20
бамбук, зығыр және қарасора) пайдаланылады. Қарасора сабанынан діңшені
бөлмей, 70 %
шығымы бар целлюлозаны, баспаға және орауға
пайдаланылатын қағазды алуға болады.
Қарасораның ұзын талшығынан алынатын целлюлоза арнайы жоғары
сапалы ақ қағазды өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Сондықтан
талшықты
материалдарға, әсіресе, қарасорадан жасалған ағартылған ұзын
талшықты целлюлозаға сұраныс пен қатар оны өндіру көлемі ұлғаюда.
Соңғы
онжылдықта
ұзын
талшықты
целлюлозадан
басқа
микроцеллюлоза да сұранысқа ие болады,таяу онжылдықта осы
технологияны пайдаланатын жаңа целлюлоза
комбинаттарын іске қосу
экономикалық тұрғыдан орынды. Бір комбинаттың үздіксіз жұмыс істеуі
үшін (жылына 20 мың тоннадан кем емес целлюлоза) одан 10
мың гектар
сабан және 3 мың гектар қарасора талшығын ала отырып, 7-10 мың гектар
егіс алқабының болуы жеткілікті.
Соңғы жылдары тінді дақылдар институтының ғылыми қызметкерлері,
Украина аграрлық ғылымдар академиясы құрамында психоактивті заттар
жоқ, қоғамға әлеуметтік қауіп төндірмейтін, қарасора сорттарын жасады.
Қарасораның бұл жаңа түрлері целлюлоза өндірісіне қажет шикізат ретінде
зертханалық және тәжірибелік жағдайларда тексерістен өтті [3].
Сонымен
қатар, қарасораны өсіру мен жинау бойынша инновациялық технологиялар
әзірленді.
Қарасоралы шикізат ағаштан алынатын целлюлозаға балама бола
алады. Қазіргі уақытта өндірісте топырақты қайта қалпына келтіретін
өсімдіктерге деген,
соның ішінде қарасора да бар, қызығушылықтың артуы
байқалып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: