Рефераты қызылорда, 2012



бет2/3
Дата26.02.2016
өлшемі294 Kb.
#27257
түріРеферат
1   2   3

1 кестеден байқағанымыздай, әрбір гектардан алынатын түсімділік деңгейі дәнді дақылдар бойынша 2007 жылы 40,9 ц/га болса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 47,8 ц/га жетіп 16,8%-ға көбейген. Демек, бұл көрсеткіштерге сүйене отырып, егіс көлемінің елеулі артпағанымен де, одан алынатын өнімділік деңгейі ерекше мәне беру шараларын жүргізу нәтижесінде жоғарылағаны байқалады.

Жалпы өнім – бұл аяқталмаған өндірісті қоса барлық өндірілген өнім мен атқарылған жұмыстың құны. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының өнім өндірісін талдау барысында өнім өндіру мен сату динамикасын, жоспардың орындалуын талдау; осы көрсеткіштердің өзгеруіне әсер етуші факторларды анықтау; өнім өндіру мен сатуды арттырудың шаруашылық резервтерін анықтау жүргізіледі.
Кесте 2 - 2011 жылғы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, (ағымдағы бағамен)



Жалпы өнім,

млн. теңге


Нақты көлем

индексі

2010 жылға

пайызбен


оның ішінде:

өсімдік шар-ғы, млн теңге

мал шар-ғы, млн теңге

Қызылорда облысы

38 211,6


110,5

27 177,7

11 033,9

Қызылорда қаласы

3 604,8

122,5

31 65,2

439,6

Арал ауданы

1 764,5

101,6

298,4

1 466,1

Жалағаш ауданы

6 216,6

107,1

5 070,6

1 146,0

Жаңақорған ауданы

5 834,6

123,2

3 807,2

2 027,4

Қазалы ауданы

4 912,0

117,4

2 953,2

1 958,8

Қармақшы ауданы

3 429,1

119,9

2 375,7

1 053,4

Сырдария ауданы

6 100,6

103,5

5 058,5

1 042,1

Шиелі ауданы

6 349,4

104,5

4 448,9

1 900,5

Ескерту Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметтері негізінде

2 кестеде 2011 жылғы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі туралы Қызылорда қаласы, облысы және аудандар бойынша мәліметтер берілген. Облыс бойынша жалпы өнім көлемі 38211,6 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10,5 пайызға артқан. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 27177,7 млн. теңге, яғни 71 пайызын, ал мал шаруашылығы 11033,9 млн. теңге болып 28,9 пайызын құрады. Аграрлық саланың тиімді жүйесін қалыптастырудың бірден-бір жолы, бәсекеге қабілетті өнім өндіру негізінде оны өңдеуді дамыту. Осы негізде, біршама жұмыстар атқарылып ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу орындарының іске қосылуында біршама қозғалыс бар. Мысалы, «Рза» АҚ-да германиялық қуаттылығы аусымына 1 тн шұжықшығаратын цехы мен 4 тн. сүт өңдейтін «Ақбұлақ» сүт зауыты іске қосылды.

Қараөзек аулындағы ет-сүт кешеніндегі ет өңдеу цехы қайта қалпына келтіріліп, «Самрұқ өнімдері» ЖШС-де шұжық өнімдері мен жартылай

фабрикаттардың 20 түрі және ысталған тауық еті шығарылуда.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуде еркін сауда жүйесі өз өміршеңдігін көрсетуде. Оның негізгі арналарын елді қоныстарда орналасқан кәсіпкерлік кәсіпкерлік орталықтарына, базарларға шығарып сату, қоғамдық тамақтану барынша толық пайдалану ауыл тауарлары өнімділігіне пайдалы әсерін тигізеді. Еркін сауда жүйесі тек ауылдық тауар өндірушілер үшін ғана емес, сондай-ақ ауылдық жерлерде шағын бизнестің түр-түрімен айналысатын кәсіпкерлер үшін де тиімді.

Ауыл шаруашылығының тиімділігіне талдау жасағанда өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері ретінде жер, еңбек, су және материалдық ресурстарды пайдалану көрсеткіштерімен байланыстыру қажет.

Ауыл шаруашылық жерлеріне – ауыл шаруашылығы өнімдерін алу үшін пайдаланылатын жер учаскелері жатады. Оның құрамына егістік жерлер, тұрақты дақылдар егілетін жерлер, шабындықтар мен жайылымдар кіреді.

Қазақстанда 2010 жылы барлық ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі, шамамен, 215850,9 мың га, оның ішінде егістік жер 23230,4 мың га, пішендік 4816,0 мың га, жайылым 182358,1 мың га болды.

Егістік жерлер – бұл ауыл шаруашылық дақылдары егілген жердің ауданы. Оның құрамына, қысқы солғандарын есептен шығарып тастағандағы өткен жылғы егілген күздіктер, дербес ауданға, соның ішінде солған күздіктердің орнына қайта себілгендерді қоса, ағымдағы жылы егілген жаздық дақылдар және берілген жылы егілген көпжылдық шөптер, бұрынғы жылдары егілген көпжылдық шөптердің биыл жиналатын ауданы, яғни көктемге сақталған шабындық ауданы кіреді.
Кесте 3 – Қызылорда облысы бойынша бүкіл егістік алқабы және оның құрылымы, 2011 жыл




Шаруашылық-ң

барлық санаттары



ауыл шаруашылығы кәсіпорындары

шаруа (фермерлік) қожалықтары

жұртшылық шаруашылығы

га

%

га

%

га

%

га

%

Қызылорда облысы

160 754,0

100


85 056,5

52,1


50 198,6

30,6

28 698,9

17,3


Арал

232,0

0,1

-

-

139,4

59,9

92,6

40,1

Жалағаш

30 526,6

18,6

16 715,0

54,7

8 512,5

27,8

5 299,1

17,5

Жаңақорған

29 383,1

17,8

6 036,0

20,6

20 104,6

68,2

3 242,5

11,2

Қазалы

19 155,9

11,6

12 725,0

66,4

1 218,0

6,2

5 212,9

27,4

Қармақшы

21 479,8

13,0

16 637,0

77,5

1 967,0

8,8

2 875,8

13,7

Сырдария

32 438,8

19,7

21 548,0

66,3

7 660,0

23,4

3 230,8

10,3

Шиелi

24 061,6

14,6

7 685,5

31,6

10 251,1

42,5

6 125,0

25,9

Қызылорда қ.ә.

6 676,2

4,0


3 710,0

56,0


346,0

4,5

2 620,2

39,5


Ескерту – Ауыл дамуының мониторингі негізінде автормен есептелген

3 кестеде Қызылорда облысы бойынша бүкіл егістік алқабы және оның құрылымына талдау жасауға болады. Шаруашылық санаты бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының егістік көлемі 85 056,5 гектарға орналасып, ең көп 52,1 пайызды құрайды. Ал, шаруа қожалықтары 30,6%, жұртшылық шаруашылығының егістік көлемі 17,3% құраған. Аудандар бойынша Сырдария аудынының егістік көлемі ең үлкен 19,7% - ды құрап отыр.

Еліміздің жылына 400-500 мың тонна күріш саласын (240-300 мың тонна ақ күріш), ал Қызылорда облысында осы өнімнің 90 пайызын өндіруге толық мүмкіндік бар. Қызылорда облысында 2011 жылы 77400 га көлемінде күріш егіліп, одан жиналған өнім 370640 тонна, ал орташа өнім 47,8 ц/га болды.
Кесте 4 – Қызылорда облысындағы 2009-2011 жылдардағы күріш өндірісі

Аудандар


Егіс көлемі, га

Орта өнім, ц/га

Жалпы түсімі, тонна

2009ж

2010ж

2011ж

2009ж

2010ж

2011ж

2009ж

2010ж

2011ж

Арал

200

210

260

27,1

50,0

44,0

932

1050

1480

Жалағаш

17500

19600

20124

39,8

46,1

51,4

69616

81120

110260

Жаңақорған

7182

7426

7820

31,8

41,0

45,1

22374

30425

35150

Қазалы

3574

4530

4024

27,0

36,0

37,8

9663

19900

15170

Қармақшы

9106

10176

10126

37,7

46,5

40,6

34312

47293

54390

Сырдария

17558

18579

20356

33,5

38,3

49,3

57845

63543

91760

Шиелі

9000

9100

10500

36,4

43,5

47,5

32734

39125

51800

Қызылорда

2660

3705

3020

24,8

40,8

40,6

6578

15100

9840

Барлығы

66580

74226

77400

35,3

42,4

47,8

233122

297581

370640

Ескерту – Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті мәліметтері негізінде

Күріш дақылының 1 гектарынан ең көп өнімділікті Жалағаш, Шиелі және Тереңөзек аудандары берген, сәйкесінше жалпы түсім шамасы да басқа аудандар көрсеткішімен салыстырғанда біршама артық.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтың, маңызды көрсеткіштің бірі - қор қайтарымы. Ол негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың қорытындылаудың көрсеткіші болып табылады. Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін сипаттау үшін «Ақжарма Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көрсеткіштері негізінде қор қайтарымы өзгерісіне әсер етуші факторларды абсолютті айырмашылықтар әдісімен есептеледі.
Кесте 5 - Қор қайтарымын талдау үшін мәліметтер

Көрсеткіштер

2010 ж

2011 ж

Ауытқу(+;-)

Өнім өндірісі көлемі (ВП), мың теңге

84512

87420

+2908

Орташа жылдық құн

- негізгі өндірістік қорлар (ОПФ), мың тг

- актив бөлігі (ОПФа), мың тг

60369


36825,0

57305


36102,1

-3064


-722,94

Үлес салмағы, коэффициент қорлардың актив бөлігінің (УДа)

0,61

0,63

0,02

Қор қайтарымы, теңге (ФО)

- актив бөлігінің (ФОа)



1,39

2,29


1,52

2,42


0,13

0,13


Ескертпе – «Ақжарма Жер» ЖШС-нің мәліметтері негізінде автормен есептелген

Негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымына әсер етуші бірінші деңгейдегі факторлар: қорлардың актив бөлігі үлесінің олардың жалпы

сомасында өзгеруі, қорлардың актив бөлігі қор қайтарымының өзгеруі. Факторлар әсерін абсолютті айырмашылық әдісін қолдану арқылы анықтаймыз.

6 кесте мәліметтері бойынша шаруашылықта 2011 жылы 87420 мың теңгенің өнімі өндірілген. Ал негізгі өндірістік қорлардың орташа құны 57305 мың теңге. Оның ішінде активті бөлігі, яғни 2011 жылғы көрсеткіш бойынша 63 пайызын құрап, 36102,1 мың теңге болған. Қорлардың актив бөлігі үлесінің олардың жалпы сомасында 0,02–ге өзгеруі есебінен қор қайтарымы 0,045теңгеге артса, қорлардың актив бөлігі қор қайтарымының 0,13 теңгеге өзгеруі есебінен 0,082 теңгеге артып, жалпы сомасы 0,13 теңгені құрады.

Кесте 6 - Қор қайтарымының өзгеруіне себептердің әсерін есептеу,

2011/ 2010



Бірігіп әсер

ететін жеке көрсеткіштер



Қорытындылау көрсеткіші

Алдынғы есептеуден

Ауытқуы, теңге



Ауытқу

себебі


Белсенді бөлігінің үлесі

Белсенді бөлігінің қайтарымы тг.

Қор қайтарымы,тг.

-

-

2010ж. базистік

0,61


2010. базистік 2,29

2010ж. базистік

1,39



-

-

2011ж.


0,63

2010ж. базистік

2,29

Шартты


1,44

0,05


Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағының артуы

2011ж.


нақты 0,63

2011ж. нақты

2,42

2006ж


нақты

1,52

0,08


Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің қайтарымын жоғарлату

Ескерту - «Ақжарма Жер» ЖШС-нің мәліметтері негізінде автормен есептелген

Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағының артуы қор қайтарымына оң ықпал тигізді және негізгі қорлардың белсенді бөлігінің қайтарымының жоғарлауы өсуі ол өз негізінде қор қайтарымына оң ықпалын тигізді. Ауытқулар балансы осыны дәлелдейді.

Қоғамдық ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында еңбек өнімділігі жалпы өнім бойынша есептеледі: жылдық өнімділік – ақшалай көріністегі өнімді (салыстырмалы бағамен) ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа жылдық санына бөлу арқылы, сағаттық өнімділік – ақшалай көріністегі (салыстырмалы бағамен) ауыл шаруашылығында істелген адам-сағат мөлшеріне бөлу арқылы есептеледі.

7 кестеде Қызылорда облысының 2011 жылғы жалпы өнім құны бойынша сипатталған еңбек өнімділігі көрсеткіштері берілген. 1 жұмысшыға шаққандағы жалпы өнім құны 2011 жылы өткен 2010 жылмен салыстырғанда 14,4% - ға артқан. Әсіресе, мал шаруашылығы саласындағы жұмысшылар үлесі небәрі 21,6% - ды құраса да, еңбек өнімділігі салыстырмалы түрде жоғары.


Кесте 7 –Ауыл шаруашылығы жалпы өндірісіне еңбек өнімділігіне талдау,

2011 ж.

Көрсеткіштер

2011 жыл


оның ішінде

Өткен жылға пайызбен

өсімдік шаруашылығы

мал шаруашылығы

Жалпы өнім құны, млн. тг.

38 211,6

27 177,7

11 033,9

122,6

Пайда, млн. тг.

4552,7

3095,9

1456,8

118,0

Орташа жылдық ауыл шаруашылығы жұмысшылар саны, адам

185 684

146 691

38 993

107,2

1 жұмысшыға шаққандағы жалпы өнім құны, мың тг.

205,7

185,2

282,9

114,4


1 жұмысшыға шаққандағы пайда, мың тг.

24,51

21,1

37,6

120,3


Ескерту - Ауыл дамуының мониторингі мәліметтері негізінде автормен есептелген

Себебі, мал шаруашылығында жұмыс жыл бойына біркелкі жүреді. Сондықтан мал шаруашылығы салаларының жалпы өндірістегі үлес салмағының артуы қызметкерлердің жұмыспен қамтылуы және еңбектің маусымдылығын реттеуге жәрдемдеседі.

Өндірістің тиімділігінің ең басты көрсеткіші жанды еңбек өнімділігі болып саналады, ал өндіріс нәтижесімен, жұмыс істеушілердің орташа тізімдік санының арақатынасымен өлшенеді.

Халық шаруашылығында мал шаруашылығының алатын ролі зор, ол халықты бағалы азық түлікпен қамтамасыз етеді. Әр түрлі табиғи және экономикалық жағдайларда мал шаруашылығының орналасуы, мамандануы, бағыты ерекше болуға тиіс. Негізінен сүт бағытындағы шаруашылықтар қала маңына орналасады.

Аймақта мал тұқымын асылдандыру, басын көбейту арқылы мал өнімдерінің сапасын арттыруға басым бағыт беріліп отыр. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 12,3 пайызға артты. Нәтижесінде жыл санап төрт түлік мал басының өсу қарқыны қалыптасып келеді.

Асыл тұқымды мал басын көбейту мақсатында соңғы жылдары облыстық бюджеттен жыл сайын қаржы бөлініп, Республиканың өзге өңірлерінен асыл тұқымды 1000 бас мүйізді ірі қара, 5185 бас қой, 500 бас жылқы, 79 бас түйе әкелініп, шаруашылықтарға лизингіге беріліп, 29 орта тауарлы шаруашылықтар ұйымдастырылды.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін бағалау барысында Қазалы ауданында орналасқан «Рза-Агро» ЖШС-нің даму бағытына және сүт өнімділігіне және оның экономикалық тиімділігі көрсеткіштеріне тоқталамыз.
Кесте 8 - «Рза-Агро» ЖШС-нің сүт өнімділігін және оның экономикалық тиімділігі

р/с

Көрсеткіштер

2010 жыл

2011 жыл

+; -

%

1

Орташа жылдық сауын сиыр, бас

115

148

33

128,6

2

Алынған бұзау саны, бас

84

125

41

148,8

3

100 бастан алынған бұзау, бас

73

85

12

116,4

4

Орташа лактация ұзақтығы, күн

147

156

9

106,1

5

1 сиырдан орташа тәуліктік сауылған сүт, литр

8,0

9,6

1,6



120,0

6

1 сиырдан сауылған сүт, литр

1176

1497,6

321,6

127,3

7

Сауылған сүт, мың литр

135,2

221,6

86,4

156,5

8

Сүттің майлылығы, %

3,2

3,41

0,21

106,5

9

1 литр сүттің өзіндік құны, теңге

112

108

-4

96,4

10

1 литр сүттің көтерме бағасы, теңге

140

145

5

103,5

11

Өткізілген өнімнің өзіндік құны, мың тг.

15142,4

23932,8

8790,4

158,0

12

Өткізілген өнімнен түскен түсім, мың тг

18928,0

32132,0

13204

169,7

13

Пайда (зиян)

3785,6

8199,2

4413,6

2,2 есе

14

Рентабельділік деңгейі, %

25,0

34,2

9,2

136,8

Ескерту- «Рза-агро» ЖШС мәліметтері негізінде автормен есептелген

8 кестеде берілген мәліметтер бойынша шаруашылықта өндірілетін сүт өнімділігіне баға бере отырып, барлық өнімділік көрсеткіштерінің жылдан –жылға артып, рентабельділік деңгейі 2010-2011 жылдарды салыстырғанда 9,2 %-ға артқан. Сүт өнімінің шығымдылығын арттыру үшін төл санын арттыру, зоотехникалық және зоогигиеналық шараларды дұрыс әрі уақытылы жүргізу, құнарлы жем – шөппен қамтамасыз ету, асыл тұқымды сауын сиырлар өсіру, еңбеккерледің біліктілігін арттыру, еңбек жағдайын жақсарту қажет.

Соңғы 2007-2011 жылдары Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындары пайдамен шығып, өткен жылдармен салыстырғанда пайдалылығы мен рентабельділігі артты.


Кесте 9 – Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының пайдасы (зияны) және рентабельділік деңгейі

Көрсеткіштер


2007 ж

2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж

Пайда (зиян), млн. тг


3592,7

3648,6

4861,5

3912,3

4552,7


Барлық өткізілген өнімнің рентабельділік деңгейі, %

23,5

25,7

24,2

23,8

24,6


Шаруашылықтардың жалпы санындағы пайдалы шаруашылықтардың үлесі, %

31,5


35,6


42,0


45,4


38,1


Шаруашылықтардың жалпы санындағы зиянды шаруашылықтардың үлесі, %

68,5


64,4


58,0


54,6


61,9


Ескерту - Ауыл дамуының мониторингі мәліметтері негізінде автормен есептелген

Жыл басында Елбасы халыққа дәстүрлі Жолдауын жариялап, тәуелсіздіктің үшінші онжылдықтағы дамуының негізгі – он ұстанымын айқындап берді. Мұның бәрі экономиканың қуатын еселейтін, халықтың табысын арттырып, өмір сүру деңгейін көтеруді көздейтін бағыттар.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімі құрылымында көлемнің үштен екі бөлігін ала отырып, мал шаруашылығы өнімдері жетекші орынға шықты. Оған саланың тұрақты түрде серпінді дамуы және соған сәйкес өнім өндіру көлемінің артуы әсер етті.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында орналасқан «РЗА» сүт зауытының ерекшелігі – табиғи шикізат сүтті сиырдан сауылысымен-ақ өңдейді. Сүт өнімдерін технологиялық талаптарын қатаң бақылап, өндірістің жоғары мәдениетін сақтап, қолжетімді бағамен ұсыну. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сату көлемін тәуекел факторын есепке ала отырып уақыт бойынша оңтайландыру әдістемесінің тәжірибе жүзінде қолданылуы «Рза Агро» ЖШС-нің қара-ала тұқымды сиыр табынының мысалына негізделді. Өнім өндіру мен өткізудің қалыптасқан құрылымы мен оңтайлы жоспарды жүзеге асырудың экономикалық тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы 10-кестеде келтірілген.
Кесте 10 – Сүт өндірудің экономикалық тиімділігін арттыру болжамы

Көрсеткіштер

«Рза Агро» ЖШС мәліметі,

болжам,

2012 жыл


Ауытқу, (+-)

абсолютті

%

Өнім өткізуден алынған түсім, мың тг

32132

34509

2377

107,4


Өткізілген өнімнің өзіндік құны, мың тг

23932,8

24172

239,2

101


Пайда, мың тг


8199,2

10708

2508,8

131,6


Өндірістің рентабельділігі,%

34,3

36,4

2,1

106,3


1 сиырдан сауылған сүт, кг

1497,6

1707

209,4

114,0


Ескерту: «Рза Агро» ЖШС мәліметтері негізінде автормен есептелген

Әр айда төлдейтін сиырлардың жылдық сүт өнімділігі мен оның лактация айлары бойынша бөлінуін, әр айда төлдеген мал басына жұмсалатын шығын, пастерленген сүт пен сүт өнімдерінің маусымдық бағалары мен өзіндік құнын, тағы да басқа факторларды ескере отырып, шаруашылықтағы 800 бас сиырдың жыл айлары бойынша төлдеуін оңтайландыру нәтижесінде ай сайын өндірілетін шикі сүт, оның пастерленген сүт пен сүт өнімдерін өңдеуге жұмсалатын көлемі оңтайландырылады. Нәтижесінде өнім өткізуден алынатын түсім сомасын 21563 мың теңгеге не 8,8%-ға, пайда сомасын 20068 мың теңгеге немесе 23,9%-ға жоғарылатуға болады. Сүт өндіру мен сату саясатын оңтайландыру негізінде өндірістің рентабельділігі 51,4%-дан 63,1 %-ға, яғни 11,7 пунктке жоғарылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет