Реферат: Тіс профилін түзету Орындаған: Рахметов Әділбек тмо 20-13 тобы Қабылдаған: Ангарбеков Улан Алматы 2022



бет2/3
Дата05.10.2022
өлшемі39.88 Kb.
#462009
түріРеферат
1   2   3
Тіс профилін түзету

Салыстырмалы қасиеттері:
1. Қиғаш тістілер бірқалыпты, шусыз жұмыс істейді, бipaқ ось күштері пайда болады;
2. Шеврон тістілердің ось күштері бipiмeн-бipi теңеседі және жұмыс кезінде шу болмайды, иілуге шыдамдылығы 25,30 %-ке дейін өседі, бірақ дайындауы қиын;
3. Конусты тісті берілістер қымбат. Конструкциясы мейлінше дәлдікті талап етеді. Тістің бойында кернеу шоғырлануы пайда болады.

II.Негізгі Бөлім
Тісті дөңгелектерді кесу кезінде кескіш құралды, оның орта сызығын шеңбердің алғашқы диаметрінен белгілі шамаға жылжытуды тic профилін түзету деп айтады (1сурет).
Tic профилін түзету тісті ілінісулердің қасиеттерін жақсартады.
Егер кескіш рейканың орта сызығы шеңбердің алғашқы диаметрімен сәйкес келсе, түзету (коррекция) болмайды х=0.
Егер кескіш құрал дайындама центрінен сыртқа жылжыса, онда түзету коэффициенті оң таңбалы болады (х>0) және тістің формасы өзгереді. Tic әсіресе табан жағында жуандайды. Сонымен қатар тістің басы үшкірленеді.
Егер жылжу дайындама центріне қарай ығысса, тіс аяғының қалындығы жіңішкереді және жылжыту коэффициенті теріс таңбалы болады (х<0).
Іс жүзінде тіс пішіндерін жоғарғы және бұрыштық түзету арқылы жүзеге асырады.

1. Tic профилін түзету.
Жоғарғы түзету (коррекция). Егер кескіштің жалпы жылжу шамасы нольге тең болса, яғни шестерня үшін оң таңбалы, ал тісті дөңгелек үшін теріс таңбалы болса, онда жоғарғы түзету деп аталады.
xΣ=x1+x2=0.
Былайша айтқанда шестерня үшін x1 >0, ал дөңгелек үшін х2 <0, сонда |х1| =|х2|. Өлшемдері бір, таңбалары карама-қарсы жылжулар шестерня тісінін жуандығын және дөңгелектің ойпат жалпақтығын бірдей үлкейтеді, сондықтан:
Бұрыштық түзету (коррекция). Бұрыштық түзету кезінде кескіштің жалпы жылжыту шамасы нөльге тең болмайды.
xΣ >0
Тістердің адымы ойпаттың адымынан үлкен, сондықтан бөлгіш шеңберлері жанаспайды:
Ось аралық қашықтығы көбейеді.

Сол себептен ілінісу бұрышы үлкейеді. Бірақ оның кемшілігі – жабу коэффици­енті ε азаяды
- орта аралық қашықтық, түзетілмеген іліністер үшін;
- түзетілген іліністер үшін;

ψ – қайта жылжу немесе тіс биіктігін төмендету коэф­фициенті номограмма бойынша анықталады.

Түзетілмеген дөңгелектер үшін


x  = 0; Δу= 0
Тісті берілістерді түзету жанасу беріктігін 20 процентке, иілу беріктігін 100 процентке арттырады, тістің қиылып түсуін жояды және сонымен қатар стандартталған ось аралық қашықтыққа келтіруге мүмкіндік береді. Түзетілген дөңгелекті дайындау түзетілмеген дөңгелекті дайындаудан кымбат емес. Олардың геометриялық өлшемдер қатынасы 10.3-кестесінде берілген.
Бір немесе екі дөңгелек тістерінің саны аз болса, түзету өте пайдалы. Тістерінің саны көп дөңгелекті түзету онша пайдалы емес.
1. Егер z 1 ≥  30 болса, түзетілмеген берілістер;
2. z1<30 және z+z2 >60 -биіктік түзету x1=0,03 (30 —z1 ) және х2 =-x1 ;
3. z1 +z2 <60 болғанда -бұрыштық түзету
x1=0,03(30-z1) - және х2=0,03 (30-z2). хж = x1≤ 1,8-0,3(z+z2), егер 30<(z1+z2)<60 болғанда және (z1+z2)<30 болғанда xΣ≤0,9.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет