Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»



Дата22.02.2016
өлшемі106 Kb.
#32
түріРегламент




Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2012 жылғы «___» _____ № _____

қаулысына

1-қосымша



«Спорт құрылыстарына санаттар беру»

мемлекеттік қызметінің регламенті

1.Негізгі ұғымдар

Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру» регламентінде (бұдан әрі – Регламент) келесі ұғымдар қолданылады:

1) тұтынушы - жеке және заңды тұлға;

2) уәкілетті орган- Оңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы.


2.Жалпы ережелер
2. Осы Регламент Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 3-бабының 3-тармағы 1-4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету регламенті - мемлекеттік қызмет стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсетуінің тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.

Мемлекеттік қызмет регламенті мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың әрекетінің (өзара әрекетінің) сипаттамасын да белгілейді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетуді уәкілетті орган Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырады (бұдан әрі - Орталық).

4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабының 17) тармақшасы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы және «Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі №02-02-18/59 бұйрығы, «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №981 қаулысы негізінде ұсынылады (бұдан әрі - Стандарт).

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште стандарттың 4-қосымшасына сәйкес спорт ғимаратына паспорттың үлгілік нысанында көрсетілген санатты беру не болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысандағы дәлелді жауап болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша, мемлекеттік қызметті көрсету барысы туралы ақпаратты Стандарттың 2 және 3-қосымшаларында мекен-жайлары көрсетілген Орталықтан немесе уәкілетті органнан алуға болады. Жұмыс кестесі Стандарттың 9-тармағында қарастырылған.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында қарастырылған.

9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

10. Тұтынушыдан мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті алған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін тапсырған сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы Орталыққа өтініш тапсырады;

2) Орталық инспекторы құжаттарды тіркеп және Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторына жолдайды, Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жолдайды.

Орталықтан уәкілетті органға жолданған құжаттар пакетінің жөнелтілуі, мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі құжаттар қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін штрихкодты сканерде белгіленеді;

3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері ХҚКО АЖ-де, егер уәкілетті органның өз ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда құжаттарды тіркейді және басшының қарауына жолдайды;

4) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарап, жауапты орындаушыны анықтайды;

5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы Орталықтан келген өтінішті қарап, дәлелді бас тарту туралы жауап жазады немесе хабарламаны ресімдейді де уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды;

6) уәкілетті органның басшысы хабарламаға немесе дәлелді бас тартуға қол қояды да, уәкілетті органның кеңсесіне жолдайды;

7) уәкілетті органның кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа жолдап, ХҚКО АЖ-де, егер уәкілетті органның өз ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда құжаттарды тіркейді;

8) Орталық мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін уәкілетті органнан алғанда, келіп түскен құжаттарға штрихкодты сканердің көмегімен белгі соғады.

Орталық тұтынушыға хабарламаны немесе дәлелді жауапты ұсынады.

13. Орталықта және уәкілетті органда мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалар санының ең төмен саны бір қызметкерді құрайды.


4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінінің сипаттамасы
14. Орталықта құжаттарды қабылдау стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекен-жайлар бойынша «терезелердің» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

Орталыққа құжаттарды өткізген соң тұтынушыға құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі, онда:

өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;

     сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;

     қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

құжаттарды беру мерзімі, уақыты және орны;

орталықтың мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдаған жауапты инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – ҚФБ):

1) Орталық инспекторы;

2) Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы;

3) уәкілетті органның кеңсесі;

4) уәкілетті органның басшылығы;

5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.

17. Әрбір әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімі көрсетілген әр ҚФБ реттілігін және әкімшілік әрекеттердің (рәсімдерді) сипаттамасының мәтіндік кестесі осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

18. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы әкімшілік әрекеттер мен ҚФБ логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.




5. Мемлекеттік қызметтерді көресететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
19. Мемлекеттік қызметті көрсетуге уәкілетті органның басшысы және Орталықтың басшысы (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) жауапты болып табылады.

Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген мерзімде жүзеге асырылуына жауапты болады.

«Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызметінің регламентіне

1-қосымша


Әкімшілік әрекеттердің (ресімдердің) қарым-қатынасы және реттілік сипаттамасы
1-кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы


Негізгі үдеріс әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

Әрекеттің (барысының, жұмыс ағыны) реттік №

1

2

3


ҚФБ атауы

Орталықтың инспекторы

Жинақтау бөлімінің инспекторы

Жинақтау бөлімінің инспекторы

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің,

операцияның) атауы және оның сипаттамасы



Құжаттарды қабылдау

Журналға қол қою, құжат жинау

Тізілімді жасап, құжатты жөнелту

Аяқтау нысаны (деректер, құжат,
ұйымдық-
өкімдік шешім)

Журналға тіркеу және қол хат беру

Жинақтау бөліміне құжат жинау

Уәкілетті органға құжат жіберу

Орындау мерзімдері

30 минут

Күніне 2 рет

Күніне екі реттен кем емес




Негізгі үдеріс әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

Әрекеттің (барысының, жұмыс ағыны) реттік №

4

5

6


ҚФБ атауы

Уәкілетті органның кеңсе қызметкері

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің,

операцияның) атауы және оның сипаттамасы



құжат қабылдау және тіркеу

Құжатпен танысып, уәкілетті органның жауапты орындаушысын тағайындау

Құжаттардың толықтығын тексеріп, дәлелді бас тарту немесе хабарлама беру

Аяқтау нысаны (деректер, құжат,
ұйымдық-
өкімдік шешім)

Басшының алдына бұрыштама қоюға құжаттарды жолдау

Бұрыштама қойып, уәкілетті органның жауапты орындаушысына жолдау

Уәкілетті органның құжаттарын тапсыру

Орындау мерзімдері

1 сағат

1 сағат

7 жұмыс күн ішінде



Әрекеттің (барысының, жұмыс ағыны) реттік №

7

8

9


ҚФБ атауы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Орталықтың инспекторы

Әрекеттің (үдерістің, рәсімнің,

операцияның) атауы және оның сипаттамасы



Хат-хабарламалармен танысу

Паспортты кітапқа тіркеу тіркеу, бұйрық көшірмесін беру немесе Орталыққа дәлелді бас тарту беру


Дәлелді бас тарту немесе бұйрық көшірмесін беру

Аяқтау нысаны (деректер, құжат,
ұйымдық-
өкімдік шешім)

Құжатқа қол қою

Орталыққа паспортты немесе дәлелді бас тарту жіберу


Тұтынушыға бұйрық көшірмесін бергені немесе дәлелді бас тартқаны жөнінде қол хат беру


Орындау мерзімдері

30 минут

Жұмыс күн ішінде

Жұмыс күн ішінде

2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.




КФБ 1-топ
Орталық инспекторы

КФБ 2-топ
Уәкілетті органныңжауапты орындаушысы

КФБ 3-топ
Уәкілетті органның басшысы

№ 1-әрекет

Құжат қабылдау,

қолхат беру, арызды тіркеу, уәкілетті органға жіберу


№ 2-әрекет

Арызды орталықтан немесе тұтынушыдан қабылдау, тіркеу арызды уәклетті басшысына жіберу



№ 3-әрекет

Жауапты орындаушыны тағайындап, бұрыштама қою






№ 4-әрекет

Арызды қарау, дайындау



№ 5-әрекет

Қорытындыға қол қою






№ 6-әрекет ХҚКО АЖ-де тіркейді







№ 7-әрекет

Бұйрық көшірмесін Орталыққа беру






№ 8-әрекет

Бұйрық көшірмесін Орталықта тұтынушыға беру









3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Балама үдеріс




КФБ 1-топ
Орталық инспекторы

КФБ 2-топ
Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

КФБ 3-топ
Уәкілетті органның басшысы

№1-әрекет

Құжат қабылдау,

қолхат беру, арызды тіркеу, уәкілетті органға құжаттарды жіберу


№ 2-әрекет

Арызды орталықтан немесе тұтынушыдан қабылдау, тіркеу, уәкілетті органның басшысына жолдау



№ 3-әрекет

Орындау үшін уәкілетті органның жауапты орындаушысын тағайындап, бұрыштама қою






№ 4-әрекет

Арызды қарау. Дәлелді бас тартуды дайындау



№ 5-әрекет

Дәлелді бас тартуға қол қою






№ 6-әрекет

Дәлелді бас тартуды орталыққа беру






№ 7-әрекет

Дәлелді бас тартуды Орталықта тұтынушыға беру








«Спорт құрылыстарына санаттар беру» мемлекеттік қызметінің регламентіне

4-қосымша

Әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызбалар






Уәкілетті органның қызметкері ХҚКО АЖ-де белгілеп (егер өзінің ақпарттық жүйесінде болмаған жағдайда) және келіп түскен құжаттарды тіркеп басшының қарауына ұсынады.

(1 сағат)




Орталықтың инспекторы құжаттарды қабылдап, тіркеп жинақтау бөліміне жолдайды. Жинақтау бөлімінің инспекторы уәкілетті органғажолдайды.

Құжаттардың уәкілетті органға жіберілуі ХҚКО АЖ-де тіркеледі

(бір күн ішінде)


Басшы бұрыштама қойып, жауапты орындаушыға жолдайды

(1 сағат)





Жауапты орындаушы бұйрықтың көшірмесін немесе дәлелді бас тартуды дайындайды

(5 жұмыс күн ішінде)




Тұтынушы




Сканермен штрихкод арқылы ХҚКО АЖ-де орталыққа келіп түскен құжаттар белгіленеді.

Орталық тұтынушыға бұйрық көшірмелерін береді немесе дәлелді бас тарқаны жөнінде хабарлайлы.

(бір күн ішінде)

Кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі нәтижесін Орталыққа жолдайды, ХҚКО АЖ-де белгілейді (егер өзінің ақпарттық жүйесінде болмаған жағдайда)

(бір күн ішінде)







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет