Республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы «Тəуелсіздік – тұғырым»



Pdf көрінісі
бет24/77
Дата23.05.2024
өлшемі2.87 Mb.
#501729
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   77
Эссе жинағы Тәуелсіздік- тұғырым

Тəуелсіздік – тұғырым 
Қатысушының аты-жөні: Сутеева Гульсезым 
Жетекшісінің аты-жөні: Ижекенова Мирамгүл Мұқанбетқалиқызы 
Тəуелсіздік - бабалар аңсауы. Тəуелсіздік - қасиетті де құдіретті ұғым. Тəуелсіздік 
тұңғиығында ата -бабаларымыздың азаттық жолындағы күресі жатыр. Тəуелсіздік ащы 
термен келген тəтті жеміс. 1991 жылы тəуелсіздік алғаннан бері еліміз өз шекарасын 
бекітіп, дербес, егеменді ел болып қалыптасты. Бүгінде еліміздің өз басшысы, салт -дəстүрі, 
тілі мен мəдениеті, экономикасы бар.
Биыл тəуелсіздігімізді алғанымызға 32 жыл толды. Тəуелсіздік алған күніміз 16 
желтоқсан. Бұл - қасиетті, ерекше күн. Ғасырлар бойы халық аңсаған еркіндік, тарихымыз 
бен дініміз қалайша қасиетті болмайды?! Тəуелсіздік үшін күрес қаншалықты қасиетті 
болса, сол күресте ерлік көрсеткен қаһарман батырларымыздың есімдері де қасиетті. 
Мен өз отаныммен, тəуелсіздігіммен мақтанамын. «Туған жер - тұғырың, туған ел -
қыдырың» - дейді дана халқымыз. Тарих қойнауына көз жүгіртсек, халқымыз тəуелсіздік 
алғанға дейін көп қиындықты бастан кешірді. 1923-1933 жылы халық қолдан жасалған 
отаршылдыққа тап болып, 1936-1937 жылы оқымысты, зиялы қауымын сыпырып əкетіп,
атты. 1940 жылдан 1950 жылға дейін қазақтың жері атом сынағы полигонына айналды. 
Міне, тарихқа көз жүгіртіп, тəуелсіздік бізге оңайлықпен келмегенін ұқтық. Осындай 
алапат сойқандарды бастан кешіп, алған тəуелсіздігіміз -байлығымыз. 
Біз - тəуелсіздік алған, демократтық бағыт ұстанған елміз. Талай елдің қысымын 
көріп, отаршылдыққа тап болған еліміз үшін - тəуелсіздік таптырмас бақыт.
Мен - жаңа ғасырдың ұрпағы ретінде тəуелсіз елдің іргетасын қалап, өз тілім мен 
дəстүріме берік болып, отанымның өркендеуіне күш-жігерімді саламын. Өйткені, 


«Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау ұйымы
- 25 - 
тəуелсіздік алғаннан кейін еліміз бір жерде тұрмай, алға жүруі керек. Ал осы тəуелсіздікті 
сақтап, баянды болу үшін біз жауаптымыз.
Ел тыныштығын нығайту, экономиканы дамыту, Қазақстан азаматтарының 
денсаулығы тəуелсіздігіміздің басты көрсеткіші. Тəуелсіздіктің құны мен қадірін азаматтық 
сана, патриоттық жүрекпен түсінуіміз керек. Сондықтан біз ұлттық достығымызды
бірлігімізді сақтайық! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет