Рефераты қызылорда, 2012 ж



жүктеу 342.33 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі342.33 Kb.
ӘОЖ. 636.084.74:631.153.46 Қолжазба құқығында

КАЛЕКЕЕВ ЖҰМАТ СМАТОВИЧ

ЖЕМ-ШӨП ДАЙЫНДАУМЕН ОНЫ ТАРАТУДЫҢ МЕХАНИКАЛАНДЫРЫЛҒАН АҒЫМДЫ

ТЕХНОЛОГИЯСЫН НЕГІЗДЕУ

(ШАҒАН АГРОФИРМАСЫ БАЗАСЫ НЕГІЗІНДЕ)
Мамандығы 6М080600 –Аграрлық техника және технология
Ауылшаруашылық ғылымдарының магистры академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған дисссертацияның

РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012 ж.

Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Машина-трактор паркін пайдалану» кафедрасында орындалған
Ғылыми жетекші: техника ғылымдарының кандидаты,

Аханов С.М.


Ресми оппонент: техника ғылымдарының кандидаты,

доцент Рысбеков А.

Қорғау 2012 жылы «____» ____________ сағат ____ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. (Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Аграрлы-техникалық факультеті №4 оқу ғимараты,

ауд. 201 )

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.



КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының жаппай кірісінің қалыптасу саласының маңызды бөлігіне ауыл шаруашылығының өндірісі жатады. Оның үлесі 30%-ға дейін жетеді.

Еліміздегі ауыл шаруашылығына жүргізіліп жатқан реформаларға байланысты мал басын көбейту мен мал шаруашылығының тиімділігін арттыру өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі кезде облыстағы мал саны ауыл шаруашылығын қолдауға сәйкес жүргізілген қолдауларға байланысты көбеюде.

Облыс көлемінде мал санын көбейтуге бағытталған мәселені шешу мен оның тиімділігін арттыру негізінен жем-шөп қорын нығайту және мал азығын өндіру өндірісін өндірістік негізге ауыстыру арқылы қол жеткізуге болады.

Индустиралды технолгия ғылым мен техниканың озық жетістіктерін, алдыңғы қатарлы тәжірибиелерді, егіншіліктің мәдениетін көтеруге, егу мен жинаудың агротехникуалық талаптарын сақтауды, жерді өңдеудің ең аз тәсіліне қол жеткізуге, тыңайтқыштарды қолдануға бағытталған.

Малдың салмағын арттыру мен сауылатын сүттің мөлшерін жаз айларында арттыруға жасыл балауаса азығы кқп әсер етеді. Бұл кезеңге (сәуір-қыркүйек) жылдық сауын сүттің 70%, малдың салмақ қосуының 60% және жүннің 70% -ына дейін қырқуына қол жеткізуге болады. Сонымен қатар бұл кезеңдегі мал өнімдерінің өзіндік құнының бағасы қыс айларымен салыстырғанда 1,5...2,0 есеге дейін аз болады.

Мал азығы ретінде жасыл балаусаның жылдық құрамының балансында қоректілігі жөнінен 30...35%-ға дейін орын алады. Мал азығының бұндай түрі әсіресе күйіс қайтаратын малдар үшін өте маңызды болады. Жаз айларында жасыл балауса азығы мал азығының 80...85%-на дейін жетеді,ал кей жағдайларда мал азығының қажеттілігін толық қамтамасыз етеді [8,9].

Жасыл балауса азығының негізгі ерекшелігіне ондағы ылғал мөлшері (70...80%) жатады. Жасыл балауса азығының құрамында 15...25% протейн, 4...5% майлар, 15...18% клетчаткалар, 45%-ға дейін биологиялық заттар және 8...11% зола болады.

Жем-шөп дайындайтын техникалардың пайдалану тиімділігін арттырудағы басты мақсаты мал азығын дайындаудың технологиялық процесін жетілдіруге, машина паркінің құрамы мен құрылымын тиімділеуге, машиналардың пайдаланушылық қасиеттерін жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар олардың жұмыстарының көрсеткіштері көп жағдайда олардың параметрлерінің тиімділігіне, жұмыс режимдері мен пайдалану формасын ұйымдастыруға және техникалардың сенімділік деңгейіне байланысты болады.

Жоғарыда келтірілген жағдайларға байланысты мал азығын дайындау кезіндегі техникалардың пайдалану тиімділігін арттырудың мәселесін қазіргі заманның тиімді тәсілдері арқылы комплекстік шешуі күрделі мәселе болып, Қызылорда облысы жағдайында мал азығын дайындаудың қарқындылығын арттыруға бағытталған маңызды жағдай болып табылады.

Мал шаруашылығында сүт, ет және жүн өндірудің салалық көрсеткіштерін жақсартуда жаз айларында жасыл балауса шөп азығын пайдалану мен оны дайындаудың дұрыс ұйымдастыру үлкен орын алады. Бұл мерзімде біріншіден ауа-райының қолайлы жағдайы барлық малдардың жақсы өсуімен жоғарғы өнім беруіне, ал екіншіден жаз айларында малды биологиялық толық құнарлы шөп азығымен ұзақ уақыт бағуға мүмкіндік береді.



Зерттеудің мақсаты – Қызылорда облысы жағдайында жем-шөп дайындау мен таратудың ағынды технологиясын негіздеу.

Зерттеу объектісі – шаруашылықтарда жем-шөп дайындауда қолданылатын технологиялар мен агрегаттары.

Зерттеу тәсілдері – алға қойылған мәселені шешу үшін жем-шөп дайындаудың интенсивттік технологиясын қолдану арқылы зерттеулер ұсынылған.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалықтары.

- облыс көлемінде дайындалатын мал азығының түрлеріне талдау жасау;

- жем-шөп дайындауда қолданылатын техникалардың ерекшелеліктерін

талдау;


- мал азығын дайындау технологияларына талдау жасау;

- мал азығын дайындаудың ағынды технологияларына талдау жасау;

- ағынды технологиялық линияларда қолданылатын техникалардың

санын анықтау;

- мал азығын дайындайтын жинау-транспорттық комплекстердің жұмыстық

көрсеткіштерін анықтау

- мал азығын дайындаудың ағынды технологиясының экономикалық

көрсеткіштерін анықтау.



Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар.

- Шаруашылықтағы жем-шөп дайындаудың технолгиялық ағынды линиясы жасау;

- Шаруашылықта бос шөп дайындаудың технологиялық линиясы жасау;

- Престелген тюктер мен рулондар дайындаудың технолгиялық линиясы жасау;

- Ылғалдылығы жоғары шөпті ауамен үрлеп кептіру технологиясы

- Пішендеме дайындаудың технолгиялық схемасы жасау;

- Сүрлем дайындаудың технологиясы схемасы жасау;

- Дайындалатын жемшөптің малға сіңімділігінің оларды жинау мерзіміне байланысты өзгеруі анықтау;



Диссертация тақырыбы бойынша нәтижелер:

Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің «Ғылым, Білім инновация: Жастардың ғылыми шығармашылғы (жас ғалымдардың ғылыми жинақтары)» ғылыми-практикалық конференциясында.



Зерттеудің ғылыми - тәжірибелік маңызы. Шарушылықтарда табиғи-өндірістік жағдайларға сәйкес шөпті престеп жинау және тасымалдау процестерінде қолданылатын агрегаттардың ұтымды параметрлері мен жұмыс режимдері және қажетті сандарын анықтау әдістемесі мен ұсыныстары.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 85 бетте мазмұндалған, кіріспеден, төрт негізгі бөлімнен, қорытындыдан, 13 суреттен, 19 кестеден, 100 әдебиеттер тізімнен тұрады.
Негізгі бөлім
Қызылорда облысы егіншілікте негізінен күріш өсірумен айналысады. Арал теңізінің мәселесіне және Арал өңіріндегі экологиялық жағдайлардың нашарлауы өңірде ауыл шаруашылығын жаңа бағыттарға назар аударуға мәжбүрлейді. Бұл жағдайда суармалы егістік көлемін азайтып, облыста мал шаруашылығын дамыту мәселесі туындайды.

Қызылорда облысының жер көлемі 218487,4 мың гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі 18218,5 мың гектар немесе 83,4%.

Облыс көлеміндегі ауыл шаруашылық дақылдарының ішінде мал азығының дайындайтын жерлер көлемі 87,7 мың гектарды құрайды.

Қызылорда облысы жағдайында мал азығын дайындаудағы дақылдарды өндіру деңгейі күріш-жоңышқалық айналымды жерлерді рационалды пайдалануға байланысты болады. Мал азығын дайындауда жасыл балауса шөп азығы ретінде негізгі дақыл болып көк жоңышқа табылып отыр. Облыстың кейбір аудандарында мал азығы ретінде донникті егумен айналысуда.

Суармалы егістік жағдайында жасыл балауса шөп азығын дайындаудың өз ерекшеліктері бар. Бұл жағдайда үлкен күріш атыздарын пайдалану, яғни күріш егу көлемін азайтуға байланысты босаған егістіктер.

Мал шаруашылығының өнімдерін өндірудің жаңа технологиялары қамтамасыз ету ауыл шаруашылық техникаларының жоғарғы техникалық деңгейі мен сапасы арқылы қол жеткізуге болады.

Мал азығы үшін табиғи шөптерден және екпе шөптерден пішен шабылып сүрлем дайындалады. Оларды белгілі бір мезгілден кешіктірмей, уақытында дайындау керек. Өйтпесе олардың бойындаңы құнары азаяды. Сонымен қабат шөпті көп аударыстырмай, сілкілемей және ластамай дайындау қажет. Бұл шартты сақтамаса, шөптің ең құнарлы бөлігі – жапырақтары – ұнтақталып шығын болады да сабақтары ғана жиналады.

Жем-шөп дайындаудың ағынды линиясы – бұл белгілі бір ретпен орналастырылған машиналар мен қондырғылардың жиынтығы арқылы технологиялық процесті зоотехниялық талаптарға сәйкес уақытылы орындау және бұл жағдайда еңбек шығынының ең аз мөлшерін қамтамасыз ету. Сонымен қатара жем-шөп таратудың ағынды-технологиялық линиясы келесідей жағдайларды қамтамасыз етуі керек:



  • технологиялық процесті еңбек пен уақыттың ең аз мөлшері бойынша атқаруды қамтамасыз етуі;

  • сенімділігі жоғары және зоотехниялық талаптарға сәйкес болуы;

  • жем-шөпті таратудың біркелілігі мен дәлдігін қамтамасыз ету;

  • шөптің былғануы мен оның фракцияларға бөлінбеуін қамтамасыз ету.

Шаруашылықтарда жаз айларында жасыл балауса шөпті, ал қыс айларында негізінен құрғақ шөптерді майдалап беруді қолданады. Скирдтерге жиналған шөптерді майдалап таратудың ағынды-технологиялық линиясы 1-ші суретте келтірілген.

1-сурет. Жем-шөп дайындау мен таратудың ағынды технологиялық құрылымы


Жем-шөп дайындаудың ағындық технологиялары
Жем-шөп дайындау формаларының тиімді тәсілдеріне қазіргі таңда механикаландырылған отрядтар арқылы орындапу түрі жатады. Бұндай механикаландырылған отрядтардың құрамына 30-40 жұмысшы кіреді. Олардың жартысы механизаторлар. Механикаландырылған отрядтарда жем-шөп дайындау жұмыстарындағы механизаторлардың специализациясы нақты көрінеді. Дайындау процесі ағын арқылы жүреді

Технологиялық операциялардың тиімді варианттарын таңдап алудың критерилері ретінде ағынды технолгииялық ұйымдастырудың талаптары , ГОСТ-дың талаптары және оларды орындаудың типтік нормалар бойынша ең аз еңбек шығындары жатады.

Жем-шөпті дайындаудың «егістік-қойма» схемасы бойынша жұмыстардың негізгі үш шеңберіне бөлінеді:


  1. Шөпті ору, аударып қопсыту мен оларды дестеге жинау, дестеден шөпті көпенеге жинау немесе престеп тюктерге басу;

  2. Дайындалған шөпті жинап сақтайтын орынға тасымалдау;

  3. Шөпті сақтауға жинау.

Бұл жағдайда әрбір жұмыс алдыңғы жұмыстың орындалу мерзіміне тәуелді болады.

Ірі жемшөптерді механикаландырылған отрядтарды ағынды технология бойынша дайындаудың схемасы 2-ші суретте келтірілген.




Пішендемені шөптің барлық түрінен де даярлауға болады. Дегенмен ол үшін ең құнарлы шөпті-бедені, жоңышқаны, сиыржоңышқа мен сұлының қоспасын пайдаланған жөн.

Жоғары сапалы шөп дайындаудың басты жағдайларына ондағы қоректі заттардың сақталуын қамтамасыз ету жатады. Бұндай жағдайды жемшөпті дайындаудың дұрыс технологиясын таңдап алу арқылы қол жеткізуге болады. Жемшөп дайында келесідей негізгі технологиялар бойынша жүргізіледі.

Шаруашылықта бос шөп дайындаудың технологиясы келесі 1-ші кестеде келтірілген.
1 – кесте. Бос шөп дайындаудың технологиялық линиясы


Технологиялық операциялар


Қолданылатын машиналар мен агрегаттар

Егілген және табиғи шөптерді ору

Шөп шапқыштар КС-2,1, КДП-4,0А, КГС-2,1, КРН-2,1, МФ-74, КДП-4, КТП-6, КМВ-6

Шөпті орып-мылжылау арқылы ору

Шөпті орып-мылжылағыштар КВП-3,0, «Славянка», КПРН-3, КПС-5,ОГ , Е-302

Орылған шөпті (дестеден) аудару немесе дестеге жинау

Доңғалақты-саусақтық тырмалар ГВК-6,0А, ГВР-6,0, шөпті аударғыш тырмалар Е-247 (ГДР), көлденеңдік тырмалар ГПП-6

1-ші вариант

Дестелерден ылғалдылығы 25-30% болатын салмағы 400-600 кг шөптің көпенелерді дайындау

ПК-16А

Көпенелерді транспорттық құралдарға тиеу

ПФ-0,5, ПКУ-0,8

Малға беру орнына немесе скирдке жинайтын орынға тасымалдау

МТЗ-100+2ПТС-4-887Б, КУН-10

Скирдке жинау

СНУ-0,5, ПФ-0,5, ПКУ-0,8

Желдетіп кептіру

УВС-16, күн коллекторлары

2-ші вариант

Шөпті (ылғалдығы 20-22%) салмағы 5-6 тонна шөмеге жинау

Т-150К+ПТС-60, СНГ-60, МТЗ-100+НБС-4

Шөмелерді өздігінен аударатын агрегаттар арқылы малға беру орнына тасымалдау

Т-150К+СП-60, МТЗ-100+СП-60,

Т-150К+СНГ-60



3-ші вариант

Дестеден шөпті бұршақты дақылдардың ылғалдығы 25-30%, ал астық тұқымдастардың ылғалдылығы 23-25% болған кезде оларды транспорттық құралдарға тиеу

Т-150К+ПТС-60, МТЗ-100+ПК-1,6А, МТЗ-100+ИТВС-4, СНГ-60

Шөпті скирдке жинау орнына тасымалдау

МТЗ-100+2ПТС-4-887Б, Т-150К+СП-60

Скирдттеу

ПКУ-0,8, ПФ-0,5

Кептіру

УВС, күн коллекторы

4-ші вариант

Шөпті дестеден көпенелерге жинау

Көпене жинағыш ВУ-400, ВНШ-3,0, ВВ-0,4

Көпенелерді скирдтік жинау орнына тасымалдау

Көпене тасығыш КУН-10

Скирдттеу

СНУ-0,5, СШР-0,5

Шаруашылықта престелген тюктер мен рулондар дайындаудың технолгиялық линиясы келесі 2-ші кестеде келтірілген.
2 - кесте Престелген тюктер мен рулондар дайындаудың технолгиялық линиясы


Технологиялық операциялар

Қолданылатын машиналар мен агрегаттар

Егілген және табиғи шөптерді ору

КТП-6,0, КДП-4,0, КС-2,1, КРН-2,1, КМБ-6, КПС-10

Бұршақ тұқымдас шөптерді орып-мылжылау арқылы ору

КПС-5Г, Е-202, КПРН-2,0, КПВ-3,0, «Славянка»

Орылған шөптерді аудару дестеде немесе оларды дестеге жинау

ГВК-6, ГВР-6, аударғыш тырмалар Е-247, ГПП-6,0, ГП-14,0, ГП-2-14,0А

1-ші вариант

Дестелерден шөпті тығыздығы 150-200 кг/м3 тюктерге престеп, оларды егістікке қалдыру

Шөп престегіштер ПС-1,6, ПСГ-1,6, К-453, К-454

Тюктерді штабельдерге жинап, оларды атыздың шетіне шығарып қою

Тюктерді штабельге жинайтын тіркеме ГУТ-2,5А, ТШН-2,5А, МТ-1, ПТН-4, ППУ-0,5

Тюктердің штабельдерін скирдтеп жинайтын немес сақтайтын орнына тасымалдау

ГАЗ-53Б, ЗИЛ-555 маркалы автомбильдерге орнатылған ТШН-2,5 қондырғысы арқылы алыс қашықтықтарға тасымалдау

Тюктерді скирдке жинау

ТПУ-7, ПФ-0,5+ППУ-0,8 әмбебаб транспортер-тиегіш

2-ші вариант

Дестелерден шөпті тығыздығы 130-200 кг/м3 тюктерге перстеп, оларды бірденен транспорт құралына тиеу

ЛПУ-2 қондырғысы орнатылған ПС-1,6, ПГС-1,6 шөп престегіштері

Тюктеррді жинайтын орнына тасымалдау

МТЗ-100+2ПТС-6,2ПТС-4-887Б

Тюктерді скирдтерге жинау

СТ-2, ПФ-0,5+ППУ-0,5 транспортері


3-ші вариант


Дестеден шөптерді тығыздығы 100-150 кг/м3 тюктерге престеп, оларды транспорттық тіркемелерге тиеу

ПСБ-1,6Б+ППУ-2 немесе ВПБ-16

Тюктерді скирдке жинау орнына тасымалдау

МТЗ-100+ПСЕ-12,5, МТЗ-100+2ПТС-4-887Б

Тюктерді штабельдерге жинау

СТ-2, ПФ-0,5+ПКУ-0,8

4-ші вариант

Дестелерден ылғалдығы 20-22% шөптерді салмағы 500 кг-дық рулондарға престеп, оларды атыздың ішіне қалдыру

МТЗ-100+ПРП-1,6, ПРФ-750

Рулондарды транспорт құралдарына тиеу

КУН-10+ППУ-0,5, ПФ-0,5+ППУ-0,5

Рулондарды сақтау орнына тасымалдау

МТЗ-100+2ПТС-4-887Б

Рулондарды штабельдерге жинау

ПФ-0,5+ППУ-0,5

Шөптердің құнарлығын сақтау үшін оларды жоғары ылғалдықта жинау технологиясы қолданылады. Бұл жағдайда шөптердің жапырақтары түсіп қалмайды. Өйткені шөптің жапрақтарында құнарлық заттар оның сабағына қарағанда 10-12 есеге дейін көп болады. Ылғалдығы жоғары шөптерді жинап мен оларды ауамен үрлеу арқылы кептірудің технолгиялық линиясы келесі 3-ші кестеде келтірілген.


3 – кесте. Ылғалдылығы жоғары шөпті ауамен үрлеп кептіру технологиясы

Технологиялық операциялар



Қолданылатын машиналар мен агрегаттар





1-ші вариант


Дестелерден шөпті тығыздығы 100-120 кг/м3 кішкене габариттік тюктерге престеп, оларды тракторлық тіркемелерге тиеу

ПС-1,6+ЛПУ-2, К-442/1, К-454

Скирдке жинайтын орнына тасымалдау

МТЗ-80+2ПСЕ-12,5, МТЗ-100+2ПТС-4-887Б

Тюктерді ауамен үрлеп кептіру онына жинау

ПФ-0,5+ППУ-0,5, ПЭ-0,8Б

Тюктерді кептіру

ВПТ-400, ВПТ-600 ауаны қыздырып айдаушы және желдеткіші бар ауаны бөлетін жүйе


2-ші вариант


Дестелерден шала кепкен шөпті жинап қосымша кептіру орнына және скирдтерге жинау орнына тасымалдау


МТЗ-100+ПК-1,6А, МТЗ-100+2ПТС-4-887Б, КУН-10 көпене жинағыш, ВНШ-3 немесе ВУ-400 маркалы десте жинағыш

Шала кепкен шөпті қосымша кептіруге арналған скирдке жинау


ПФ-0,5+ППУ-0,5, СНУ-0,5 немесе СШР-0,5 маркалы шөп жинағыштары

Кептіру

Ауаны қыздырып айдаушы және желдеткіші бар ауаны бөлетін жүйе


3-ші вариант


Ылғалдылығы 35-40%-ға дейін кептірілген шөпті дестеден алып оларды майдалап тракторлық тіркемелерге тиеу


КУФ-1,8, КС-1,8, КПКУ-7,5 немесе КСК-100 немесе Е-281

Майдаланған шөпті сақтайтын орнына тасымалдау


МТЗ-100+2ПСЕ-12,5 немесе МТЗ-100+2ПТС-6

Майдаланған және шала кепкен шөпті бетоннан жасалған немесе қабырғалық башняға толтыру


ПТП-30 немесе ТЗБ-30

Ауаны қыздырып айдау арқылы кептіру

Ц-470 №8, немесе №12

Шаруашылықта жаз айларында пішенде дайындау технологиясы кеңінен қолданылады. Пішендемені малға жаз айларында және қыс айларында қорада баққан кездеріде азық ретінде береді. Пішендеме дайындаудың технолгиялық схемасы келесі 4-ші кестеде келтірілген.


4- кесте Пішендеме дайындаудың технолгиялық схемасы

Технологиялық операциялар



Қолданылатын машиналар мен агрегаттар





1-ші вариант


Атыз ішіндегі шөпті құлата ору

КТП-60,, КДП-4,0, КС-2,1, КРН-2,1

Атыз ішіндегі орылған шөпті аудару

ГВК-6,0А, ГВР-6,0

Орылған шөпті дестеге жинау

ГВК-6,0А, ГП-14,0, ГП-2-14,0А, ГПП-6,0

Дестеге жиналған шөпті аудару

ГВК-6,0, ГВР-6,0: тіркемелі және аспалы дестеаударғыштар

Дестелерден шөпті майдалап орып оны транспорт құралына тиеу

КСК-100А, Е-232, КУФ-1,8, двигательінің қуаты 300 а.к.және өтімдігі жоғары КПКУ-75, КПИ-2,4 комбайындары

Майдаланған шөпті пішендеме дайындайтын орынға тасымалдау

ПСЕ-12,5, 2ПТС-4-887Б, ПСЕ-20

Майдаланған шөпті траншейлік типтегі сақтау орнына тығыздап жаю

ДЗ-104, ДЗ-110 маркалы бульдозерлері

Майдаланға шөпті башня типтегі сақтайтын орнынға төгу:

  • транспортердан келген майдалаған шөпті қабылдау

  • башняға майдаланған шөпті төгу

  • майдаланған шөпті башня ішінде жаю

- майдаланған шөпті башнядан алу

КТУ-10А немесе ТЗБ-30 бункері


ТЗБ-30

РМБ-9,15 таратқыш

РБВ-6, шөпті шығарғыш



2-ші вариант


Шөпті орып-мыжғылау арқылы орып дестеге салу

КПС-5,ОГ, КПРН-3, Е-301

Дестедегі шөпті аудару

ГВК-6,0А,ГВР-6,0

Дестеден шөпті майдалап, оны транспорт құралына тиеу

КСК-100, Е-281, КУФ-1,8, КПКУ-75

Майдаланған шөпті пішендеме дайындайтын орынға тасымалдау

ПСЕ-12,5, 2ПТС-4-887Б, ПСЕ-20

Майдаланған шөпті траншейлік типтегі сақтау орнына тығыздап жаю

ДЗ-104, ДЗ-110 маркалы бульдозерлері

Майдаланға шөпті башня типтегі сақтайтын орнынға төгу


КТУ-10А немесе ТЗБ-30 бункері, ТЗБ-30

РМБ-9,15 таратқыш, РБВ-6, шөпті шығарғыш


Шаруашылықта қыс айларында сауын сиырлардан сауылатын сүттің мөлшерін арттыру үшін сүрлем азығын дайындайды. Сүрлем дайындаудың технологиялық схемасы келесі 5-ші кестеде келтірілген.

5- кесте Сүрлем дайындаудың технологиясы схемасы

Технологиялық операциялар



Қолданылатын машиналар мен агрегаттар




Шөпті майдалау арқылы орып, оны траспорт құралына тиеу

КСК-100, Е-282, КСК-2,6, КС-1,8, КПКУ-75, КСГ-3,2, КПИ-2-4

Майдаланған шөпке химиялық консерванттарды енгізу

Жетек қуаты 15 кВт қондырғы

Дайындалған шөпті сүрлем дайындайтын орынға тасымалдау

ПСЕ-12,5 2ПТС-4-997Б, ПСЕ-20

Майдаланған шөпті траншея типтегі сақтайтын орынға төгу кезінде химиялық консерванттар енгізу

Химиялық консерванттар енгізуге арналған қондырғылар комплектісі

Шөпті сақтағыш ішінде таптау және жаю

ДЗ-104, ДЗ-110, ДЗ-126А бульдозері


Жемшөпті малға беруге дайындау технологиясы
Мал шаруашылығының жемшөп балансында ірі азықтардың (пішеннің барлық түрі, сабан, қамыс, жүгері сабағы, жүгері собығының өзегі т.б.) үлес салмағы басым. Алайда құрамында клетчатканың көптігіне байланысты бұл азықтардың желінбей ысырап болуы көп. Сондықтан да ірі азықтарды үнемдеп, тиімді пайдалану үшін оларды малға берер алдында белгіленген тәртіпке сай әзірлеу қажет. Бұл оның желінгіштігін арттырады, қоректілігін жақсартып, сіңімділігін жоғарылатады.

Ірі азықты малға әзірлеп берудің төмендегідей әдістері бар:

1.Физикалық әдіс (ұсақтау, шылау, булау, қыздыру және ашыту).

2.Химиялық әдіс (кальцийлендіру, аммиак суымен, сілтімен өңдеу).

3.Биологиялық әдіс (ашытқылау, сүрлеу)

Ірі азықты физикалық әдіс бойынша әзірлеу оның нәрлілігін өзгертпейді, тек желінуін арттырып, ысырап болуын кемітеді.

Ірі азықты ұсақтау. Туралмаған ірі сабанды, қамысты т.б. малға бергенде ысырабы (қалдығы) 55-90 процентке жетеді, ал ұсақтаған жағдайда мал оны сүйсініп жейді де, ысырабы онша болмайды.
Дайындалатын жемшөптің малға сіңімділігінің оларды жинау мерзіміне байланысты өзгеруі
Шөптердің (жоңышқа, беде, шалғындық атқонақ) ең жоғарғы өнімділігі олардың гүлдену кезінде орын алады, ал қоектілігінің ең жоғарғы кезеңі олардың бүршік атқан кездерінде орын алады.

Сондықтан шөпті орып жинаудың тиімді мерзімін анықтау барысында, олардың өсуінің әрбір фазасындағы қоектілік деңгейін анықтау қажет.

Жемшөптің қоректілік құнын ірі қара малдар үшін 1 кг СВ (құрғақ заттағы) (кДЖ/кг СВ)-дағы мөлшеріне байланысты келесі өрнек бойынша анықталады.
, (1)
Мұндағы - жемшөптегі протейн, клечаткалардың және БЭВ (биологиялық энергетикалық заттар) мөлшері, г/кг СВ

Жемшөптің 1 кг (кДж/га) алынатын қоректі энергиялық мөлшерінің мал азығы дақылдарының өнімділігін және оның өсу фазасындағы СВ санының өзгеруін білу арқылы анықтауға болады:


, (2)
Мұндағы П – СВ дақылдың гүлдеу фазасымен салыстырғандағы шығу

мөлшері,


- шөптің гүлдеу фазасындағы өнімділігі, кг СВ/г.
Жоғарыда келтірілген (2) өрнектегі параметрлердің мәндерін анықтау үшін және П мен -ның беде мен шалғындық атқонақтың әрбір фазасындағы өсуі кезіндегі орташа фенологиялық кезеңін анықтау үшін көп жылдық жүргізілген зерттеулердің мәндерін қолдандық.

Соның нәтижесінде жүргізілген өңдеулерден кейін 1 гектар беде мен шалғындық атқонақтаң алынатын қорытылатын энергияны анықтау үшін регрессиялық өрнек алдық:


, (3)

, (4)
Мұндағы t – дақылдың бүршік дтауы мен дән байлағанға дейінгі вегетациялық периодтың ұзақтылығы, тәулік.
Престелген шөп дайындаудың тиімді мерзімін анықтау
Шаруашылықта күріштік айналы танабын ұстап отыру үшін жоңышқа дақылын егеді. Жоңышқа күріштен кейін үш ай бойын суға бастырылып тұрған жердің құнарлығын арттыруға мүмкіндік береді. Ол тамырына азот жинау арқылы жердің құнарлдығын арттырады. Жоңышқа дақылы мал азығы ретінде таптырмайтық азық көзі болып табылады.

Жүргізілген зерттеулерге байланысты жоңышқаның гүлдеу алдындағы бүршік ашу кезінде ондағы қоректі заттар мөлшері өте жоғары болады. Жоңышқаны гүлдеген кезде жинағанда оның өнімділігі 14,68%-ға артады, сонымен қатар оның сабақтары қатайып қоректілігі бүршік атқан кездегі күйіне қарағанда 5,7%-ға төмендейді. Бірақ-та жоңышқадағы қоректі зат протейіннің 72,8% оның бүршік ату соңымен гүлдене бастауының фазасына келеді.

Жоғарыда келтірілген жағдайларға байланысты жоңышқадан престелген шөп дайындаудың мерзімін анықтаудың аналитикалық тәуелділігін жасаймыз.

Бұл жағдайда ресурстарды үнемдеудің критериі ретінде тиімді мерзімде дайындалған престелген шөптен түсетін таза пайда жатады:


, (5)
Мұндкағы РП.Ш - престелген шөпті сатудан түсетін пайда, тг;

ЦЖ престелген жоңышқа шөбінің бағасы, тг;

- 1 м2 –ғы жоңышқаның саны, дана;

- 1 м2 –ғы жоңышқаның сабағының саны;

- жоңышқа сабағының салмағы, г.

Жоғарыдағы (5) өрнекті және бөлу арқылы келесідей өрнек аламыз:



, (6)
Жоғарыда келтірілген зерттеулерді қортындылары бойынша престелген жоңышқа шөбінің бағаыс ЦЖ мен оның бір сабағындағы бүршіктердің санына тәуелділігін аламыз. Жоңышқа шөбінде бүршіктер пайда болмаған жағдайда ондағы қоректі заттардың мөлшері 2-3 бүршіктер пайда болғаннан кездегіден төмен болады. Сонымен қатар сабақтарда 4-5 бүршіктермен және гүлдердің пайдал болған кезінде оның өнімділігі жоғары болып, құнарлығы азайады.

Осыған байланысты престелген жоңышқа шөбін дайындау кезіндегі жоңышқаның бүршітер санымен сабағының салмағымен және жоңышқа шөбінің бағасы арасындағы функционалдық тәуелділктерді анықтау жатады:


; . (7)
Зертеулер кезіндегі жүргізілетін өлшемдердің қателеріне («эксперименттің шуы») байланысты келтірілген барлық тәжірибиелердің мәнін анықтауға болатын өрнекті жазуға мүмкін болмайды. Осыған байланысты жүргізілетін эксперименттік зерттеулердің санының көп болуы қолданылатын өрнектің қортынды мәні бәлірек болады.

Жоғарыда келтірілген өрнектердің (сызықтық, параболалық немесе гиперболалық) түрінің теориялық негізде келесідей жоңышқа сабағының салмағына , бүршіктер санына арасында параболалық сипаттама болады:



. (8)
Жоңышқа сабағының салмағы а1 және в1 коэффициенттеріне тәуелді болуына байланысты оны екі белгісіз параметрлердің функциясы ретінде қарастырамыз.

Жоңышқадан престелген шөп дайындаудың тиімді периодының ұзақтылығын бүршіктер саны бойынша анықтаймыз.



, (9)

Мұндағы - бір тәулік ішінде жоңышқада пайда болатын бүршіктердің орташа саны, дана. күн.


Жемшөптің түрлеріне байланысты қолданылатын комплекстер
Шаруашылықта пішендеме дайындаудың жинау-транспорттық комплексі жұмысының көрсеткіштері келесідей жағдайларға байланысты анықталған. Пішендеме дайындау көлемі 3000 тонна, шөптің өнімдігі 10 т/га, пішендемені ору комбайны Е-281, тасымалдау агрегаттары МТЗ-100+ПИМ-Ф-20 болған кездегі көрсеткіштері келесі 6-ші кестеде келтірілген.
6- Кесте Пішендеме дайындау комлексінің жұмыс көрсеткіштері

Жұмыстың көрсеткіші



Тасымалдау арақашықтығы (км) мен гон ұзындығына (м) байланысты көрсеткіштер мәні

200

400

800

2

4

6

10

2

4

6

10

2

4

6

10

Комбайындар саны, дана

6

6

6

6

5

5

5

5

5

5

5

5

Транспорттық құралдар саны, дана

10

15

19

23

9

14

18

22

9

15

18

23

Транспорттық құралдардың болмай қалуына байланысты тоқтап тұратын комбайындар саны, дана

1,10

1,01

0,92

1,01

1,03

1,08

1,09

1,34

1,10

1,07

1,30

0,95


Техникалық жағдайларға байланысты тоқтап ттұатын комбайындар саны, дана

1,03

0,84

0,82

0,76

0,94

0,79

0,83

0,90

0,62

0,67

1,07

0,89


Өнімділігі, т/сағат

11,9

12,2

12,3

12,4

14,4

15,0

14,7

14,3

14,9

14,8

14,7

14,4

Нақты жинау мерзімі, сағат

79,6

77,7

77,0

76,6

79,0

75,8

77,2

78,9

76,3

76,6

77,3

79,0

Шаруашылық бойынша әртүрлі көлемде пішендеме дайындаудың жағдайларын қарастырып, олардың анықталған мәндерін келесі кестелерде келтіреміз.

Пішендеме дайындау көлемі 5000 тонна, шөптің өнімдігі 10 т/га, пішендемені ору комбайны Е-281, тасымалдау агрегаттары МТЗ-100+ПИМ-40 болған кездегі көрсеткіштері келесі 7-ші кестеде келтірілген. Пішендеме дайындау көлемі 3000 тонна, шөптің өнімдігі 10 т/га, пішендемені ору комбайны КСК-100А, тасымалдау агрегаттары Т-150К+ПИМ-40 болған кездегі көрсеткіштері келесі 8-ші кестеде келтірілген.
7- Кесте. Пішендеме дайындау комлексінің жұмыс көрсеткіштері

Жұмыстың көрсеткіші



Тасымалдау арақашықтығы (км) мен гон ұзындығына (м) байланысты көрсеткіштер мәні

200

400

800

2

4

6

10

2

4

6

10

2

4

6

10

Комбайындар саны, дана

6

6

6

6

5

5

5

5

5

5

5

5

Транспорттық құралдар саны, дана

8

10

12

14

6

9

11

13

6

9

12

14

Транспорттық құралдардың болмауынан тоқтап тұратын комбайындар саны, дана

0,63

0,70

1,34

1,03

1,31

1,41

1,16

1,01

1,01

1,14

0,78

0,72


Техникалық жағдайлармен тоқтап ттұатын комбайындар саны, дана

0,61



0,69


0,78


1,01


1,04


1,03


1,32


0,66


0,89


0,71


1,12


1,11


Өнімділігі, т/сағат

12,4

12,3

11,8

12,8

14,6

14,6

15,6

14,2

14,3

14,5

14,3

14,6

Нақты жинау мерзімі, сағат

76,3

76,8

80,0

74,1

77,7

77,9

73,1

79,8

79,7

78,2

79,5

77,8



Жемшөптің малға сіңімділігінің оларды жинау мерзімі бойынша анықтау
Дайындалатын жемшөптің қорытылатын энергиясының беде мен шалғындық атқонақтың вегетациялық фазалары бойынша өзгеруі келесі 3-ші және 4-ші суреттерде келтірілген. Бұл суреттерден байқайтынымыз қорытылатын энергияның ең көп шығатын мөлшері екі дақыл бойынша да гүлдеу алдында болатындығын көреміз.

Бұл келтірілген мерзім ішінде шөпті жинап алуды орындау мүмкін болмайды. Өйткені бұған өте көп техникалардың саны қажет болады. Егерде шөпті жинау мерзімін ұзартатын болсақ, онда қорытылатын энергия мөлшерінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Оның қарқындылығын К коэффициенті бойынша бағалаймыз.



3- сурет. Беде дақылының қортылатын энергия түзу мерзімі


4 –сурет. Шалғындық атқонақ дақылының қортылатын энергия

түзу мерзімі


Престелген шөп дайындаудың тиімді мерзімінің көрсеткіштері
Шаруашылықта жоңышқадан престелген шөп дайындаудың тиімді мерзімі мен ұзақтылығын анықтауды ондағы сапалық көрсеткіштерге (протейн, каротин, қоректілік бағалығына) байланысты болады. Олар өз кезегінде жоңышқа дақылындағы бүршіктердің санына байланысты болады.

Жоңышқаның сабағының салмағының ондағы бүршіктер санына тәуелділігінің сызықтық емес сипатының параболалық түрде болады. Бұл жағдайда эмпериялық коэффициенттердің мәні және .

Осыған байланысты а және в коэффициенттерінің мәніне байланысты өрнек келесі түрде болады:

(10)
Келесі қажетті көрсеткішке жоңышқа шөбінің сату бағасының ЦЖ ондағы бүршіктер санына тәуелділігі келесі өрнек бойынша анықталады:
. (11)
Бұндағы эмпериялық коэффициенттердің мәні н ең аз квадраттар тәсілі бойынша анықтаймыз. Сонда өрнек келесідей түрде болады:
, (12)

Мұндағы -0,000116, 0,000804, 0,000685


8-ші кестеде жоңышқадағы қоректі заттардың негізгі түрлері келтірілген. Бұл жағдайда қорытылатын протейіннің ең көп мөлшері жоңышқада = 1...3 бүршіктің пайда болған кезінде орын алады.
8 – Кесте. Жоңышқаның өнімділігін төрт түрлі жинау кезеңі бойынша анықтау

Көрсеткіштер



Жинауды әртүрлі фазада жүргізу


бүршік ату алдында

бүршік атқан кезде

гүлдеу

алдында


толық гүлдену кезінде

Кұрғақ салмақтың шығуы, ц/га

132,7

164,4

191,4

192,7

Қорытылатын қоректі заттарр , ц/га

87,7

93,3

109,5

105,4

Протейн, ц/га

35,4

39,1

39,5

36,5

Қорытылатын протейн, ц/га

27,9

29,2

28,7

25,7


Жемшөп дайындаудағы агрегаттарды пайдаланудың экономикалық тиімділігі
Экономикалық үнемдеу негізіне төрт құраушы арқылы жемшөп дайындаудың барлық процестерін қамти жүргізіледі.

Жалпы жағдайда күтілетін жылдық экономикалық тиімділікті келесі өрнек бойынша анықтаймыз:



, (13)
Мұндағы - жылдық экономикалық тиімділік, тг;

- бірліктік жұмыстардың қолданылып жүрген және

ұсынылған варианттың өзіндік құны, тг;



- зерттеулер қортындысын пайдалану көлемі.

Экономикалық тиімділіктің мәнін орындалаған жұмыстардың көлемінің бірлігі бойынша нақты анықтауға болады:



. (14)

Жемшөп дайындаудың шаруашылыққа ұсынылатын ағынды технологиясы еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру элементі болып табылады, сондықтан оны іске асыруға көп қаражат қажет болмайды. Осыған байлванысты .

Сонда үшін келесі өрнекті аламыз:

, (15)

Мұндағы - орындалған жұмыстың бірлігіне шаққандағы ресурстарды үнемдеу, тг/бірлік. жұмыс.

Ресурстарды үнемдеу әрбір этаптардағы оңтайландыру негізінде алынатын мәндерден құралады:
, (16)

Мұндағы - ресурстарды ақшалай түрде үнемдеу.

Жоңышқа дақылынан жемшөп дайындайтын агрегаттың бір сағаттық тоқтап тұруының орташа шығыны = 5 тг/сағат.
тг/сағат.

Бір гектар жоңышқа егістігіне шаққанда экономиялық үнемділік келесідей



тг/га, (17)

Мұндағы - машинаның сағаттық өнімділігі.

Бір гектар жоңышқалыққа келетін қосындылық экономиялық тиімділік келесі өрнек бойынша анықталады:
(18)
тг/га.


ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫ
1. Қызылорда облысындағы Шаған агрофирмасы жағдайында жемшөп дайындаудың тиімді мерзімі анықталды. Оған жоңышқа дақылының = 1...3 гүл бүршігі пайда болған кезде оның ең жоғарғы қоректілігі болатындығы есептелініп шығарылды.

2. Қорытылатын энергия функциясын бірінші туындысын жиналатын дақылдан алынатын ең жоғарғы қорытылатын энергияға бөлу арқылы жалпы жағдайда К тәуелділігін шөпті жинаудың ең қолайлы жағайы мен одан кейінгі мерзіміне байланысты өрнек шығарылды.

3. Есептелінген және құрастырылған жем-шөп дайындаудың технолгиялық ағынды линиясы жасалды.

4. Шаруашылықта сүрлем дайындаудың ағынды технологиясы жасалды. Сүрлем дайындау көлеміне байланысты жемшөп жинайтын және транспорттық құралдардың тоқтап тұру коэффициенттері анықталған.

5. Экономикалық үнемдеу негізіне төрт құраушы арқылы жемшөп дайындаудың барлық процестерін қамти жүргізіледі. Бір гектар жоңышқалыққа келетін қосындылық экономиялық тиімділік 1511,82тг/га болды.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі


  1. Аханов С.М., Нұрғалиев Н.Ш., Калекеев Ж.С. "Анализ существующих способов заготовки грубых кормов" Ғылым, білім иновация: жастардың ғылыми шығармашылығы (жас ғалымдардың ғылыми жинақтары) Қорқыт Ата атындағы ҚМУ. Қызылорда, 2012 ж.

  2. Аханов С.М., Нұржан Д.Ж., Нұрғалиев Н.Ш., Калекеев Ж.С. "Мал азығын дайындауды механикаландыру мен ағынды технологиялық желіні таңдау негіздері" Ғылым, білім иновация: жастардың ғылыми шығармашылығы (жас ғалымдардың ғылыми жинақтары) Қорқыт Ата атындағы ҚМУ. Қызылорда, 2012 ж.

  3. Аханов С.М., Нұрғалиев Н.Ш., Калекеев Ж.С. "Пішенді престеп жинаудың тиімділігін негіздеу" Ғылым, білім иновация: жастардың ғылыми шығармашылығы (жас ғалымдардың ғылыми жинақтары) Қорқыт Ата атындағы ҚМУ. Қызылорда, 2012 ж.


РЕЗЮМЕ
ОБОСНОВАНИЕ ПОТОЧНОЙ ТЕХНОЛОГИИ ЗАГОТОВКИ И МЕХАНИЗИРОВАННОЙ РАЗДАЧИ КОРМА (НА ПРИМЕРЕ АГРОФИРМЫ ШАҒАН)
Актуальность темы. Повышение по голове скота а также повышение эффективности животноводства республике является актуальный проблеме.На сегоднейшей день по голове скота области увеличивается.

Актуальной проблемой является оптимизация поточной технологии заготовки и механизированной раздачи корма, обеспечивающая снижение потерь и повышение качества заготовки сена при высокоэффективном взаимодействии соответствующих технических средств.



Объект исследования. Механизированные агрегати подготовки и раздачи кормов хозяйстве.

Цель исследования. Обоснование организаций применение поточный технологий заготовки кормов.

Результаты исследования.

1. Полученный оптимальные сроки заготовки кормов агрофирмы Шаган Кызылординский области.Прицветий люцерный = 1...3 полученный найболее высокая усвояемость.

2. Выведенный формула оптимальный срок уборки кормов зависимости от функций .

3. Построено поточные линий технологий заготовки кормов.

4. Предложено поточная технология подготовка заготовки силоса в хозяйстве.Зависимости от об обёма силоса расшитон коэффициент ожидание уборочных и транспортных средств.

Практическая значимость. Рекомендации по обоснованию оптимальных сроков уборки и поточной технологии заготовки кромов в условиях агрофирмы Шаган.

Экономическая эффективность. Обоснована экономический эффективность всех процесоф зависимость от четырёх состовляющих.Экономический эффективность на 1 га составил 1511,82тг/га.


SUMMARY
SUPPORT OF PRODUCTION TECHNOLOGY AND MECHANICAL FEED DISTRIBUTION (FOR EXAMPLE GROWS ŠAĠAN)
The relevance of the topic. Improvement on the head of cattle and livestock improvement is a topical problem. Republic of The segodnejšej on the head of cattle per day increases.

A current challenge is to optimize the flow of technology and mechanical feed distribution, reducing losses and improving the quality of hay when performance collaboration of appropriate technical means.



The object of the study. Mechanized aggregates preparation and feeding.

The purpose of the study. Support organizations use stream technologies fodder.

The results of the study.

1. the optimal sowing date grows Shagan Kyzylorda oblast. Pricvetij lûcernyj = 1 ... 3 received the best and high digestibility.

2. the optimal term cleaning formula Derived feed depending on the features.

3. Built production line technology fodder.



4. Invited the streaming technology of preparation of harvesting silage. depending on the rasšiton factor of the silo obëma waiting for cleaning and vehicles.

Practical significance. Recommendations on the optimal duration of harvesting and production technology of workpiece under Krom Shagan grows.

Economic efficiency. Justified by the economic performance of all four sostovlâûŝih procesof dependence on Economic efficiency at 1. HA was 1511, 82tg/HA.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет