416
кездеседі, ал ҧлдарда кешірек басталады. Армандаған жарыңның кейіпін
махаббат туралы кітаптардан, фильмдерден,
суреттен, сырт келбеттің жарқын
белгілері арқылы ӛз идеалын жасап алуынан келіп шығатыны да сирек емес.
Бірақ ӛмірде жҧртың барлығына бірдей хас сҧлулар мен ержҥрек батырлар
жолыға бермейді. Ӛз болашағын елестетін терең ойланып саралаған сайын,
адам жар таңдау кӛп қасиеттер мен белгілерге қарайтыны, бірақ солардың
арасында адамгершілік рухани саналардың, рухани кӛзқарас пен ӛмірлік
ҧстаным мақсаттарының ортақтығының бірінші орында тҧруы керектігін
кӛбірек аңғарады. Адамның ішкі қасиеттерін қҧрметтеп және ӛз сезімдерінің
мен қалаулыңа деген кӛзқарасыңды дҧрыс саралай білу, сыртқы сҧлулыққа
еліктеуден туындаған ҥстірт қҧмарлық пен жалған сезімді нағыз махаббат екен
деп ойлап қалмау керектігін аңғартады.
Отбасылық ӛмірге дайындық ӛз отауыңды қҧруға кіріскен жӛн бе? Жоқ,
әлде еретерек пе? Деп әуелі ӛзіңмен-ӛзіңнің
ойланып-толғанып, одан соң
сырлас досыңмен әңгімелесуден кӛрінеді.
Егер албырт сезімді жас адамадар бір-біріне сенбесе, бір сәттік ҧрыс-
керісте бір-бірін ӛкпелетіп, тілдеп жатса, сол сияқты екеуінің біреуіне
ҧшқалақтық мінез тән болып немесе біреуінің сҥйікті адамының абырой,
намысын қорғауға батылы жетпесе, мҧндай жар таңдауды сәтті деу екі талай
болады. Егер бірін-бірі сҥйген адамдар ӛздерінің отбасында қалай болары,
ӛздері бірлесе және әрқайсысының жеке-жеке немен шҧғылданары, бір-біріне
қалай кӛмектесуі,
неше балаларының болары, ӛздерінің жас отбасының
материалдық негізін қалай қҧру керектігі жӛнініде нақтылы талқыласа, одан
романтикалық сезімге еш нҧқсан келмейді.
Жастарды отбасылық ӛмірге дайындау жалпы мемлекеттік маңызы бар
әлеуметтік мәселе болып отыр. Ӛскелең буынның от анасы мен отағасы болып
тәрбиеленіп қалыптасуна қара шаңырақтың және оның маңындағы адамдардың
ықпалы ӛте зор. Ӛйткені, ―отбасы – шағын мемлекет‖ деген аталы сӛз бар.
Алдын-ала ойланып, дайындану барысында студенттер немесе жастар
отбасылық ӛмір, оның мәні, жауапкершілігі жайлы мәліметтерді ала отырып, ӛн
бойында белгілі бір тҥсінік, бағыт-бағдар қалыптастырады. Отбасы іргетасы
неғҧрлым сыйластықпен, ынтымақтастықпен, сенімділіктермен берік болып
қалануы – соғҧрлым қоғамның, ал қоғам ӛз кезегінде –
елдігінің,
халықтығының іргелілігін танытады.
Жастар ата-анасының отбасында әлеуметтендіру ҥдерісінде қолдауды
іздейді және болашақ отбасыларын гуманистік және моральдық қағидалар
негізінде қҧруға дайын, бірақ сонымен бірге олар психологиялық білім мен
дағдылардың жетіспеушілігін сезінеді. Отбасылық ӛмірге жастардың дайындығын
қалыптастыру мәселесінің кӛптеген аспектілерінің арасында бҧл жҧмыс қазіргі
қоғамдағы отбасының және некедің әлеуметтік рӛлін дҧрыс тҥсінуді, азаматтық
қҧқықтық хабардар болуды кӛздейді. Сондықтан, жастарды отбасылық ӛмірге
мақсатты тҥрде даярлау қажеттілігі туындайды. Бҧл тҧрғыдан неке-отбасылық
қарым-қатынастарды одан әрі дамытушы, сондай-ақ, тҧлғаның
жан-жақты және
ҥйлесімді дамуына, еркек пен әйелдің арасындағы отбасылық ӛмірге қатысты
дҧрыс емес кӛзқарастарды жеңуге ықпал етеді. [5; 128].
417
Мҧғалімдер мен психологтар жас ҧрпақтың отбасылық ӛмірге дайындығы
оны дамытудың барлық сатыларында жҥзеге асырылуы керек және
тәрбиелеудің жалпы мәселелерінен ажырамайды деп кӛрсетеді. Жеке тҧлға
ӛмірдің бір бӛлігімен ғана қалыптаспайды және белгілі бір білімнің
жетіспеушілігі салдарынан оның нәтижелерін басқасына бҧрмалай алады. Сол
себепті де жеке ӛмірді отбасылық ӛмірге, ӛндірістік қызметке, қоғамдық ӛмірде
белсенді ҧстаным кӛрсетуге дайындау мҥмкін емес. Отбасы - адамның
моральдық және психикалық мағынасын қалыптастыратын негізгі және
әлеуметтік негіз. Отбасындағы психологиялық климат, оның мҥшелері
арасындағы қарым-қатынас адамның ӛндірістік қызметіне, әлеуметтік
міндеттерді орындауға, кез-келген жастағы шығармашылық мҥмкіндіктерін
дамытуға тікелей әсер етеді. [6. с.164].
Некеге тҧру арқылы ҥлкен болашақтың бастауын ӛз қолымызбен
жинақтай келе отбасы дейтін алтын мекенімізі қалыптастырамыз. Ата-
анамыздан
алған тәрбиемізді, мейір махаббатымызды балаларымызға беруге
тырысамыз. Отбасы бізді сҥйіспеншілікті сезінуге, жақсылыққа бастау алып
еңбектенуге, білім алуға, ҥлкендерді қҧрметтеуге, кішілерге қамқор болуға
тәрбиелейді. Осындай отбасылық қҧндылықтары бар болашағы ҥлкен отбасы
қалыптастыруымыз ҥшін ӛзімізге де қоғам жастарына да дҧрыс бағыт-бағдар
тура жол қажет. Отбасының бір тірегі ана, бір тірегі әке демекші отбасын
қҧруға ниеттеніп, армандап, жоспарлап жҥрген жастарға неке ҧғымының мән-
мағынасын, қадір қасиетімен қоса ҧғынумен қатар, ӛз
сыңарын байыппен
таңдауға кеңес береміз. Неке туралы сӛйлескенде, некедегі одаққа шығу ниеті
және оның дайындалу дәрежесі сол ҧғымдардан алыс екенін ҧмытпаған жӛн.
Психологтардың пікірінше, некеге тҧру ҥшін адамның моральдық-
психологиялық дайындығы бҥкіл жиынтығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: