Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет28/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Қатысушының аты-жөні: Тлекберген Ақниет Ермұратқызы 
Жетекшісінің аты-жөні: Какимова Əдемі Рысбекова 
Тəуелсіздік - бабалар аңсауы, еліміздің сан ғасырлар бойы армандап, ұрпақтың қолы 
жеткен киелі кезең. Қазақ елі үшін тəуелсіздік жарқын болашақтың таңын аттырып
еркіндік пен теңдіктің есігін айқара ашты. ХХІ ғасырдың ұлы жетістігі-қазақ халқы үшін 
егемендік алып, көк туымыз желбіреп, ата-бабаларымыз армандаған тəуелсіздікке қол 
жеткізуіміз. Тəуелсіздік жарқын күндердің дара жолы, халқымыздың қол жеткізген асқақ 
арманы, сан ғасырлық күресінің нəтижесі, егемендігіміздің тізгіні. Халқының өмірін 
өрістетіп, керегесін кеңейткен тарихи оқиғалардың түп-тамыры-оның тəуелсіздікке жету 
жолындағы күресінің нəтижесі деп білемін. Ата-бабаларымыздың азаттық жолындағы ерен 
ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсап жеткен елімді 
мақтаныш етемін. Осы кезге дейін еліміз талай белестерден өтті, талай қиыншылықтарды 
еңсерді, күрмеуі қиын мəселелердің шешімін тауып, еркіндік жолына қадам басты. Осы бір 
қиын жолды кешіп өтерде өмір мен өлім сынға түскен сəттерде аз болған жоқ. Бірақ бірлік 
пен қайсарлықты айқындар ұлы істер бұл жолды жарқын болашаққа бастап, тəуелсіздік 
тұғырына жеткізді. Айта берсе жалғаса берер еліміздің асыл ұландары, рухты 
батырларымыз бен зиялы тұлғаларымыздың ерен ерлігінің, ұлтжандылығының арқасы деп 
білемін. Міне, биыл еліміздің тəуелсіздік бесігінде тербелгелі 32жыл болды. Осы жылдың 
ішінде мемлекетіміз етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел 
болып, көптеген жетістіктерге жетті.1991жылы 16 желтоқсанда тəуелсіздік алған еліміздің 
өз мəдениеті, ұлты мен ұлысы, салт-дəстүрі, ұлттық құндылықтары қалыптасты. Жəне де 
еліміздің əсем мекендері, сұлу табиғаты, жұпар ауасы, тарихқа толы қалалары бəрі еліміздің 
баға жетпес байлығы əрі əлем жұртының көз тіге қарайтын, саяхаттап келетін туристік 
мекенге айналды. Осыған байланысты елімізде туризм саласы өте қарқынды дамып келеді. 
Бұл мемлекетіміздің ең басты жетістіктерінің бірі. Жалпы тəуелсіздікке қол жеткізгелі 
еліміздің қол жеткізген жетістіктері аз емес. Мысалы, 2017 жылы Астана қаласында 
ЭКСПО-2017 көрмесі өтті. Оны тамашалауға əлемнің түкпір түкпірінен қаншама ұлт 
өкілдері келді. Мінеки, еліміздің қаншалықты өркендеуінің, дамығандығын осыдан-ақ
көруге болады. Біздің бүгінге дейінгі барлық жетістіктеріміз - тəуелсіздіктің арқасы. 
Осындай ынтымағы жарасқан, тату, берекелі елде тұру мен үшін үлкен бақыт. Астанадай 
елордасы жайнап, білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Жас 
мемлекет тарихындағы жаңа дəуір дəл осы тəуелсіздіктен бастау алғанын мақтанышпен 
айтсам артық болмас. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі көпұлтты Қазақстан халқының 
жарастығы мен ынтымақтастығы мемлекет басындағы саяси тұлғалардың жүргізіп отырған 
көреген саясатының жемісі деп білемін. Еліміздің ертеңгі болашағы біздің қолымызда. 
Елдің елдігін сақтау, өркендету біздің парызымыз. 
Сөзімді қорытындылай келсем, Мағжан Жұмабаев «Арыстандай айбатты, 
жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін» деп сенім артып 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 28 - 
кеткен атамыздың сенімін аяқасты етпей, ақтауымыз керек деп айтқым келеді. 
Мемлекетіміздің болашағы үшін дəл қазірден біз келер ұрпақ сапалы білім алып, өз өзімізді 
жоғары дəрежеде дамытып, білімді де, білікті маман иесі болып, мемлекетіміздің дамуына 
барынша күш салуымыз керек. Елін сүйетін əр жастың бойындағы ерік-жігері, күш-қуаты 
еліміздің қарыштап дамуына, гүлденуіне қызмет етуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет