Рефераты қызылорда, 2012ж



Дата03.07.2016
өлшемі286.64 Kb.
#173859
түріРеферат


ӘОЖ 37.014:371.2:37.016:53 Қолжазба құқығында

БОДЫҚОВА РАЯ ЕЛУБАЙҚЫЗЫ

Орта мектепте физика курсын оқытуда оқушылардың танымдық қызметін жоспарлау және ұйымдастыру

6М011000 – Физика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2012ж.



Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің физика – математика факультеті «Физика және ФОӘ» кафедрасында орындалған


Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Раимбаева Ж.С.




Ресми оппонент: физика – математика ғылымдарының

докторы, Абай атындағы Алматы Қазақ

Ұлттық педагогикалық университетінің

прфессоры Бисенбаев Қуатбай.


Диссертация 2012 жылы «_____» ______Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетітің 6-оқу ғимаратында (120014 Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі 43) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттің университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (120014, Қызылорда қаласы, Байсейітова көшесі 100) танысуға болады.


Реферат 2012жылдың _____________ таратылады

Мемлекеттік аттестаттау

комиссиясының хатшысы: Раимбаева Ж.С.

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамда болып жатқан елеулі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру саласына да өз ықпалын тигізуде. Сондықтан қазіргі кезеңде білім беру шартында өмір талабына сай мектеп оқушыларына сапалы білім беру, өнегелі де өнерлі ұрпақ тәрбиелеу, жетілдірілген оқыту технологияларын меңгеру, сабақты ғылыми негізде ұйымдастыру – өзекті мәселелердің бірі. Сабақта алынатын барлық бақылау мен өздік жұмыстарда білімі орташа оқушыларға қиыны, мықтыларға қызығушылығын жоғалтып алмайтындай түрлі деңгейдегі тапсырмалардың берілуін ойластыру ұсынылады. Сондықтан, физиканы оқыту процесін жетіліру оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыруға негізделген. Оқу-танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймай, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы да дамытылады.

«Қазақстан – 2030» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына көңіл қоя отырып, стратегия мен міндеттерді жүзеге асыру барысында көздеген мақсаттарға жету үшін тиімді шешімдер қабылдау негізінде білім саласын басқаруда стратегиялық жоспар жасай білуді меңгеру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Білім мекемелерінде оқу - тәрбие процестерінің дұрыс жүзеге асырылуын, мектепті басқарудың ғылыми негізде құрылуын қадағалау , білім жүйесінің барлық буындарында басшылық пен бақылауды жүзеге асыру - білім басқармасының негізгі міндетттерінің бірі. [3]

“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруға бағытталған міндеттер белгіленген. [4]

Көрсетілген міндеттердің толық жүзеге асуы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге тікелей байланысты десек қателеспейміз. Осыған орай мектептерде берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытуды белсендірудің жаңа әдістемелік жүйесін жасау, ең алдымен, әрбір оқушының жан-жақты жетілуіне, ойлау белсенділігі мен ізденімпаздығының қалыптасуына, нәтижесінде шығармашыл жеке тұлғасының қалыптасуына қызмет етуі тиіс.

Танымық қабілет пен шығармашылық ойлау процестері қысқа мерзімде қалыптаспайтындығы белгілі. Оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыруға шығармашылық жұмыстар мен тапсырмалар игі әсерін тигізетіндіктен бұл мәселе оқытудың алғашқы күнінен-ақ педагогикалық ұжымның назарында болуы тиіс. Яғни, шығармашылық таным қабілетінің артуы үшін мұғалім мен оқушының шығармашылық ізденулері өзара ұштасуы қажет. Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық iзденiмпаздық туралы құнды пiкiрлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И.Г. Песталоцци, И. Кант және т.б. еңбектерiнде айтылды. [6]

Қазiргi таңда әрбiр жеке тұлғаның құндылық қасиеттерiн дамытып, қалыптастыруға аса мән берiлiп отырғаны белгiлi. Қарастырылған жұмыстар бүгінгі таңда оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды болып табылады.

Сондықтан “Орта мектепте физика курсын оқытуда оқушылардың танымдық қызметін жоспарлау және ұйымдастыру” деп таңдауымызға негіз болды және оның көкейкестілігін дәлелдейді.

Зерттеудің нысаны. Оқушылардың танымдық қызметін жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында физиканы оқыту процесі.

Зерттеу пәні. Мектепте физиканы оқытуда оқушылардың танымдық қызметін жоспарлау және ұйымдастыру әдістемесі.

Зерттеудің мақсаты. Физиканы оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызметін жоспарлау және ұйымдастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оны мектепте оқытуда іске асырудың әдістемесін жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, мектепте физика курсын оқытуда оқушылардың танымдық қызметін жоспарлау және ұйымдастыру теориялық-әдістемелік тұрғыда негізделсе және оның әдістемесі даярланса, онда:

- оқушылардың тақырыпты жетік меңгеру үдерісінің тиімділігі және физиканы оқытудың сапасы артады;

- оқу орындарында білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік сұранысына сәйкес келеді;

- оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен белсенділігін арттырады.

Зерттеудің міндеттері:

- философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау негізінде “танымдық іс-әрекет” “танымдық белсенділік” “оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру” ұғымдарының мәнін, мазмұнын ашу;

- оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың теориялық негіздерін анықтау;

- физика курсын оқытуда оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастырудың технологиясын жасау және оның тиімділігін тәжірибелік тексеруден өткізу, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.



Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік негіздері, жеке тұлғаның қалыптасуының жалпы философиялық ұстанымдары, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, қазіргі білім беру проблемалары, педагогика, психология мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.

Диссертациялық зерттеудің теориялық, әдістемелік және ғылыми тәжірибе қағидаларын жасауда орта білім беру үдерісін зерттеудегі жүйелілік, тұлғалық және іс-әрекет тұрғысынан қараудың жалпы ғылыми ұстанымдары, іс-әрекеттің философиялық, психологиялық, педагогикалық теориясы; проблемалық оқытудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздері туралы теориялары мен идеялары қолданылды.



Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың, психологтардың және т.б. ғалымдардың еңбектері; Қазақстан Республикасының Конститутциясы, ҚР “Білім туралы” Заңы, ҚР білім беруді дамыту тұжырымдамасы, “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасы, бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары, мектеп мұғалімдері тәжірибелері, педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері;

Автордың орта оқу орнында оқытушылық қызметтеріндегі педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.



Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдебиеттерді теориялық талдау; озат педагогикалық тәжірибені жинақтау және талдау; сауалнамалар, топтық және жеке әңгімелесулер; сұрау; бақылау; жеке тұлғаны зерттеу; жеке тұлғаның таным процестерін, диагностикалау әдістері; математикалық есеп-қисабын (статистикалық) өңдеу әдістері қолданылды.

Зерттеу кезеңдері: зерттеу үш кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде (2010-2011 жж.) педагогикалық зерттеулер әдіснамасы мен теориясының жалпы және арнайы мәселелері бойынша отандық және шетелдік әдебиеттерді мақсатты түрде зерттеу мен талдау; физиканы оқыту тәжірибесін талдау жұмысы ұйымдастырылды. Зерттеудің ғылыми бағыттары анықталды. Орта білім берудің мемлекеттік өлшеуіштері (стандарттары), білім беру саласындағы бағдарламалар және бірқатар оқу орындарын негізге ала отырып оқу жоспарлары зерделенді. Зерттеудің басты қағидалары анықталды, ғылыми тәжірибе жұмысының әдістемесі жасалды. Орта оқу орнында оқушыларға физика пәнін оқытудың әдістемесін қалыптастырудың қазіргі заманға лайықты мәселелерін зерттеу деңгейі анықталды, анықтау эксперименті жүргізіліп, оның нәтижелері өңделді.

Екінші кезеңде (2011-2012 жж.) зерттеу мәселесіне байланысты тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бағдарламасы дайындалып, жеке тұлғаның таным процестері, оқуға қызығушылығы, пәнге деген көзқарасы, оқушының психологиялық күйі, оқушылардың білім деңгейлері анықталды. Танымдық қызметін жоспарлау және ұйымдастыру негізінде білім берудің мәні мен мазмұны және құрылымы тұжырымдалды. Оның әдістемесі айқындалып, сондай-ақ физиканы оқытудың мазмұны жетілдірілді және оқыту эксперименті жүзеге асырылды.

Үшінші кезеңде педагогикалық эксперимент нәтижелері өңделіп, жүйеге келтірілді. Зерттеудің болашақтағы зерделенетін бағыттары анықталды. Оқушыларға танымдық іс-әрекеттер арқылы білім берудің дидактикалық ұстанымдары анықталып, оқу үдерісінде қолданылды. Ол тәжірибелік-экспериментте тексерілді. Педагогикалық эксперимент нәтижелері қорытындыланды, мәліметтер есеп-қисаптық өңдеуден өткізіліп, әдістемелік ұсыныстар берілді. Зерттеу материалдары талқыланып, тексеруден өтті. Пайдаланылған әдебиеттер бір жүйеге келтірілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

  1. Білім беру, оқыту әдістері мен оқу бағдарламаларына талдау жүргізу негізінде физиканы оқыту үдерісінде қолданылатын оқушылардың танымдық қызметін жоспарлау және ұйымдастырудың мән-мағынасы мен атқаратын қызметі анықталды.

  2. Оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызметін жоспарлау және ұйымдастырудың дидактикалық негіздері арқылы оның тәсілдері айқындалды.

  3. Оқушылардың танымдық қызметін жоспарлау және ұйымдастырудың физика курсын оқыту үдерісінде қолданудың мазмұны анықталып, әдістемесі даярланды және оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент жұмыстары арқылы тексерілді.

Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы. Орта оқу орындарында оқушылардың танымдық қызметін жоспарлау және ұйымдастыру арқылы білім беруді теориялық тұрғыдан негіздеуден, оқыту технологиясын даярлаудан, орта оқу орындарында ақпараттық білім беру мазмұнын анықтаудан және физиканы оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекетінің құрылымын айқындаудан тұрады. Бұлар - білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесіне қосылған қомақты үлес болып табылады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижелері бойынша мектепте физиканы оқытуға арналған таным деңгейлерінің мазмұны арнайы жоспарға енгізілді. Мұндай тәсілдерді және бағдарламаның өзін орта мектептің физика мұғалімдері өздерінің іс-тәжрибелерінде қолдана алады. Зерттеу жұмысының нәтижелерін мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарының әдіскерлері мен физика оқулығының авторлары өз жұмыстарын жетілдіру үшін қолдануына болады.

Зерттеу базасы. Ғылыми-тәжірибелік жұмысы №3 мектеп-лицейінде жүргізілді.

Тәжірибелік-зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік – саяси, инновациялық аспектілері (Қызылорда 2011), республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жыл сайынғы өтетін магистранттардың ғылыми-әдістемелік конференциясында(2011ж), «Білім беруде инновациялық және ақпараттық технологияларды қолдану» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда(2012ж), Шымкент әлеуметтік – педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Білім беруде инновациялық және ақпараттық технологияларды қолдану» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда(2012ж), көрініс тапты.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі мен маңыздылығы айтылды. Зерттеу жұмысының нысаны мен пәні, оның мақсаты, болжамы мен міндеттері анықталып, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі баяндалған.

Бірінші тарауда танымдық іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық негіздері қарастырылған.

Екінші тарауда танымдық іс-әрекетті жоспарлау мен ұйымдастырудың әдістемесі мен танымдық тапсырмалар жүйесі көрсетілген.

Қорытындыда диссертациялық зерттеудің негізгі қорытындылары мен ұсыныстары тұжырымдалған, проблеманы әрі қарай жалғастырып зерттеудің болашағы анықталған.
Негізгі бөлім
Физиканы оқытуда танымдық тапсырмалар жүйесін құру әдістемесінен мысал ретінде «Зарядталған денелер. Зарядталған денелердің өзара әрекеттесуі» тақырыбындағы сабағынан бір үзінді келтірейік.

Бұл тақырыпты оқығанда оқушылардың меңгеруге тиіс білімдері карточкаларда жазылған. Карточкаларда бұл білімдердің танымның қай деңгейінде құрылатыны көрсетіледі. Ол үшін оқулықта жазылған оқу материалына сүйену қажет. [2]

1. Тақырып бойынша білім жүйесіндегі әрбір білімнің орны мен қызметін анықтаймыз. Карточкалардағы білімдерді сараптай отырып, бұл тақырыпты екі бөлімге бөлу керек екенін көрсетеді. Біріншісі «үйкелу арқылы электрлеу» құбылысы мен эмпирикалық зерттеуге арналған (1-7-тұжырымдар), «түйістіру арқылы электрлеу», екіншісі – зарядталған денелердің өзара әрекеттесу теориясын құруға арналған.

Тақырыптың екі бөлімінің арасында байланыс болуы керек: эмпирикалық деңгейде алынатын білім зарядталған денелердің өзара әрекеттесу теориясын құру үшін эмпирикалық негіз қызметін атқарады. 8 және 10-тұжырымдар идиал нысандар болса, 9 және 11-тұжырымдамалар осы теорияның постулаттары, 12-тұжырымы нүктелік зарядтар арасындағы өзара әрекеттесуінің электр күші бағытын білдіреді.

Бірінші бөлімге қатысты білімдер физикалық құбылыстар туралы білімді қалыптастыру логикасымен сәйкес құрылған.

2. «Үйкеліс арқылы электрлеу» түсінігінің шешімі болып табылған танымдық тапсырманы(ТТ-ны) құрамыз. Физикалық құбылыс туралы түсінік болып табылатын соңғы өнімге арналған ТТ-ның қалай қалыптасатынын көріп, бес ТТ құрылу керек екенін орнатамыз: жалпы және төрт жеке тапсырма.

Жалпы ТТ-ның құрылымын нақтылау үшін «үйкеліс арқылы электрлеу» түсінігін анықтаймыз. Оның мағыналық және ауызша бөлімдерін бөліп алып, әрекеттесетін нысандар, әрекеттесу шарттарын орнықтырамыз. Осы әрекеттерді орындаймыз:

1) «Үйкеліс арқылы электрлеу» түсінігін анықтаймыз(тақырыптың ғылыми-әдістемелік сараптамасында көрсетілген): үйкеліс арқылы электрлеу - әр түрлі заттардан жасалған денелердің электрлік өзара әрекеттесу қабілетіне ие болатынын дәлелдейді. Олар бір-бірімен үйкеліскеннен кейін бір- біріне тартылу қабілетімен одан әрі қарай зарядтардың бөліну құбылысын көрсетеді. Бұл анықтаманың мағыналық бөлімі: әр түрлі заттардан жасалған денелердің үйкелісуі кезінде олар бір - біріне тарту қабілеті туады. Ауызша: бұл құбылыс үйкеліс арқылы электрлеу деп аталады;

2) Мағыналық бөлімде әрекеттесуші нысандар, олардың сипаты мен әрекеттесу шарттарын анықтаймыз. Бұл кезде мынадай құбылыстар пайда болады: әдістемелік нысан 1(ӘН) - дене, әдістемелік нысан 2 (ӘН) - бірінші денеден басқа заттан жасалған дене, әрекеттесу – бір – бірімен үйкелісу және бөліну; Олардың кез келген бола алатынын тексеріп, көз жеткіземіз.

3) Мағыналық бөлім жауабы бола алатындай жалпы танымдық тапсырманы құрамыз. Денелер туралы, олардың әрекеттесу арқылы электрленетін шарты жайлы, өзіне басқа денелерді тарту қабілетінің себебін анықтауы.

4) ТТ құрылымын нақтылаймыз: ........... денелерден басқа (№1бастапқы жағдайды (БЖ) ойлап таппайынша айту мүмкін емес) тағы қандай денелер .............(№1БЖ ойлап таппайынша келесі сөздерді айту мүмкін емес). Шешімге келеміз: алдымен №1БЖ-ны ойлап табу керек.

3. «Үйкеліс арқылы электрлеу» түсінігін құру үшін №1БЖ-ны ойлап тауып көреміз (троибоэлектрлеу):

Мұғалім: қазір сыныпқа тексеру комиссиясы келеді. Шаштарыңызды тарауды сұраймын. Ой! Қараңыздар, А шашын тарап еді, шаштары тарақтың артынан еріп келеді. Мұнда бір жаңа құбылыс байқалады. Бұл не құбылыс, зерттеп көрелік.

Ойлап табылған БЖ-ны бағалаймыз: бір-бірімен әрекеттесуші нысанда анық көріне ме? Жауап береміз: иә, ойлап тапқан құбылыс бізді схема бойынша әрекет етуді мәжбүрлейді. Сонымен №1БЖ құрылды: полиэтиленнен жасалған тарақпен шаш тарағаннан кейін ол шашты өзіне тартатыны байқалды.

Жеке ТТ-ны құрамыз:

№1ТТ: тарақтан басқа шашқа тиген кезінде тағы қандай денелер өздеріне тарта бастайды?

№2ТТ: шаштан басқа қандай денелерді үйкеліске келтіргенде шаш тарту қасиетіне ие болады?

№3ТТ: Денелерді бір-біріне үйкегенде ғана шашты тарту қасиетіне ие болады ма?

№4ТТ: Шаштан басқа тағы қандай денелерді дене қасиетінің жаңы индикаторы ретінде қолдануға болады?

№5ТТ: Үйкеліс арқылы денелерді электрлеу қандай жағдайда жүзеге асырылады?

№6ТТ: Денелер бір-бірімен үйкелгенде екі дене де электрлене ме?

№6ТТ-сы «үйкеліс арқылы электрлеу» түсінігін анықтау кезінде екі дененің де электрлену фактісін енгізу қажет.

Құрылған ТТ-дың шешімін табу үшін жүргізілген зерттеулер «үйкеліс арқылы электрлеу» және «зарядталған денелер» сияқты түсініктерді енгізуге мүмкіндік береді.

2-тұжырымның шешімі болатын ТТ-ны құрамыз: басқа денелердің зарядталған денелерді тарту қабілетін сандық тұрғыдан қалай бағалауға болады?

Жоғарыда көрсетілген ТТ-дың жауабын іздеу кезіндегі алынған тәжірибелердің нәтижесін талдай отырып, №2БЖ-ны құрамыз: басқа денелерді түрлі басқа денелермен үйкегенде өзіне басқа денелерді тарту қасиеті әр жағдайда әр түрлі болады.

4. Тақырыптың бірінші бөліміндегі білімнің барлығы құрылған логикалық тізбекпен қамтылуын тексереміз. Жауап береміз: жоқ. Меңгерілуі тиіс келесі тақырып – «түйістіру арқылы электрлеу» физикалық құбылысы туралы түсінік. Осы түсінікті орнату үшін логикалық тізбек құрамыз:

1) осы түсінікті анықтаймыз: түйістіру арқылы электрлеу – зарядталмаған дененің зарядталған денемен түйісуі арқылы электрлену. Бұл анықтаманың мағыналық бөлімі: зарядталмаған денені зарядталған денемен түйістіру арқылы электрлеуге болады;

2) мағыналық бөлімде мыналарды ерекшелейміз: а) 1ӘН туралы жалпы білім – кез келген зарядталмаған дене; б) 2ӘН туралы жалпы білім – кез келген зарядталған; в) түйістіру-әрекеттесу және содан кейінгі тарауды болжау; г) әрекеттесу шарты – кез келген.

3) Жалпы ТТ-ны құрамыз: түйістіру арқылы электрлеуге болатын денелер жайлы жалпы білім алу;

4) №1БЖ-ны ойлап табамыз:

Мұғалім: шыны таяқшаны үйкеу арқылы электрлеңдер(қабықты тығынмен жабылған шыны таяқшаны оқушыға береді). Шыны таяқшаның электрленгенін дәлелдеңіз(бірнеше оқушыны кезекпен тақтаға шығарып, оқушылардың біреуі индикатор – денені таяқшамен емес, тығынмен ұстайтындай етіп жағдай туғызады). Қараңыз, тығынды үйкеген жоқ, бірақ ол да электрленеді. Неге?

Оқушы: таяқшаның заряды тығынына ауысқан - ау деймін.

Мұғалім: Сонымен, тығын электрленген шыны таяқшамен үйкелісу арқылы электрленді деген болжам айтылды.

5) Жеке ТТ-ны құрамыз:

№1ТТ: Тығын электрленген шыны таяқшамен ғана жақындасқан кезде заряд ала ма?

№2ТТ: Зарядталған шыны таяқшамен денені жақындатқанда ғана заряд алуға бола ма?

Бұл логикалық тізбек «түйістіру арқылы электрлеу» түсінігі және электр зарядының бөлінуінің ғылыми негіздемесінің құрылымымен аяқталады. Қалған логикалық тізбектерді құрудың қажеті жоқ.

5. Логикалық тізбектердің реттілігі бір-бірімен қаншалықты байланысатынын тексереміз. Сараптама нәтижесі білім негізін қалау реттілігі мақсатқа лайықты екенін көрсетеді. Алайда, «үйкеліс арқылы электрлеу» түсінігін құру үшін құрылған танымдық тапсырмалардың реттілігі мақсатқа лайықты емес. №1ТТ жауабын іздеу кезінде дене ретінде шаш алынуы тиіс. Өзіңіз түсінгендей, бұл ең жақсы нұсқа емес. Сондықтан алдымен №2ТТ-ны орындаған жөн. Оны былайша құрау керек: полиэтиленнен жасалған тарақтан басқа шашты қандай басқа денемен, соның негізінде өзіне шашты тарту қасиетіне ие болатын қандай денемен тарақты үйкеуге болады? Сосын №1 ТТ-ны орындау керек. Оны былайша қайта құру қажет: полиэтиленнен жасалған тарақ қана оны басқа денемен үйкегеннен кейін шашты тарту қасиетіне ие болады ма? «Үйкеліс арқылы электрлеу» түсінігін қалыптастыру кезіндегі орындалатын басқа ТТ-дың реттілігін өзгеріссіз қалдыруға болады.



«Денелердің электрленуі. Зарядталған денелердің өзара әрекеттесуі» тақырыбы бойынша танымдық тапсырмалар жүйесі(үзінді)

№1бастапқы жағдай: полиэтиленнен жасалған тарақпен шаш тарағаннан кейін ол өзіне шаш тартатыны байқалды.

Жалпы танымдық тапсырма: бұл қандай құбылыс?

Жалпы танымдық тапсырманы шешуге арналған әрекеттер жүйесі:



  1. 1ӘН, 2ӘН туралы жалпы білім алуға мүмкіндік беретін шешім болатын ТТ-ны құру.

  2. Әрбір танымдық тапсырманы шешу әдістемесін құру.

  3. Әрбір ТТ-ны шешу бойынша тәжірибелер топтамасын жүргізу.

  4. Әрбір тәжірибе топтамасының нәтижесі бойынша жалпы білім құру.

  5. Физикалық құбылысты сипаттайтын әрбір элемент туралы жалпы білімді құрайтын физикалық тұжырымды құру.

  6. Жаңа құбылысты сипаттайтын терминді табу.

  7. Жаңа физикалық құбылыс туралы түсінікті анықтау.

№1ТТ: Шаштан басқа тағы қандай денелермен үйкеуге болады? Бірақ ол өзіне шашты тартуы тиіс. [1]

ТТ-ны орындау барысындағы әрекеттер жүйесі

Әрбір әрекетті орындаудан кейінгі нәтиже

1. №1ТТ-ның тәжірибелік шешімін шығару.

1. Шаш орына басқа денелерді алу. Тарақты осы денелермен үйкеу. Тарақты шашқа жақындатып, олар тараққа тартылады ма, тартылмайды ма соны көру.

2. Тәжірибе орнатуды жобалау

2. Орнатудың принциптік схемасы түсінікті.

3. Тәжірибе орнатуды құрастыру

3. Құрылғылар: полиэтиленді тарақ, тарақты үйкеуге арналған денелер, капрон бөлшегі, құрғақ құм, газет, алюминий қасық, пластмасса ручка, ағаш таяқша, бет орамал, жүн.

4. Тәжірибе жүргізу

(1-бөлім)

5. Тәжірибе нәтижесін тіркеу (1-бөлім)


4-5. Тәжірибенің нәтижесі (1-бөлім)

1ӘН

2ӘН

Шаш тартады ма?

Полиэтиленді тарақ

  • капрон бөлшегі

  • құрғақ құм

  • газет

  • алюминий қасық

  • авторучка

  • ағаш таяқша

  • бет орамал

  • жүн

  • полиэтиленді тарақ

Иә

Иә

Иә



Иә

Иә

Иә



Иә

Иә

Жоқ






6. №1ТТ жауабы

Полиэтиленнен жасалған тарақты полиэтиленнен басқа денелермен үйкегенде шаш тарту қасиетіне ие болды.

№2ТТ: полиэтиленнен жасалған тарақты басқа денемен үйкегеннен тек тарақ қана шаш тарту қасиетіне ие бола ма?

ТТ-ны орындау барысындағы әрекеттер жүйесі

Әрбір әрекетті орындаудан кейінгі нәтиже

1. №2ТТ-ның тәжірибелік шешімін шығару.

1. Тарақты кез келген денемен алмастыру. Бұл денелерді кез келген басқа денелермен үйкелеу. Индикатор ретінде шашты алу.

2. ТО-ны жобалау.

2. ТО-ның принциптік схемасы түсінікті.

3. ТО-ны құрастыру.

4. Тәжірибелер жүргізу

(2-бөлім)

5. Тәжірибелердің нәтижесін тіркеу (2-бөлім)



3-4-5. Екінші бөлімдегі тәжірибелердің нәтижелері мен құрылғылары:

1ӘН

2ӘН

Шашты тартады ма?

  • ағаш сызғыш

  • пластмасса ручка

  • өшіргіш

  • қаламсап

  • дәптер қабы

Үйкелуге ыңғайлы жүн не басқа заттар

Иә

Иә

Иә



Иә

Иә





6. №1ТТ жауабын шығару.

6. Кез келген денені кез келген затпен үйкесең шашты тарту қасиетіне ие болады.

Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, оқыту) өткізілді.

Анықтау эксперименті барысында зерттелінетін проблеманың нақты жағдайының деңгейін анықтау мақсатында физика оқулықтарына, оқу-әдістемелік құралдарға, оқу орнында физиканы оқыту жүйесіндегі пәндердің бағдарламалары мен оқу-әдістемелік құралдарына талдау жасалды. Талдау негізінде оқушылардың танымдық тапсырмаларды жоспарлау іскерлігін қалыптастыруды жүзеге асыратын теориялық материал мен есептер жүйесінің қаншалықты қамтамасыз ете алатындығының жәйі анықталды. Сонымен бірге, орта оқу орнының алғашқы жарты жылдығында оқушылардың танымдық іс-әрекетінің деңгейі талданды.

Танымдық іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру бойынша оқушылардың біліміне сандық және сапалық талдау жасап қорыту, пәндерді оқыту барысында оның мазмұны мен әдістеріндегі кемшіліктерді анықтап, оларды жетілдіру мәселесіне назар аудару қажет екендігін көрсетті. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың нақты жағдайын білу үшін жүргізілген тексерудің нәтижесінде олардың даярлығының төмендігі байқалды.



  • оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыруды, оның ішінде танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру (тапсырма беру, әдебиетпен, баспасөзде жарияланған мақалалармен жұмыс істеуге үйрету; бақылау, тексеру және бағалау, т.с.с.) тетіктері де жеткілікті дәрежеде анықталмаған;

- оқушылардың танымдық іс-әрекетті қалыптастыруға арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар (әсіресе, мемлекеттік тілде) жеткіліксіз екендігі анықталды.

Сондықтан, оқушыларды танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін қажетті біліммен қаруландырып, олардың таным іскерлігін қалыптастыру үшін, оқытушының өзі сол білімді жетік білуімен қатар, үйрету әдістемесін жанжақты терең меңгеруге қол жеткізілуі қажет болды.

Анықтау кезеңінде алынған бұл нәтижелер зерттеу ісінің болжамын құруға және оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға және оның әдістемелік жүйесін құруға негіз болды.

Бұл кезеңде алға қойылған мақсатқа сәйкес әдебиеттер талданды, талдау нәтижесінде жалпылау әдістері пайдаланылды, онда теориялық та, практикалық та әдістер қолданылды. Психологиялық және педагогикалық әдебиеттер мен әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, тәжірибелерді жинақтау және жалпылау, оқытушылармен пікірлесу істері атқарылды.

Эксперименттің қалыптастыру кезеңінде тәжірибелік-эксперимент жұмысы ұйымдастырылып, оған мынадай міндеттер қойылды:

- тәжірибелік-эксперимент жұмысының мазмұнын іріктеу;

- оқу үдерісіне ендірілген дидактикалық кешен мазмұнының тиімділігін анықтау;

- аралық бақылаулар арқылы оқушылардың дайындық деңгейіндегі өзгерістерден мәліметтер жинау;

- тәжірибелік-эксперимент үдерісінде кездескен қиыншылықтар мен кемшіліктерді анықтау және оларды жоюдың жолдарын іздестіру жүзеге асты. Тәжірибелік-эксперимент жұмысымыздың оқыту кезеңінде оқушыларға физика пәнін оқытуда танымдық тапсырмаларды қолданудың тиімділігіне бақылау жүргізілді. 2011-2012 жылдары эксперименттік топ оқушыларының танымдық деңгейлері анықталды. Оқшылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған оқытудың әдістемесін жасап, оны практикада тексеру арқылы зерттеудің ғылыми болжамының дұрыстығына көз жеткізу мақсатында қалыптастыру эксперименті өткізілді. Тәжірибе қорытындысында эксперименттік топтардың танымдық іс-әрекетінің бастапқы және соңғы деңгейлерін салыстыру арқылы сандық және сапалық талдау нәтижелеріне қорытынды жасау жұмыстары орындалды.

Оқыту кезеңінде мынадай міндеттер қойылды:



  • тәжірибелік-эксперимент жұмысы барысында алынған эксперименттік мәліметтерді талдау;

  • осы талданатын материалдарды зерттеудің мақсаты, міндеті және болжамымен салыстырмалы түрде тексеру;

  • эксперимент нәтижелерін математикалық, статистикалық өңдеу;

  • оқушылар мен оқытушылар арасындағы өзара қарым-қатынас
    ерекшеліктеріне сипаттама беру.

Осы жұмыстарды жүргізу үшін экспериментке қамтылатын топтар мен олардағы оқушылардың саны белгіленді.

1-кесте. Тексеруге қатыстырылған оқушылар құрамы:




Топ түрі

Оқу жылдары



2011-2012

Барлығы

Эксперимент тобы

25

25

Бақылау тобы

27

27

Оқыту кезеңінде ұсынылған әдістемелік жүйенің тиімділігі кешенді тексеру арқылы жүргізілді. Олар: оқушылардың жаңа әдістемелік жүйе бойынша оқытуға дейінгі және кейінгі білім деңгейін анықтау; оқушылардың физика курсы материалдары бойынша жасалған тесттерді орындай білуі. Оқушылардың танымдық деңгейінің өзгеруін тексеру үшін дайындалған тапсырмалар оқыту жылдарында беріліп, тексерілді. Бұл пән бойынша жүргізілген оқу практикаларының нәтижелері оқушылардың сапалық үлгерімін арттырды. Біз ұсынған әдістеме бойынша практикалық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың танымдық сауаттылығы арттырылды және ол әдістемелік жүйенің негізгі элементі болып табылды.

Эксперимент барысында біз мына әдістерді пайдаландық:



  • теориялық (тарихи-логикалық; теориялық талдау және жинақтау; жалпылау және салыстыру);

  • сауалнамалы-диагностикалық (сауалнама жүргізу, сұхбат алу, әңгімелесу, тест жүргізу, бағалау-рейтинг);

  • эксперименттік (анықтаушы, қалыптастырушы және бақылаушы педагогикалық эксперимент) нәтижелердің қорытындысын салыстыру;

  • математикалық есеп-қисап (статистика) әдістері.

Сөйтіп, зерттеу барысында қолданылған нақтылы әдістерге қысқаша талдау жасалды.

  • Біз жүргізген салыстырмалы талдаулар оқушыларды ескірген ұғымдардан арылуға, мән-мағынасын жоғалтқан іскерліктер мен дағдыларды қайта қарауға, сонымен қатар қазіргі заманғы талаптарға қоятын жаңаны табуға мүмкіндік туғызды.

Тәжірибелік-экспериментке 51 оқушы қатысты, оның 25-і эксперимент тобында, 27-сі бақылау тобында болды.

Эксперимент қорытындысын талдағанда дұрыс және толық жауаптардың пайызы эксперименттік топтарда бақылау топтарына қарағанда 28-18,5=9,5 (%) пайызға жоғары болды. (2-кесте, 1-сурет).


2-кесте. Эксперименттік және бақылау топтарындағы оқушылардың жауаптарының нәтижелері:

Топтар

Оқушы-

лар саны


Жауаптардың сипаты

Дұрыс және толық

Дұрыс, бірақ толық емес

Дұрыс емес

Жауап бермеген

Сы

ны

бы



Са

ны


Ба

сы


Со

ңы


Ба

сы


Со

ңы


Ба

сы


Со

ңы


Ба

сы


Со

ңы


Экспери-

мент




25

36

52

40

36

16

12

8

0

Бақылау



27

26

40,7

33,3

33,4

25,9

22,2

14,8

3,7


1-сурет. Эксперименттік және бақылау топтарының бастапқы және соңғы көрсеткіші

Эксперименттік топтағы оқушылар жауаптарының дұрыстығы мен толықтығының коэффицентін анықтасақ:
КЭ=Nдұрыс/Nбарлық=13/25=0.52%

болса, ал бақылау тобында


КБ=Nдұрыс/Nбарлық=10/27=0,37%

Сонда тиімділік коэффициенті

Ктиім=(КЭБ)*100%=(0,52/0,37)*100%=140,5%
Сонымен, алынған қорытынды экспериментальды оқытудың дәстүрлі оқытуға қарағанда тиімділігі 40,5% пайыз артық екендігі эксперимент қорытындысында дәлелденді. Бұдан эксперимент қорытындысы зерттеу болжамының дәлелі деуге болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқушыларды танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру негізінде оқыту мәселесін теориялық-әдіснамалық және тәжірибелік зерттеу нәтижелері төмендегідей қорытынды және ұсыныстар жасауға мүмкіндік туғызды:

Оқушы пәнді жақсы білумен қоса, негізі танымдық іс-әрекет әдістемесін де жетік меңгеруі тиіс. Оқушыларды кәсіби іскерлікке бейімдеп оқыту жүйесі ғылыми-әдістемелік тұрғыда жетілдіріліп, шешілуінің керектігі теориялық-әдіснамалық тұрғыда анықталды, яғни философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, физикалық, әдебиеттерді, іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жан-жақты талдау, ізденіс жұмыстарының бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.



  1. Орта мектептерінде оқушылардың оқу-танымдық іс әрекетін жоспарлаудың теориялық негіздері тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыдан айқындалды. Соған сүйене отырып, «оқу-танымдық іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру» ұғымдарының педагогикалық мәні мен мазмұны ашылып, жеке тұлғаны қалыптастыруда оқу-танымдық білімнің құндылық рөл атқаратыны анықталды.

  2. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін жоспарлай оқыту білім беру жүйесінде оқушының деңгейін көтерудің ғылыми-әдістемелік негізін, оқытудың жаңа технологияларын, әдістерін, формаларын, құралдарын пайдалана отырып оқытудың әдістемесін жетілдіру мен жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

  3. Ұсынылған әдістеме арқылы оқушыларға танымдық іс-әрекет негізінде жан-жақты да терең білім беру мазмұны ұсынылды.

  4. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастырудың бағдарламасы жасалып, тәжірибелік-эксперименттен өткізілді

  5. Тәжірибелік-эксперименттің нәтижесі оқушыларды оқытуда танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау жүйесін міндетті түрде оқу-тәрбие үдерісіне енгізу оқытуды жетілдірудің жолы екендігін дәлелдейді.

  6. Зерттеуде қойылған міндеттердің оң шешімін табуы, сондай-ақ, педагогикалық жұмыс түрлері және олардың өзара ықпалды бірлігі, жүйелілік сипатта жүргізілген жұмыстар және олардың оң нәтижелері зерттеудің ғылыми болжамының дұрыстығын айғақтайды.

Диссертациялық зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша мынадай ұсыныстар беріледі:

- зерттеліп отырған мәселеге байланысты қазіргі заман талабымен үндесіп, рухани, ұлттық ерекшеліктерімен сабақтасын, оны жетілдіруді басты бағдар ретінде қарастыратын оқулықтар, ғылыми-әдістемелік құралдар шығару;



  • оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін бжоспарлау және ұйымдастыруды мектеп практикасына енгізу және тиімді пайдалану;

  • оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығы мен белсенділігін

қалыптастыруда ғылыми-танымдық жұмыс көлемін арттыру;

Қарастырылып отырған зерттеу жұмысы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын түбегейлі талдап, қамтып шығу мүмкін емес. Келешекте осы мәселе мектепке дейінгі даярлық топтарынан бастап танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді.



Зерттеу тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі:


        1. Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік – саяси, инновациялық аспектілері атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Қызылорда, 2011. -360-365б.

        2. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жыл сайынғы өтетін магистранттардың ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. – Қызылорда, 2011.

        3. «Білім беруде инновациялық және ақпараттық технологияларды қолдану» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Шымкент, 2012ж.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Анафрикова С.В. Азбука учительский деятельности: Москва, 2003.

  2. Дүйсембаев Б.М., Г.З.Байжасарова.,А.А.Медетбекова. – Алматы:

«Мектеп» баспасы, 2008.

  1. «Қазақстан – 2030 » стратегиялық бағдарламасы.

  2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

  3. ҚР “Білім туралы” Заңы: 27.07.2007. - №319-ІІІ3РК.

  4. Мектепте оқу танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. Әдістемелік құрал – Түркістан, 2005. – 40б.



РЕЗЮМЕ

Планирование и организация познавательной деятельности для учащихся по курсу физики средних школ

6М011000-Физика
Актуальность исследования. Совершенствования процесса обучения физике в средней школе неразрывно связано с развитием познавательной активности учащихся. В процессе учебно- позновательной деятельности учащихся не только овладевают необходимым объемом знаний, но и развиваются их познавательные способности и творческое мышление.

Обьект исследования. Процесс обучения физике в связи с планированием и организацией познавательной деятельности учащихся.

Цель исследования: обоснование теоретических основ планирования и организации познавательной деятельности учащихся при обучении физике и построение методики их внедрения в школе.

Задачи исследования:

  • на основе анализа философской, психологической, педагогической литературы раскрыть значение и содержание понятий: «познавательная деятельность», «познавательная активность», «организация учебно-познавательной деятельности учащихся»;

  • определить теоретические основы организация учебно-познавательной деятельности учащихся;

  • создать технологию планирования и организации учебно-познавательной деятельности учащихся при обучении физике, а также экспериментально проверить ее эффективность, предложить научно-методические рекомендации.

Новизна исследования:

              1. на основе анализа методов обучения и учебных программ определены значение и роль планирования и организации учебно-познавательной деятельности учащихся при обучении физике;

              2. раскрыты способы и дидактические основы планирования и организации учебно-познавательной деятельности учащихся при обучении физике;

              3. определено содержания планирования и организации учебно-познавательной деятельности учащихся при обучении физике, а также с помощью экспериментальных работ, построена методика и проверена ее эффективность.

Методические и теоретические основы исследования:

общие философские понятия о формировании личности; теория диалектики о неразрывности, современные проблемы обучения; труды отечественных и зарубежных ученых по педагогике и психологии, по вопросам развития личности.



Методы исследования: теоретический анализ философской, психологической, педагогической литературы; сбор и анализ передового педагогического опыта, интервью, групповые и индивидуальные беседы; опрос; наблюдение; диагностическе методы; обработка статистических методов.
Практическая значимость исследования: состоит в возможности организации учебно-познавательной деятельности учащихся средних школы. Разработана структурно - содержательная модель, разработаны педагогические технологии организации учебно-познавательной деятельности учащихся. Результаты исследования могут быть использованы в школах, учреждениях повышения квалификации учителей.

Summary

Planning and organization to learninge of activity for the pupil at the rate of physics of high schools

6M011000-Physics

Urgency of research.

Perfection of process of training physics in high school is indissolubly connected to development learninge of activity of the pupils. In process study- learninge of activity of the pupils not only take possession of necessary volume of knowledge, but also develop them to learninge of ability and creative thinking.


Object of research. Process of training to physics in connection with planning and organization to learninge of activity of the pupils.
The purpose of research: a substantiation of theoretical bases of planning and organization to learninge of activity of the pupils at training to physics and construction of a technique of their introduction at school.
The research problems:

- on the basis of the analysis of the philosophical, psychological, pedagogical literature to open meaning(importance) and contents of concepts: " to learninge activity ", " to learninge activity ", " organization учебно-познавательной of activity of the pupils ";

- to define(determine) theoretical bases organization учебно-познавательной of activity of the pupils;

- to create technology of planning and organization учебно-познавательной of activity of the pupils at training to physics, and also experimentally to check up its(her) efficiency, to offer the scientific - methodical recommendations.


Novelty of research:

1. On the basis of the analysis of methods of training and educational programs are determined meaning(importance) both role of planning and organization study- learninge of activity of the pupils at training to physics;

2. The ways and didaction of a basis of planning and organization study- learninge of activity of the pupils are opened at training to physics;

3. Is determined the contents of planning and organization study- learninge of activity of the pupils at training to physics, and also with the help of experimental jobs, the technique is constructed and its(her) efficiency is checked up.


Methodical and theoretical bases of research:

General(common) philosophical concepts about formation of the person; the theory dialecticas about indissolubility, modern problems of training; works of the domestic and foreign scientists on pedagogics and psychology, on development of the person.



Methods of research: the theoretical analysis of the philosophical, psychological, pedagogical literature; the tax and analysis of advanced pedagogical experience, interview, group and individual conversations; interrogation; supervision; diagnostics methods; processing of statistical methods.
The practical importance of research: consists in an opportunity of organization study- learninge of activity of learning high school. The substantial model is developed structurally -, the pedagogical technologies of organization study- learninge of activity of the pupils are developed. The results of research can be used at schools, establishments of improvement of professional skill of the teachers.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет