5/6
Дата16.11.2023
өлшемі42.48 Kb.
#483441
1   2   3   4   5   6
Сапаны басқару әдістері-1

Қорытынды
Нақты өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің жалпы бағасынарықтағы өнімдердің жалпы сатылу көлемімен белгілі бір өнімнің сатылу көлеміне байланысты болады.Бұл көрсеткіш өнімді шығару барысында кеткен шығындарды ескерместен өнімді нарыққа шығарды, жүзеге асырады. Әртүрлі өндірушілерге бұл шығынның мөлшері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ барлық жағдайда өндіруішіге тиімсіз болмайды. Сондықтан бұл көрсеткіш әртүрлі өндірушілерге бәсекеге қабілеттілігін анықтауда тиімді бола бермейді. Алайда ол шығарылып жатқан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда пайдалы болып келеді. Екінші фактор сервисті қызмет көрсетудің мүмкіншіліктерін арттыруда және өнімнің жарнамасына кеткен шығынның шамадан тыс өсуінде жүзеге асырылады. Ал, бірінші фактор өнімнің өңделуі мен жасалуы кезеңінде жүзеге асады. Алайда дәл осы фактор көп қызығушылық тудырады, себебі, осы фактор өнімнің сапасы мен бағасын анықтайды. Бұл факторларға техникалық үдерістерде қолданылған материал мен компоненттердің сапасы әсер етеді, ол өз кезегінде ғылым зерттеулердің нәтижесі болып келеді. Сонымен қатар, қолданбалы ғылымның нәтижесі ретінде өндірілген өнімнің бәсекеге төзімділіг негізгі әсерін тигізеді Бәсекелестік – нарықты экономиканың маңызды факторы. Бәсекег түсетін тауарлар нарыққа ұсынылған және сол елдің, саланың фирманың өндірушілері ұсынған болуы керек. Сондықтан бәсекелесті пен бәсекеге төзімділікті әртүрлі мағынада қарастыруға болады: тауар (өнім, қызмет), тауар өндіруші (фирма, сала, ел). Базалық түсінік ретінде өнімнің бәсекеге төзімділігі жатады, ал оның қалған мағыналары қосалқы болады. Тауар мен оны шығарушының бәсекеге төзімділігі деп тауардың қабілеттілігін және тауар шығарушының қабілетін нақты нарықтағы деңгейін сақтау және оны басқа тауарлармен бәсекелестігін алдын ала болжауды айтады.Өндірушінің бәсекеге төзімділігінің астарында өндіріс жұмыстарын жүргізе білу қабілеті және соның арқасында бәсекелестеріне нарықта төтеп беру қабілеттілігі жатыр. Осы іс-әрекеттің өлшемі тауар сатудан түскен табысқа немесе басқа да коммерциалдық көрсеткіштерге жұмсалады. Тауар өндірушілердің бәсекеге төзімділік деңгейі – белгілі уақыт аралығындағы бәсекелестеріне төтеп бере білу сипаттамасының корсеткіштері. Бұл көрсеткішті өлшемдердің салыстыру негізі ретінде алса болады. Өнімнің бәсекеге төзімділігі – бұл оның құрамы, ал бәсекеге төзімділіктің деңгейі – сол құрамның көрсеткіші. Яғни, бәсекелесінің өнімімен салыстырмай тұрып, нақты нарықта тұтынушыны қанағаттандыру. Бәсекеге төзімділік техникалық-экономикалық, сапалық және көрсеткіштердің бағасымен анықталады. Сондықтан нарықта тауардың тауар-өндірушіден айырмашылығы – нақты бір қажеттіліктерге сүйене отырып тұтынушының шығынын оның қанағаттануы арқылы шешу. Сапа басқарудың жеті әдіснамасы (Seven Basic Tools of Quality) — Q7 (қазақша С7) деп те аталады, сапа менеджментінің жеті түрлі көп қолданылатын әдістері айтылады. Олар:


Исикава диаграммасы (Ishikawa diagram) - нәтижеден себептерге қарай талдау жасап, жарамсыз себептерді тауып шығу жүйесі;
Тізгіндеу картасы (Control chart) - үлгінің орташа мәнін негіз етіп, жоғары төмендік шегін анықтау, жеті әсерге (Rule of 7) мән беру;
Парето диаграммасы (Pareto chart) - менеджмент сапасын тексеруде және сапалылықты іске асыруда қолданылатын әдіснама;
Гистограмма (Histogram) - статистика әдісі арқылы сандық анализ жасау әдіснамасы;
Тексеру кестесі (Check sheet) - сандық және сапалық деректерді тауып, нақты тексеруді іске асыру әдісі;
Стратификация (Stratification) - материалды түрлерге жіктеу арқылы беталыс пен қасиетті айқындау;
Тарқату диаграммасы (Scatter diagram) - екі айнымалы сандық шама ортасындағы оң, теріс және нөл қатыстылығы.
Бұл түрдегі диаграммаларды соғыстан кейінгі Жапониямен байланыстырады. Бұл атау Saitō Musashibō Benkei-дің жеті керемет құрал дегеніне негізделген. Сапаны басқару келесі принциптерде құрылады:
¬ нысаналылық ― сапаға қатысты нақты мақсат болуы қажет;
¬ жоспарлылық ― жүзеге асырылуы тиіс сапа саласындағы іс¬шаралар¬ дың жиынтығы жоспарланады;
¬ үздіксіздік;
¬ интенсивтілік ― сапаны жоғарылауы экономика дамуының интен¬ сивті факторларына жатады;
¬ жүйелілік жол табу;
¬ кешенділік ― сапа мәселелерін оның тәуелді болуы мүмкін барлық аспектілерді ескере отырып шешу;
¬ сапаның тұтынушылардың сұраныстарына дәл сәйкес келуіне тырысу;
¬ үнемі жетіліп отыру ― кәсіпорынның бәсекелестік қабілетіне үлес қосады.
Сапаны басқару әдістерін төрт топқа бөлуге болады: ұйымдық, әлеуметті-ұйымдық, экономикалық, ұйым-технологиялық.
Ұйымдық әдістер ― талап етілетін сапаны қамтамасыз ететіндей бас-қармалы жүйеастыларды ұйымдастыруға үлес қосатын әдістердің жиынтығы. Әдістердің бұл топтарына нормалардың, түсініктемелердің, консультация-лардың, танысымдардың, сақтанушылықтар негізінде жалпыұйымдық пен сызықты-функционалдық регламенттеуге негізделген жарлықтық (бұйрық-тар, директивалар, қаулылар, нұсқаулар, өкімдер), дисциплинарлық, мотива-цияны қамтамасыз ететін (жауапкершілікті және ынталандыру нысандарын белгілеу), тұрақтандырғыш әдістерді жатқызады.
Әлеуметті-психологиялық әдістер ― жұмыскерлердің рухани мүдде-леріне, тиісті сапаны қамтамасыз етумен байланысты олардың ынта-жігер-лерінің қалыптасуына ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы. Мұндай әдіс-терге мыналар жатады: кәсіпорынға беріліп жұмыс істеуді, осы кәсіпорынның жұмыскері ретінде өзіне құрметпен қарауды, кәсіпорынның жетістіктері үшін мақтан етуді, өнегелік ынталандыру нысандарын тәрбиелеу және насихаттау.
Сапаны басқарудың экономикалық әдістері ― сапа саласында эконо-микалық ынталандыруды қолдануға негізделген ықпал ету тәсілдері және сапа саласындағы белгіленген мақсатқа қол жеткізуге материалдық мүдде-лілікті құру тәсілдері. Экономикалық әдістер тобына сонымен бірге мыналар кіреді: сапаны басқару саласындағы іс-әрекетті қаржыландыру; өндірісті экономикалық ынталандыру; тұтынушыларға олардың талаптарына сәйкес келетін өнім мен қызмет көрсетулерді ұсыну; өнім мен қызмет көрсетулердің жаңа және модернизацияланған түрлерін жоспарлау және құру; өнімге және қызмет көрсетулерге олардың сапа деңгейін ескерумен баға қою; сапаны экономикалық ынталандыру қорларын түзу; өндірістік жүйенің әрбір жұмыс орнында және жалпы алғанда сапаны басқару жүйесінде еңбектің сапасын ескере отырып, еңбекақы төлеу мен материалдық көтермелеу жүйесін қолдану; жабдықтаушыларға олардың өнімді жеткізіп беруіне және қызмет көрсетулеріне қарай ықпал етудің экономикалық шарларын пайдалану.
Ұйым-технологиялық әдістер процесс пен өнімнің сапасын бақылау әдістеріне және процесс пен өнімнің сапасын реттеу әдістеріне бөлінеді. Ұйым-технологиялық әдістерде негізгі орынды сапаны басқарудың жүйелілік әдістері алады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет