Регламенті Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»



Дата03.07.2016
өлшемі95.31 Kb.
#175237
түріРегламент


Ақмола облысы әкімдігінің

2014 жылғы 19 наурыздағы

№ А-3/92 қаулысымен бекітілді

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО), сондай-ақ «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы (бұдан әрі - портал) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметі көрсету жүзінде нысыны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.

3. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық форматта ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті қағаз тасығышта алуға өтініш білдірген жағдайда, нәтижесі электронды форматта рәсімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) электронды форматты көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» жолданады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметшілерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 115 қаулысымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті алушы орталыққа терминал арқылы кезек талонын алады – 15 минут. Нәтижесі – кезектегі реттік нөмірі;

2) орталық қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 2 минут. Нәтижесі – құжаттардың толық топтамасы;

3) орталық қызметкері құжаттарды рәсімдеу барысында қателерді немесе Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасының толық еместігін анықтаған жағдайда, оларды кері қайтарудың себептерін жазбаша негіздей отырып қайтарады;

4) орталық қызметкері анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді – 3 минут. Нәтижесі - анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл ету тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) орталық қызметкері.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтылығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкер) арасында рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) орталық қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды рәсімдеу барысында қателерді немесе Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасының толық еместігін анықтаған жағдайда, оларды кері қайтарудың себептерін жазбаша негіздей отырып қайтарады – 2 минут;

2) орталық қызметкері анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беруді жүзеге асырады – 3 минут.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету іс-қимыл халыққа қызмет көрсету орталығы және «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталымен өзара іс - қимыл тәртібін, сонымен қатар ақпараттық жүйені қолдану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Орталыққа Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды береді. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып саналатын көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін орталықтың қызметкері электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық мәліметтер нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік қызмет көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.

Орталық қызметкері құжаттар түпнұсқалығының дұрыстығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

9. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін, көрсетілетін қызметті алушыға беріледі:

төмендегі деректерді көрсету арқылы тиісті құжаттарды қабылдап алғандығы туралы қолхат:

өтінішті қабылдаған күні мен нөмірі;

сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

қоса ұсынылған құжаттардың саны мен атауы;

күні (уақыты) және құжаттарды берген жері;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

10. Көрсетілетін қызмет алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесіне өтініш білдірмеген жағдайларда, ХҚКО оны бір айдың ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін ХҚКО мұрағатына тапсырады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Орталық қызметкерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қызмет алушысына жетіспейтін құжаттарды көрсету арқылы қолхат беріледі.

11. Рәсімдеудің (іс-қимылдың) кезеңділігін ХҚКО арқылы сипаттау осы Регламенттің қосымшасына (1-диаграмма) сәйкес схемамен сүйемелденеді.

13. Көрсетілетін қызметті берушінің Портал және көрсетілетін қызмет етуші арқылы әрбір қадамының әрекеті мен шешімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы Порталда қызмет алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен тіркелуді жүзеге асырады;

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы қызметті алу үшін Порталда ЖСН/БСН мен пароль енгізу процесі (авторизациялау процесі);

3) 1-шарт – көрсетілетін қызмет алушының тіркелгені туралы ЖСН/БСН мен пароль арқылы деректердің түпнұсқалығын Порталда тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызмет алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы

хабарламаны Порталмен құрастыру;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызмет алушы осы Регламентте көрсетілген көрсетілетін қызметті таңдауы, көрсетілетін қызмет алушының нысанын оның құрылымы мен форматты талаптарын ескере отырып, толтыру және қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызмет алушы деректерін енгізуі, Стандарттың 9-тармағында көзделген электронды түрде қажетті құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ көрсетілетін қызмет алушы сұрауды куәландыру (таңбалуды) үшін тіркеу куәлігін электронды - цифрлық (одан әрі - ЭЦТ) таңдауы;

6) 2-шарт – тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқ екендігін, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестікті тексеру (сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН арасында, және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН);

7) 4-процесс – көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын растамауға байланысты сұралған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызмет берушінің сұрауын өндеу үшін «электрондық үкімет» өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) арқылы көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ (қолы қойылған) куәландырған (қызмет алушының сұрауын) электрондық құжатты жолдау;

9) 3-шарт – көрсетілетін қызмет алушының Стандартта көзделген және қызметтерді көрсету үшін негізделіп қоса берілген құжаттарын көрсетілетін қызмет берушімен тексеруі;

10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызмет алушы Порталмен қалыптастырылған (электронды құжат түрінде хабарлама) қызметтің нәтижесін алуы. Электронды құжат көрсетілетін қызмет берушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптасады.

14. Портал, және ХҚКО көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету барысында тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеті осы Регламенттің қосымшасына сәйкес № 1, 2, 3 диаграммаларда келтірілген.


«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілітін қызмет регламентінің қосымшасы

Электрондық мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 2 диаграммасы




ЭҮП АЖ АЭҮШ ЭҮШ АЖО АЭҮШ







1-үдеріс 1-шарт 3-үдеріс 2-шарт 5-үдеріс 6-үдеріс 2-шарт 8-үдеріс




2-үдеріс 4-үдеріс 7-үдеріс



ЭҮП








сұраныс бас тарту бас тарту



тұтынушы

№ 1 диаграмма ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті

көрсетуде функционалдық өзара әрекет


хабарлама

11

Үдеріс 1

Үдеріс 2

Үдеріс 3

Үдеріс 3

Үдеріс 6

Үдеріс 4

Үдеріс 7

Үдеріс 9

Үдеріс 8

Қызмет беруші

Шарт 1

Шарт 2

қызмет беруші арқылы мемлекеттік қызметті



көрсетуде функционалдық өзара әрекет № 3 диаграммасы





ХҚКО АЖО ЭҮШ ЖТ МДБ ,АЖО АЭҮШ АЖО АЖО АЭҮШ

АЖБНАЖ АЭҮШ













1-үдеріс 2-үдеріс 3-үдеріс 1-шарт 5-үдеріс 6-үдеріс 7-үдеріс 2-шарт 9-үдеріс










4-үдеріс 8-үдеріс





Қызмет

беруші







Тұтынушы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет