Регламенті Жалпы ережелер


Министрліктің заң шығару қызметі



бет2/2
Дата21.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#151564
түріРегламент
1   2

9. Министрліктің заң шығару қызметі
81. Министрліктің заң шығару қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.

82. Алдағы жылға арналған Жоспардың жобасына енгізу үшін Әділет министрлігіне жыл сайын 1 шілдеге дейін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) заң жобасының тұжырымдамасы түрінде ұсыныс жолданады.

Ғылыми сараптама қорытындысы бар Ведомствоаралық комиссияның заң жобасының тұжырымдамасы бойынша оң қорытынды, осы немесе өзге заң жобаларының тұжырымдамасы бойынша Жоспарға енгізудің міндетті шарты болып табылады.

Мемлекеттік кірістерді азайтуға немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуға алып келетін нормаларды қамтитын перспективалық Жоспарда көзделген заң жобалары Республикалық бюджет комиссиясының олар бойынша оң қорытындылары болу шартымен ғана алдағы жылға арналған Жоспардың жобасына енгізіледі.

Перспективалық жоспарда көзделген заң жобалары бойынша әзірлеушілер тиісті заң жобаларын әзірлеу және келісу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді олар Үкімет қарауына енгізілгенге дейін кемінде бір жыл бұрын қамтамасыз етеді.

Заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасына ұсыныстар болмаған жағдайда Министрлік ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін Әділет министрлігіне ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жолдайды.

83. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын қалыптастыру Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдаулары, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдаулары, Үкімет бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламалар, Үкіметтің шешімдері, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімдері, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелері, сондай-ақ қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

84. Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзімін ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын ағымдағы жылдың Жоспарынан алып тастау немесе оған қосымша заң жобаларын енгізу туралы мәселелер Үкіметтің тиісті қаулыларын қабылдау жолымен шешіледі. Мұндай қаулылардың жобалары Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады. Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы болған кезде әзірлеуші тиісті жобаны осы Регламентте белгіленген тәртіппен Кеңсеге енгізеді, бұл ретте жобаға түсіндірме жазбада міндетті түрде осы мәселе бойынша Ведомствоаралық комиссияның негіздемесі мен шешімі көрсетіледі.

Мыналар:

Мемлекет басшысының не Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары;

Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмалары қабылданған Жоспарға заң жобаларын енгізу негіздері болып табылады.

Мыналар:


Мемлекет басшысының не Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары;

Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмалары;

алып тастауға ұсынылатын заң жобасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы;

бірнеше заң жобаларын бір реттеу нысаны бойынша біріктіру қабылданған Жоспардан заң жобаларын алып тастау негіздері болып табылады.

Мемлекеттік және өзге де бағдарлама жобаларының нормалары (ережелері), тұжырымдамалары, Үкіметтің іс-шаралары заңнамаларды қамтамасыз ету бөлігінде Ведомствоаралық комиссиямен келісіледі.

Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеудің жаңа тетіктерін енгізу Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізумен бірге жүргізілуге тиіс.

85. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе Премьер-Министр Кеңсесінің атына Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделмеген заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныспен жүгінген жағдайда, Министрлік қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заң жобаларын қоспағанда, алдын ала тиісті заң жобасының тұжырымдамасын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы №840 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қарау үшін Әділет министрлігіне ұсынады.

86. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, сондай-ақ олар бойынша келіспеушіліктерді қарау тәртібі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен бірге Үкімет қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.

87. Үкімет енгізетін Президент актілерінің жобаларын дайындауды қолданыстағы заңнамаға және Үкімет Регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

Президент актілерінің жобалары Кеңсеге Үкімет Регламентіндегі Үкіметтің қаулылары үшін көзделген тәртіппен енгізіледі.



10. Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу және Президент Әкімшілігіне ұсыну тәртібі
88. Министрлік:

1) Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының жобаларын келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарауды және келісуді;

2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен, мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілген тапсырмалардың жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін қоғамдық маңызы бар іс-шаралар мен кеңестер өткізілгенге дейін кемінде он бес жұмыс күні қалғанда ұсынуды қамтамасыз етеді.

89. Министрлік Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының әзірленген жобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келіседі және Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін қоғамдық маңызы бар іс-шаралар мен кеңестердің қорытындылары бойынша жеті жұмыс күні ішінде оларды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді.



11. Министрліктің нормативтік құқықтық актілері мен қызмет бабындағы құжаттарын әзірлеу, жариялау және мемлекеттік тіркеудің тәртібі
90. Министрлік оларға қатысты уәкілетті орган болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және қызмет бабындағы құжаттарды әзірлеу, оларды орган ішінде келісу, рәсімдеу, нормативтік құқықтық актілерді жариялау және мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық кесімдер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы заңдарына, «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773, «Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778, «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 22 тамыздағы № 938 және «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқару қызметін ұйымдастыруды жетілдіруге, мемлекеттік органның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, басқару шешімдерін жедел қабылдауға, құжат айналымын қысқартуға септігін тигізетін әкімшілік рәсімдерді белгілеу мақсатында «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органның жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі №372 Жарлығына сәйкес жауапты хатшы Министрмен қызметтік құжаттарды келісуді жазбаша не ауызша түрде жүзеге асырады.

91. Әзірлеуші заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады. Баспасөз релизі заңның нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

Әзірлеуші көрсетілген мерзімде осы баспасөз релизінің көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жолдайды.

92. Әзірлеуші Үкімет қаулыларының куәландырылған көшірмелерін алған күннен бастап, кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыларды қоспағанда, жеті жұмыс күні ішінде Министрліктің интернет-ресурсында және мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын Үкімет қаулыларын қоспағанда, өзі әзірлеуші болып табылатын Үкімет қаулысының нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады.

Әзірлеуші көрсетілген мерзімде осы баспасөз релизінің көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Әділет министрлігіне жібереді.



12. Орындалуын бақылау
93. Президенттің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсесінің Басшысының актілерін, содай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Президент Әкімшілігінің және Кеңсенің тапсырмасымен құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуына бақылауды ұйымдастыру, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» заңдарына, «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

94. Тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылау:

1) қажетті ақпаратты талап ету;

2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;

3) тексеру және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;

4) жергілікті жерге барып тексеру жолымен;

5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады.

95. Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі:

1) тапсырманың орындалу дәрежесі мен сапасын;

2) тапсырманы орындаудағы кемшіліктердің болуы, олардың себептерін және кемшілікті жою үшін ықтимал шараларды белгілеу;

3) бақылаудан алу мүмкіндіктері не орындау мерзімін ұзарту;

4) нақты лауазымды адамдардың тапсырманы орындамағаны немесе тиісінше орындағаны үшін жауапкершілігін айқындау үшін оны орындау туралы келіп түскен ақпаратты талдайды.

96. Бақылауға төмендегідей құжаттар, оның ішінде құпиялық құжаттар (бұдан әрі – бақылаудағы құжаттар) алынады:

1) Министрлікке берілген тапсырмалары бар Қазақстан Республикасы Президентінің актілері не актілердің тармақтары;

2) Министрлікке берілген тапсырмалары бар халықаралық іс-шаралар мен өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша берген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;

3) Министрлікке берілген тапсырмалары бар Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін кеңестердің, отырыстардың және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың хаттамаларында қамтылған тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің Министрлікке берген жеке тапсырмалары;

5) «Бақылауға алынды» деген мөртабан болған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің қызметтік құжаттар бойынша тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;

6) Министрлікке берілген тапсырмалары бар Үкіметтің қаулылары, Үкімет отырыстарының хаттамалары, Премьер-Министрдің өкімдері, Премьер-Министрде, Кеңсе Басшысында өткен кеңестерінің хаттамалары;

7) Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігінің Басшылығы, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы адамдар) Министрліктің атына белгіленген орындау мерзімдері көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулары, «шұғыл», «өте шұғыл», «жылдамдатылсын», «баяндалсын», «ұсыныстар енгізілсін» деген белгілері бар, сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттігі туындайтын тапсырмалар;

8) Парламент депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытындысын беру өтініші бар Парламент палаталарының үндеулері;

9) мазмұнынан жауап беру, түсіндіру, әлдебір мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу қажеттігі туындайтын мемлекеттік органдардың хаттары;

10) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

11) Министрлікке келісуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары;

12) бұйрықтар, хаттамалар, алқа шешімдері, Министрлік басшылығының тапсырмалары;

13) Министрліктің атына келіп түскен прокурорлық қадағалау актілері;

14) Министрлік басшылығының хаттамалары, операциялық және стратегиялық жоспарларының іс-шаралары, сондай-ақ Министрлік басшылығы бекіткен іс-шаралар жоспарлары.

97. Министрлікке Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары орындауға келіп түскен кезде Министрдің шешімімен оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары бекітіледі. Бұл ретте орындаушыда осы тапсырмаға қатысты барлық құжаттар қамтылған арнайы жинақтау папкасы жасалады.

98. Қазақстан Республикасы Президентінің орындау мерзімі алты айдан астам актілері мен тапсырмаларын орындау екі және одан көп мемлекеттік органға жүктелген, сондай-ақ қандай да бір саладағы/ортадағы/өңірде кешенді және ведомстволық сипаты бар тәсілдерін, нормалар мен қағидалардың жаңаларын қалыптастыруға және іске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған жағдайда Президент Әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындаудың тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлейді.

Министрлік орындаушы мемлекеттік орган ретінде осы Тұжырымдаманың негізінде, оны бекіткеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (бұдан әрі – Жол картасын) әзірлейді.

Жол картасында орындау мерзімдері айқындалып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындаудың нысаналы және сапалық-сандық көрсеткіштері көрсетіліп, Министрлік пен бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың іс-қимыл жасау тәртібі қамтылады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің іске асырылуы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын актілері мен тапсырмалары бойынша Жол картасы әзірленбейді.

Жол картасын Президент Әкімшілігімен, сондай-ақ Жол картасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттіктерін қозғаған жағдайларда Премьер-Министрмен (оның міндеттерін атқарушы адаммен) немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адаммен келісілгеннен кейін Министр бекітеді.

Жол картасы қабылданған жағдайда Министрліктің осы Регламентің 81-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарларын бекітуі талап етілмейді.

Тұжырымдама мен Жол картасын жасау тәртібі мен оның мазмұнына қойылатын талаптарды Президент Әкімшілігі айқындайды.

99. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды орындау мерзімі олар Министрлікке түскен күнінен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.

100. Үкімет отырыстарының хаттамаларында және Президентте, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларындағы хаттамалық тапсырмалардың орындалу мерзімі отырыс (кеңес) өткен күннен бастап есептеледі.

Отырысқа (кеңеске) қатысқан Министрліктің басшылығы отырыстан (кеңестен) кейін дереу, отырыс (кеңес) хаттамасы немесе Қазақстан Республикасы Президентінің қол қойылған тапсырмасы түскенін күтпестен, тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.

101. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларында көрсетілген мерзімде қамтамасыз етіледі.

Егер «Бақылауға алынды» деген мөртабаны бар тапсырмаларда мерзімі көрсетілмесе, онда олар Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігінің атына ақпарат енгізіле отырып, бір ай мерзімде орындалады. Өзге жағдайларда ақпарат Президент Әкімшілігінің қосымша сауалына сәйкес белгіленген тәртіпте ұсынылады.

102. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары, егер Президент өзгеше белгілемесе, тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде орындалуға тиіс.

103. Егер Министрлік ақпаратты жинақтау және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыну үшін жауапты болып табылған жағдайда, онда бақылаудағы құжаттар белгіленген бақылау мерзімдері мен белгілері ескеріле отырып, мынадай мерзімдерде орындалуға тиіс:

1) шұғыл - «өте шұғыл» деген белгісі барлары үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жылдамдатылсын» - он жұмыс күніне дейін;

2) қысқа мерзімді - он жұмыс күнінен бір айға дейін;

3) орта мерзімді – бір айдан алты айға дейін;

4) ұзақ мерзімді - алты айдан астам.

Егер Министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкімет пен Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы болып табылса, онда ол актілер мен тапсырмаларды орындаған кезде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға:

1) «өте шұғыл» деген белгісі бар шұғыл бақылауға қойылғандары туралы тапсырма түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жылдамдатылсын» белгісі барлары туралы - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, үш жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) қысқа мерзімді бақылауға қойылғандары туралы, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

3) орта мерзімді бақылауға қойылғандары туралы, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, ол үшін белгіленген орындалу мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей;

4) ұзақ мерзімді бақылауға қойылғандары туралы, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, ол үшін белгіленген орындалу мерзіміне дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей өз ұсыныстарын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар форматында Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жібереді.

104. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді қамтиды.

105. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен белгіленген нысан бойынша және мерзімде беріледі.

106. Министрлікте бақылаудағы құжаттарды бақылауға қою және оны бақылаудан алу, орындалу мерзімін ұзарту нормативтік құқықтық актілерге және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

107. Егер Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, онда Министрдің қолы қойылған, ал егер Үкіметтің өкілеттігі қозғалған жағдайда - Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігіне дәлел келтірілген негіздемемен хат енгізіледі. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, Министрліктің, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты саяси мемлекеттік қызметшілері және ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетіледі.

108. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және/немесе тапсырмалары тармақтарының орындалу мерзімін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде бір реттен асырмай жол беріледі.

109. Актілер және/немесе тапсырмалар тармақтарының мерзімін қайта ұзартуға айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша, Министрліктің саяси мемлекеттік қызметшілерін және лауазымды адамдарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарай отырып, жол беріледі.

Орындалу мерзімі үш айдан асатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының мерзімін қайта ұзарту туралы ұсынысты Министрлік, ал егер Үкіметтің өкілеттігі қозғалған жағдайда - Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін, Президент Әкімшілігіне орындалу мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.

110. Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және/немесе тапсырмалары тармақтарының орындалу мерзімін ұзарту туралы екі реттен артық ұсыныс енгізілген жағдайда Министрді жазалау туралы мәселе қаралады.

111. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларының орындалу мерзімін ұзартуды және бақылаудан алуды тек Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.

112. Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін:

1) олардың толық және сапалы орындалуы;

2) туындаған объективті жағдайларға орай орындаудың мүмкін еместігі;

3) бұрын берілген тапсырманы қамтитын (қайталайтын) Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа тапсырмасы негіз болып табылады.

113. Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін, Президент Әкімшілігіне орындаудың нәтижелерін не туындаған объективті жағдайларға орай оны орындаудың мүмкін еместігін көрсетіп Министрдің қолы қойылған хат енгізіледі.

114. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын бақылаудан алуды Министрліктің ұсынысымен, ал егер Үкіметтің өкілеттігі қозғалған жағдайда - Премьер-Министрмен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдарының бұрыштамасымен ресімделген оның келісімі не қол қойылған Заңның, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметтің қабылданған актісі негізінде Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе Президент Әкімшілігі Басшысы уәкілеттік берген орынбасары жүзеге асырады.

115. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе Президент Әкімшілігі Басшысының ол уәкілетті берген орынбасары бақылаудан алғаннан кейін ғана Министрлікте бақылаудан алынады.

116. Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің орындалу мерзімін Премьер-Министр не нақты актінің орындалуын бақылау жүктелген оның орынбасары және Кеңсе Басшысы Министрдің белгіленген тәртіппен енгізілген жазбаша қолдаухаты негізінде ұзартуы мүмкін. Орындалу мерзімін қайталап ұзартуға ерекше жағдайларда жол беріледі.

117. Егер Мемлекет Басшысының, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының актілері мен тапсырмаларын Министрлік бірлесіп орындаушы ретінде белгіленген мерзімде жиынтықты жүзеге асырушы мемлекеттік органға өзінің ұсыныстарын бермеген жағдайда, Министрліктің жауапты азаматтары орындау мерзімінің бұзылуына жауапты болады.

118. Президенттің және Президент Әкімшілігі басшылығының бақылаудағы тапсырмалары оларға Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының қарарларымен бірге, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, Президент және/немесе Президент Әкімшілігінің басшылығы тапсырған күннен бастап 20 күн мерзімнен кешіктірмей орындалады.

119. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, тапсырма берілген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей, ал «шұғыл» немесе «жеделдетіңіз» деген белгі болған кезде 10 күн мерзімде орындалады.

Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының Парламент депутаттарының сауалдарына жауаптар және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылардың жобаларын дайындау туралы тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, сауал және заң жобасы Кеңседе тіркелген күннен бастап тиісінше 20 күн мерзімнен кешіктірмей орындалады.

Егер тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаса, Министр кешіктірілуінің себептері туралы хабарлауға және белгіленген тәртіппен оның орындалу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауға тиіс. Тапсырманың орындалу мерзімін қайтадан ұзартуға ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының қатарында «(жинақтау)» белгісі қойылған орган жауапты болып табылады. Ол бірлесіп орындаушылармен келісілгеннен кейін орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсынысты енгізуге құқылы.

Белгіленген орындау мерзімін ауыстыру туралы қайта берілген ұсыныстарды Министрлік Премьер-Министр Кеңсесіне жазалау туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, орындаудың ұзартылған мерзімін бұзуға жол берген лауазымды адамдарға қолданылған тәртіптік жауапкершілік шаралары туралы ақпараты бірге енгізеді.

120. Жауаптар жобаларын Президент Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Үкіметке енгізген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актілері бойынша нөмірге, күні мен тапсырманың нақты тармағына) сілтеме жасалады. Қаулылар мен өкімдердің жобаларын енгізген кезде де осындай тәртіп, бұл ретте егер тапсырма болмаса, бастамашылық тәртіппен енгізіледі, бұл туралы ілеспе хатта сілтеме жасалады.

121. Бақылаудағы, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың Премьер-Министрдің Кеңсесіне жіберетін олардың орындалуы туралы есептерде белгіленген орындалу мерзіміне сәйкес міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:

1) егер объективті себептермен тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаса, жаңа нақты мерзімін көрсете отырып не орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;

2) егер тапсырма толық көлемде орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтініш;

3) егер тиісті актімен немесе тапсырмамен мерзімді ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат беру тәртібімен енгізіліп отырғаны туралы жазба.

122. Іс-шаралар жоспарларының және Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмаларының, оның ішінде хаттамалық тапсырмаларының нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін:

1) тиісті қаулының немесе өкімнің қабылдануы;

2) ақпараттар (есептер), ұсыныстар енгізу және Үкіметтің, Премьер-Министр Кеңсесінің басшыларының тиісті қарары негіз болады.

123. Министрліктің бақылау жүйесін мыналар құрады:

Министр – Министрлікке жалпы басшылық етеді және Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, басқа да бақылаудағы құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

Жауапты хатшы – Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, Министрдің тапсырмаларының орындалуына және орындаушылық тәртіптің сақталуына бақылауды ұйымдастырады, бақылаудағы құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуы мақсатында Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз етеді, Министрдің және Қазақстан Республикасы Президенті алдында аппарат жұмысының ұйымдастырылуы, қызметкерлердің еңбек және орындаушылық тәртібі үшін дербес жауапты болады;

вице-министрлер – жетекшілік ететін бағыттағы жұмыс бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да жоғары тұрған органдардың актілері мен тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары – өздері басқаратын бөлімшелерде құжаттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, бақылаудағы құжаттарды орындау мерзімдерінің бұзылуына немесе бақылаудағы құжаттардың сапасыз орындалуына жол берген өз қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді, Министрліктің басшылығы алдында оларға сеніп тапсырылған Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы үшін дербес жауапкершілікте болады;

Министрліктің Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің басшысы – құжаттардың уақытылы тіркелуін және бақылауға алынуын қамтамасыз етеді, Министрлік басшылығының қарарын ескере отырып, олардың орындау мерзімдерін белгілейді, Министрліктегі орындаушылық тәртіптің жай-күйіне мониторинг жүргізеді, бақылаудағы құжаттардың тізбелерін және оларды орындау мерзімдерінің келгендігі жөніндегі ескертулерді (апта сайын) тарату арқылы Министрліктің басшылығын келіп түскен бақылауға алынатын тапсырмалар мен оларды орындау мерзімдері туралы хабардар етеді, Министрліктің іс-қағаздарды жүргізуге және ішкі бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді; Министрліктің іс-қағаздарының ұйымдастырылуына және құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмысы үшін дербес жауапкершілікте болады; өз функцияларын тиімсіз жүзеге асыратын Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, сондай-ақ бақылаудағы тапсырмалардың мерзімін өткізуге жол берген немесе сапасыз орындаған Министрліктің қызметкерлерін жауапқа тарту туралы Министірлік басшылығына өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізеді.

Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі – бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзімі мен жылжуына, Министрліктегі орындаушылық тәртіптің жай-күйіне бақылауды, құжаттарды тіркеуді, бақылауға алуды, орындалған құжаттарды бақылаудан шығаруды, бақылаудағы тапсырмалар тізбесін дайындауды және Министрліктің басшылығы мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне олардың орындалу мерзімдері туралы ескертулерді жолдауды жүзеге асырады; құжаттардың дұрыс бақылауға қойылуы және бақылаудан шығарылуы, бақылаудағы құжаттарды орындау мерзімдерінің белгіленуі мен орындау мерзімдерінің ауыстырылуы үшін жауапты болады.

Министрлік ведомствоға бағынысты ұйымдар мен лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, басқа да бақылаудағы құжаттарды орындауына бақылауды жүзеге асырады.

124. Бақылаудағы құжаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Министрліктің іс-жүргізу нұсқаулығында бақылаудағы құжаттардың Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде өтуінің мерзімдері мен тәртібі, сондай-ақ бақылаудағы құжаттарды орындау үшін әзірленген құжаттарды Министрлік басшылығына міндеттердің бөлінуіне сәйкес қол қоюға немесе бұрыштама қоюға тапсыру тәртібі көрсетіледі.

125. Мемлекеттік органдардың атына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылаудағы тапсырмалары туралы ескерту МО ИП-та электрондық құжаттар нысанында ескертпелерді қалыптастыру және орналастыру көмегімен орындалады.

126. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің бақылаудағы құжаттарды орындау үшін әзірлеген құжаттарының жобалары Министрлік басшылығына міндеттердің бөлінуіне сәйкес оны орындау мерзімінің аяқталуына дейін кемінде үш жұмыс күні қалғанда, ал Министрге – оны орындау мерзімінің аяқталуына дейін кемінде екі жұмыс күні қалғанда бұрыштама қоюға беріледі.

Орындау мерзімдері бестен он жұмыс күніне дейін бақылаудағы құжаттарды орындау үшін әзірленген құжаттар Министрлік басшылығына міндеттерінің бөлінуіне сәйкес бұрыштама қоюға және Министрге қол қоюға орындау мерзімінің аяқталуына дейін кемінде бір жұмыс күні қалғанда беріледі.

Орындау мерзімі бес жұмыс күніне дейінгі бақылаудағы құжаттарды орындау үшін әзірленген құжаттар Министрліктің басшылығына міндеттердің бөлінуіне сәйкес бұрыштама қоюға және Министрге қол қоюға дайын болған сәтте дереу беріледі және оларды аталған лауазымды адамдар кезектен тыс тәртіппен кідіртпей қарайды.

Министрлік Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерін және тапсырмаларын бірлесіп орындаушы болып табылған жағдайда, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оған белгіленген орындалу мерзімі аяқталғанға дейін үш күннен кешіктірмей, ал орындалу мерзімі бес күннен аз тапсырмалар бойынша тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсыныстарды жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өз ұсыныстарын енгізуге міндетті.

127. Министрліктегі хат-хабарлардың өтуімен байланысты рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында оның ресми Веб-сайтында мынадай ақпарат орналастырылады:

құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің Министрліктегі құжаттардың орындалу және өту мерзімдеріне жауапты қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, тікелей телефоны;

Министрліктегі құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, тікелей телефоны;

Министрлікте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылатын сенім телефонының нөмірі;

Министрлік басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі;

заңнамаға сәйкес өзге де ақпарат.

128. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселелер жарты жылда кемінде бір рет Министрліктің алқа отырыстарында және аппараттық кеңестерінде қаралады.

129. Министрлік бақылаудағы, оның ішінде құпия құжаттардың Премьер-Министрдің Кеңсесіне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-күніне атқарушылық тәртіптің жай-күйі және бақылау құжаттарының орындалу мерзімін бұзуға немесе олардың сапасыз орындалуына кінәлі нақты лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты және жаза туралы бұйрықтың көшірмесімен қоса береді.
13. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және

Министрлікте азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру
130. Министрлікте азаматтардың өтініштерін қарау және азаматтарды қабылдау Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарына және «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

14. Министрлік аппаратының жұмыс тәртібі
131. Министрліктің аппаратында жұмыс күнінің сегіз сағаттық ұзақтығымен жұмыстың басталуы 9 сағат 00 минут, жұмыстың аяқталуы 18 сағат 30 минут деп белгіленген. Түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30 дейін.

132. Жауапты хатшы, вице-министрлер, Департамент директорлары Министрдің қабылдау бөлмесінің маманын өздерінің жұмыс орнында болмауының (30 минуттан артық) себептері мен уақыты туралы хабардар етеді.

Министрліктің басқа қызметкерлерінің уақытша болмауын тіркеуді жұмыс уақыты есебінің табелін жүргізетін адам жүзеге асырады.

Жұмыста жоқ адамдар туралы мәліметтер Персоналды басқару басқармасына күн сайын сағат 10-ға дейін ұсынылып отырады.

133. Мереке күндері Министрдің қабылдау бөлмесінде кезекшілік ұйымдастырылады.

Демалыс және мереке күндері кезекшілікке шыққан жағдайда, қызметкердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, кемінде екі есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі.



Кезекшілікті басқарма бастықтары, департамент директорлары, Комитет төрағаларының орынбасарлары мен Комитеттердің төрағасы лауазымдарындағы қызметкерлер құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісілген кесте бойынша жүзеге асырады және оны Ішкі әкімшілік департаменті бақылайды.
______________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет