116
отырып өнімді сақтау мен сату саясатын оңтайландыру есебін шешу керек. Бұл
мәселе бір қарағанда жеңіл болып көрінгенімен, өте күрделі мәселе болып
саналады. Себебі өнімді жинау кезеңі аралығындағы уақытта өнім бағасы
тұрақты болмайды, ол үнемі құбылып тұрады.
6. Басшылар мен қатардағы қызметшілер
тәртібі этикасын көтеру
мақсатында келесі шаралар мен әдістерді пайдалануға болады: этика
кодекстері; «Этика карталары»; этика жөніндегі комитеттер; әлеуметтік
тексерістерге іс қимылдың әлеуметтік ықпалы мен ұйым бағдарламасын
бағалап, есеп беру; этика тәртібіне оқыту;
этикалық сараптау; этикалық
консультация.
7. Іскерлік субъектілердің инновациялық қызмет қатынастарын жетілдіру
мақсатында алдыңғы қатарлы жоғарғы технологиялық, ішкі және сыртқы
нарықта бәсекелі импоттың орнын басатын, экспортқа бағытталған өнімді
шығаратын өндірістерді қолдау және оны ынталандыру.
8. Іскерлік субъектілердің өндірген тауар бәсекелестігін
бағалау іскерлік
қатынастарды жетілдіруге бағытталған. Өйткені, нарықтық қатынастар
жағдайында тек тауар (қызмет) бәсекелестігін арттыру арқылы ғана еңбек
нәтижесінің жоғары деңгейіне қол жеткізуге болады.
Осы аталған шараларды жүзеге асыру елімізде шағын бизнестің дамуына
алғышарт болуы тиіс. Ал Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің дамуы ел
экономикасының дамуы ғана емес, жалпы халықтың әлеуметтік жағдайының да
жақсаруына өз үлесін қосары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: