Республикасы



бет8/60
Дата10.06.2022
өлшемі2.91 Mb.
#459133
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
tutorial 498

ГПС/МӨқҚ

Өртке қарсы мемлекеттік қызмет

НГПС/МеӨқҚ

Өртке қарсы мемлекеттік емес қызмет

ОФП/ӨҚФ

Өрттің қауіпті факторы

ППБ/ӨҚЕ

Өрт қауіпсіздік ережелері

СН/ҚҚ

Құрылыс қалыптары

СП/ҚЕ

Құрылыс ережелері

ТР/ТР

Техникалық регламент

НТП/ҚТН

Қалыптық техникалық нұсқаулық

ТП/ТЖҚ

Технологиялық жобалау қалыптары

ГОСТ/МемСТ

Құрылымтағы мемлекетаралық стандарт

СТ РК/ҚР ҰС

Қазақстан Республикасы Құрылым саласының ұлттық стандарты

ЛВЖ/ЖТС

Жеңіл тұтанушы сұйықтық

ГЖ/ЖС

Жанғыш сұйықтық

ПУЭ/ЭОЕ

Электрқондырғы орнату ережесі

ПВПО/ЖӨҚК

Жарылысөрт әрі өрт қауіп көрсеткіштері

АУПТ/ӨСАҚ

Өртсөндіру автоматтық қондырғысы
    1. Жану туындау шарттары және өрттің топтастырылуы


Өрт сөндіру қызметтерінің кәсіби қызметі пәні ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру болып табылады.


Өрт – адам өмiрi мен денсаулығына қатер төндіретін, зиян келтiретiн, жеке және заңды тұлға, қоғам мен мемлекет мүддеciне материалдық нұқсан келтiретiн бақылаусыз жану [1].
Заңнамада «өрт» термині, ең алдымен, бақыланбайтын жану ретінде түсіндіріледі, яғни, жылумен бірге жүретін заттектің тотығуының физикалық химиялық үрдісі. Алайда, бұл жанудың салдары әлеуметтік сипатта болады, өйткені қауіп туындайды және адам өмірі мен денсаулығына зиян келеді.
Сонымен қатар, өрт жеке және заңды тұлғаларға материалдық шығын келтірумен байланысты экономикалық компонентпен сипатталады. Өрттер аумақтық және аймақтық масштабтарға (орман, дала) ұласып, қоғам мен мемлекет мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін (экологиялық салдар). Осы тұрғыдан алғанда өртті жағымсыз әлеуметтік құбылыс деп санауға болады.
Өрттің пайда болуы үшін жанғыш зат, тотықтырғыш және жану көзі болуы мүмкін, оны кейде «от үшбұрышы» деп те атайды (1.1-сурет).




Жану көзі Жанғыш зат Тотықтырғыш (оттегі)
1.1-сурет. Өрт туындау салдары (өрт үшбұрышы)


Жану көзі - жанғыш затқа және тотықтырғышқа термиялық әсер етуші құрал, жанғыш затты тұтатуға жеткілікті қуат, температура және әсер ету уақыты бар.
Кейбір жағдайда бірдей жылу көзі тұтану көзі болуы мүмкін (мысалы, жанып тұрған сіріңке қағаз парағын оңай тұтатады), ал басқа жағдайда ол мүмкін емес (мысалы, ағаш бөренені сіріңке жандырмайды).
Шығу табиғаты бойынша тұтану көздері бес түрге жіктеледі (1.3-
кесте).


1.3-кесте. Жану көздерінің жіктелуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет