көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды жүзеге асырып, тіркеп және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды
құжаттармен танысады, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына
жібереді
машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізіп, мөртабанымен куәландырылған тіркеу құжатында (техникалық паспортта) «Ақаусыз» не «Ақаулы» деп жазады
инженер-инспектор-дың машинаны тех-никалық байқаудан өткізу күнін, орны мен уақытын көрсете отырып, жыл сайын-ғы мемлекеттік тех-никалық байқаудан өткізуге дайын екендігі туралы хабарлама.
Шартты белгілері:
ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік.
ҚФБ-1 - көрсетілетін қызметті алушы;
ҚФБ-2 - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
ҚФБ-3 - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
ҚФБ-4 - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
ҚФБ-5 - портал;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;
- операцияны таңдау ;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
2015 жылғы «__»_________№ _____ Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
«Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механиздеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
Регламенті
-
Жалпы ережелер
-
«Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-3/421 «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу тізілімінен қағаз нысанындағы үзінді көшірмесі;
2) портал арқылы уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме болып табылады.
Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға(бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме:
1) ХҚО арқылы – стандарттың қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) портал арқылы - стандарттағы қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтініш
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс - қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
ХҚО жүгінген жағдайда;
1) ХҚО маманы 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды (бұдан әрі - құжат) қабылдауды жүзеге асырады, тіркейді,
2) ХҚО маманы 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы электрондық құжат нысанындағы жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме алып береді;
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс - қимылының) нәтижесі:
1) ХҚО маманы көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдайды;
2) ХҚО маманы 30 (отыз) минут ішінде портал арқылы электрондық құжат нысанындағы жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу тізілімінен үзінді көшірме алып береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
ХҚО маманы;
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН немесе БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;
2) 1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталға ЖСН немесе БСН және парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – порталда ЖСН немесе БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің дұрыстығы тексеріледі;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде кемшіліктердің болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушы осы регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, экранға қызметті көрсетуге арналған сұраныс нысаны шығады және көрсетілетін қызметті алушы нысанды оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескере отырып толтырады (мәліметтерді енгізеді), сұрау салу нысанына қажетті құжаттардың электрондық түрдегі көшірмесін жалғайды, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушы сұранысты куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдайды;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінінде жоқтығы, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігі (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН аралығындағы) тексеріледі;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастырылады;
8) 5-процесс - көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжат (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы электрондық үкіметінің аумақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) жолданады;
9) 3-шарт - көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы жалғаған қызметті көрсетуге негіз болатын құжаттардың сәйкестігін тексереді;
10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастырылады;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алады. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-ын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
9. Портал арқылы мемлекетік қызмет көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес диаграммада көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі стандарттың 3- тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
«Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге,
монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жүріп өту
мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Портал арқылы мемлекетік қызмет көрсету кезінде қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдарының диаграммасы
Портал АЖ
Портал
1-процесс
3-процесс
5-процесс 5
7-процесс
2-процесс
4-процесс
6-процесс
Көрсетілетін қызметті алушы
Шартты белгілер:
Бастапқы хабарлама
Процесс
Ақпараттық жүйе
Шарт
Қате
Аяқтаушы қарапайым оқиға
Аяқтаушы хабарлама
Басқару ағыны
Хабарлау ағыны
Соңғы пайдаланушыға жеткізілетін электрондық құжат
«Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-ші қосымша
«Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механиздеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну»
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, тіркейді және портал арқылы жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу тізілімінен электрондық құжат нысанындағы үзінді көшірмені қағаз түрінде береді
Шартты белгілері:
ҚФБ - құрылымдық - функционалдық бірлік;
ҚФБ-1 - көрсетілетін қызметті алушы;
ҚФБ-2 - ХҚО маманы;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
Достарыңызбен бөлісу: |